РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТАНЫМДЫҚ ПОРТАЛЫ
Адам қоғам құқық / Тарих
14 ақпан 2017
377
0

Қоғам және адам хақында қазақ ойшылдарының топшылаулары

Оңтүстік Қазақстан облысы Отырар ауданы

Д.Құрманбек атындағы №20 колледжінің тарих пәнінің магистранты

Айгүл   Әбдешбек  Балтабекқызы

                        Сабақтың тақырыбы: Қоғам және адам хақында қазақ ойшылдарының топшылаулары

Сабақтың мақсаты: 

  1. Білімділік: Студенттерді ізденіске жетелеу, оқығанын талдап, мәнін аша бөлуге үйрету. Студенттің өзіндік пікірінің қалыптасуына ықпал жасау, ой қорыта білуге аз сөзбен түйіндеуге дағдыландыру
  2. Тәрбиелігі: Адамдық асыл қасиеттерге ұмтылуға ізгілікке имандылыққа тірбиелеу. Ұлы ойшылдардың насихат сөздеріндегі өмірлік тағылымдарының мағынасын ашып, бүгінгі өмірге байланыстылығын жете түсіндіру.Адами қасиеттерді бойына сіңіре білуге дағдыландыру
  3. Дамытушылық. Студенттердің жеке тұлға болып қалыптасуына ықпал жасау. Танымдық ойлау қабілетін дамыту. Философиялық көзқарасын қалыптастыруға баулу.
  4. Сабақтың түрі:  Ізденіс

Сабақтың әдісі: Интерактивті,топтық жұмыс, сұрақ-жауап, пікір алысу, ауызша баяндау,     ой-тұжырым.

Сабақтың көрнекілігі:  Қазақ ойшылдарының бейне суреттері мен дәйекті сөздері.( слайд негізінде)  

Пәнаралық байланыс: Тарих, әлеуметтану,әдебиет

Сабықтың барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңі

       Оқытушы :Бүгінгі сабағымызды Әл- Фарабидің «Өткенді білмей –қазіргі жағдайды білу,келешекті болжау қиын» деген сөзімен байланыстырайық.Сабағымыздың тақырыбы «Қоғам және адам хақында қазақ ойшылдарының топшылаулары» деп аталады.Бұл тақырыпқа байланысты  көптеген мәліметтер,деректер , еңбектер берілген.Осы орайда ойымызды бір жүйеге келтіруі ,жинақтау мақсатында сіздерге алдын-ала тапсырмалар берілген.Ендеше, тапсырмалардың орындалу барысына тоқталайық.

 Топты 3-ке бөлеміз.Топ тақырыптары белгіленеді.

Жоспары: І. Ежелгі дүние ойшылдары

                   ІІ. Орта ғасыр ойшылдары

                   ІІІ. Жаңа ғасыр ойшылдары

 

Ежелгі дүние ойшылдары :    Ежелгі аңыздар ойшылдары.  Шығыс ойшылдары .        Грек ойшылдары.

Орта ғасыр ойшылдары :     Қорқыт ата   ,  Ахмет Иүгінеки,   Үйсін Төле би                                  

     Жүсіп Баласағұн ,  Қ.А.Яссауи, Қаз дауысты Қазыбек  би ,Әл—Фараби                  М.Х.Дулати    ,Алшын Әйтеке би .                                          

Жаңа ғасыр ойшылдары  :                                                                                                Ы.Алтынсарин ,   Ш. Уалиханов , А.Байтұрсынов,  А.Құнанбаев,                                                                                                           С.Торайғыров,  М.Жұмабаев т.б.

