РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТАНЫМДЫҚ ПОРТАЛЫ
Адам қоғам құқық
28 қаңтар 2017
237
0

Тарих және құқық негіздері пәні мұғалімдерінің аудандық олимпиадасы

Маңғыстау облысы,

Бейнеу ауданы,           

 «Ақжігіт  орта  мектебі» ММ

Азизаева Карлыгаш Куандыковна

І санатты тарих пәні мұғалім

 

№1

Адам. Қоғам.Құқық Адам. Қоғам.Құқық

Тарих  және  құқық  негіздері  пәні мұғалімдерінің  аудандық  олимпиадасы

Ашық  сабақ

Сыныбы: 9

Сабақтың  тақырыбы: §7 Ұжымдағы  адам.

Сабақтың  мақсаты: Білімділік: Қарым – қатынас  ұғымымен  таныстыру, адамдар  

                                                     арасындағы   ақпарат алмасудың  мәнін  түсіндіру, қарым –

                                                     қатынас  мәдениеті  және   этикеті,ұжымдық   қарым –

                                                     қатынас  үрдісіндегі  демократиялық, сыпайылық, әдептілік 

                                                     ұстанымдарымен   таныстыру;

 

                                   Дамытушылық: Адамдар  арасындағы   қатынастардың 

                                                           маңыздылығы  негізінде  индивидтің    

                                                          әлеуметтену  үдерісін  жеделдету;

 

                                  Тәрбиелік:       Оқушыларды  қарым - қат–нас  мәдениетіне,

                                                         ұжымда  өзін – өзі ұстауға, сыпайылыққа                

                                                        тәрбиелеу;

 

Көрнекілік  құралдар: Сызба, кестелер, интербелсенді  тақта,  суреттер, слайдтар

Сабақтың  түрі:       Аралас  сабақ

Сабақтың  әдістері: Баяндау, безендірумен  түсіндіру  және  оқушылардың  өзіндік 

                                  жұмысы, сұрақ – жауап

Сабақтың  барысы: І Ұйымдастыру

1.Оқушылармен амандасу,  түгендеу

ІІ. Үй  тапсырмасын  сұрау

1.Қарым – қатынас

2.Қарым – қатынастың  жақтары

3.Қарым – қатынастың  түрлері

4.Қарым – қатынастың формалары

Кесте  арқылы

ІІІ. Үй  тапсырмасын  қорытындылау

ІҮ. Жаңа  сабақ

Жоспар:

1.Еңбек  ұжымы

2.Қарым – қатынас  мәдениеті  және  этикет

3.Ұжымдық  қарым – қатынас  үрдісіндегі  демократиялық

4.Ұжымдағы адамдардың  ынтымақтастығының  өндіріс  үрдісіне  әсері

5.Қарым – қатынастағы  сыпайылық, әдептілік  ұстанымдары

6.Сөйлеу мәдениеті

Интербелсенді  тақтадан кесте, сызбалар  арқылы  сабақты  жоспар   бойынша  түсіндіру.