І-топ студенттері:          Адам, қоғам табиғат туралы ойлар алғашқы кезде аңыз арқылы таралды. Онда жаратушы бар деп есептеді. Аңызда әлем, жер, су, елді мекен, ру - тайпа, жеке адамның өмірі көптеп кездеседі.
       Қытай философы Конфуций (б. з. д 551 - 479ж ) адамдар арасында гуманизм, мейірімділік, үстемдік құруы керек. Күнделікті өмірде өзгелерге көмек көрсету, алға қойған мақсатқа өз күшіңмен жету, өзіңе тілемегенді өзгеге тілеме қағидалары салтанат құрсын. Мемлекет – үлкен отбасы. Оның басқарушысы - Аспан, халықтың ата – анасы сияқты.
       Мемлекетті басқарушы адамдардың бойында философтық, әдебиеттің, ғылымның және әкімнің қасиеттерінің бәрі болуы тиіс.
          Антикалық пікірдің салиқалы ойларын айтқандар - Сократ, Демокрит, Платон, Аристотель, Эпикур.
Платон - мемлекетті парасатты, білімді адамдар басқаруы керек дейді. Адамдардың бірлесіп өмір сүруін мемлекет дейді.Платон ( б. з. д 428 - 347 ж ) 30-дан астам философиялық еңбектің авторы. «Парменид»
«Мемлекет» « Мемлекет пен отбасының айырмашылығы жоқ, екіншісі біріншісінің құрамына еніп кеткен» - дейді.
Антикалық дәуірдің ұлы ойшылы – Аристотель. Ол адамның ақылы мен парасатын жоғары күш деп бағалаған. Ой мен даналық жоғары текті адамға тән. Құлдар төменгі сұрыпты адамдар. Қоғамның толық мүшесі емес.
Өйткені адамдар табиғатынан солай, бірі билеу үшін, ал екіншісі бағыну үшін жаралған. Аристотель(б. з. д 384 - 322ж ) грек философы, энциклопедист ғалым. Платонның шәкірті. «Мета физика» « Саясат» атты еңбектері бар.

ІІ-топ студенттері:
      Қорқыт ата - VІІІ ғ өмір сүрген оғыз - қыпшақ елінің философы. Мәңгілік өмір және өлім философиясын жасаушы. Негізгі шығармасы «Қорқыт ата кітабы».
     Әл-Фараби  "Бақытқа жол сілтеу" трактатында ұлы ұстаз о дүниенің баянсыз бақыты туралы емес, тірі адамның шынайы өміріндегі бақыты туралы сөз қозғайды. Әл-Фарабидің этикалық көз-қарасты танытатын тағы бір шығармасы — "Қайырымды қала тұрғындарының көз-қарасы". Онда философ полистің тұрғындары бақытты болуы үшін оны жақсы әкім басқаруы керек деп ұғады. Жақсы әкім сипаттамасы мынадай: әділ, инабатты, мейірімді, жан-жақты білімді, жақсылыққа жаны құмар, батыл, жомарт жан. Жеке адамның бақыты жалпы қоғам бақытына ұласады деп есептеген.

     Жүсіп Баласағұни — данышпан, ойшыл, философ. Оның адамгершілік ұстанымдарын, түркілер дәуірінің талап-тілектері тұрғысына жататын "Құтты білік" поэмасының басты идеясы деген. Біріншісі — мемлекетті дұрыс, әділеттік ұстанымы; екіншісі — бақ қонсын деген тілек; үшіншісі — ақыл; ал төртіншісі — қанағат-ынсап мәселесі.

ІІІ-топ студенттері:

       ХV-ХVIII ғ.ғ. философиялық ой - толғамдар негізінен жыраулық түрде дамыды. Қазақ халқының ақын-жырауларының ішінен Сыпыра жырауды, Қазтуған, Доспамбет, Шалкиіз, Марғасқа, Ақтамберді, Бұқар жырауларды атауға болады. Қазақ халқының тарихында XIX ғасыр ерекше орын алады. Бұл ғасыр қазақ мәдениетінде «ағартушылық философия» деп аталады. Қазақ ағартушылық философиясының көрнекті өкілдері: Ш.Уалиханов, Ы.Алтынсарин, А.Құнанбаев. «Қазақтардағы шамандықтың қалдығы», «Сахарадағы мұсылмандық жөнінде», «Тәңір (құдай)» деген еңбектерінде философияның негізгі мәселесіне қатысты пікірлер айтадыА