Еңбек  ұжымы – адамдардың  екінші  үйі. Адамның  тағдыры, негізінен, ұжымдағы  қызметіне, кәсіпқой  ретінде  орнығуына, қоғамдық  қызмет  үрдісінде  функциялық  міндетін  атқаруына, өзін  ұстай  білуіне  тәуелді. Қарым – қатынас – адамдардың  өзара  әрекеттесу  формасы, өзара  ақпарат  алмасу  және  эмоциялық  қатынас  актісі. Мазмұны  жағынан  ол  ресми  немесе  ерікті (бейресми) түрде  болуы  мүмкін.  Қарым – қатынастағы  демократиялық  деп  қоғамда  алатын  орны   мен  еріктік  қатынастары  тұрғысынан  алғанда  тең  бола  алмайтын  адамдардың   қауышу  үрдісіндегі  теңдіктің  қамтамасыз  етілуін  айтамыз. Қазіргі  замандағы  менеджмент  адамдар  ұжымының  өндірістік   қызметінің  алға  басуына  қажетті  үш  шартты  атайды.Біріншісі – ирархия, екіншісі – қаражат,  үшіншісі – қарым – қатынас  мәдениеті. Осы  үш  фактордың  бірі  болмаған  жағдайда, ешқандай  материалдық  немесе  моральдық  игілікке  қол  жеткізу  мүмкін  емес.  Тілдік  белгілеріне  қарай  қарым – қатынас  вербальды  және  вербальды  емес  болып  бөлінеді. Адамның  белгілі  бір  тілді  қолданып  қарым – қатынасқа  түсуі  вербальды, ал  түрлі  белгілерді,символдарды, сызбаларды  қолдана  пікірлесу  вербалды  емес  қарым – қатынасқа  жатады. Сөйлеу  мәдениеті  дегеніміз – қоғамдық  даму  үрдісінде  қалыптасқан  әдеби  тілдің  ауызша  және  жазбаша  нормаларын  меңгеріп, дидарласудың  түрлі  жағдайларында  сөз  қолданудың  мақсаттары  мен  мазмұнын  іріктей  ала  отырып,  ойды  тиянақты  жеткізу  ережелерінің  жиынтығы.

Ү.Бекіту.

«Ойлан  тап»

1.Ту.

1.Қарым – қатынастағы  демократиялық

2.Қазіргі  заманы  мәдениет  адамдар  ұжымның  өндірістік  қызметінің  алға  басуына  қажетті  үш  шартты  ата.

2.Елтаңба

1.Тілдік  белгілеріне  қарай  қарым – қатынас  қандай  түрлерге  бөлінеді?

2.Сөйлеу  мәдениеті  дегеніміз  не?

  1. Қазақстан картасы
  2. Қарым – қатынас түрлері

2.Қарым – қатынас  формалары

2.В.Ф. Ряховскийдің  психологиялық   тестісі  оқушылардың  айналадағы  адамдармен  тіл  табысуға қаншалықты  епті  екендігін  анықтауға  көмектеседі,  ол  үшін  әрқайсысы  16  сұраққа  жауап  беруі  қажет.  Сұрақтарға  «иа»,  «жоқ»,  «кейде»  деген  бір  сөзбен  жауап  беруі  керек.

  1. «Ой елегінен өткіз»

Берілген  тапсырмадан  артық  сөз,  ұғымдарды  сызып,  қателерді  түзе.

1.Қызмет  бабында  бірдей  лауазымды  жұмыстар  атқаратын  адамдар-инженер мен 

   инженер,  директор  мен  мұғалім,  ғылыми  қызметкер  мен  ғылыми  қызметкер,  дәрігер 

   мен  дәрігер,  әке  мен  бала.

2.Еріктік  қатынастар  тұрғысынан  алғанда  тең  бола  алмайтын  адамдар  арасындағы 

   қарым-қатынас  үдерісінде  теңсіздіктер  болып  отырады.  Басшы  қызметкерге,  профессор 

   студентке,  апасы  сіңілісіне,  директор  директорға,  дәрігер  дәрігерге  еріктік  тұтқаны 

   пайдаланып  қысым  жасауы  мүмкін.

ҮІ.Үйге  тапсырма  §7  Ұжымдағы  адам.

Оқулықтағы  мәтінді  талдау.

Сұрақтар  мен  тапсырмаларды  орындау.

ҮІІ.Оқушыларды  бағалау.

 

Мақаламен бөліс

Пікір беру
Пікіріңіз:
Полужирный Наклонный текст Подчёркнутый текст Зачёркнутый текст | Выравнивание по левому краю По центру Выравнивание по правому краю | Вставка смайликов Вставка ссылкиВставка защищённой ссылки Выбор цвета | Скрытый текст Вставка цитаты Преобразовать выбранный текст из транслитерации в кириллицу Вставка спойлера
Суреттегіні еңгізіңіз:*
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив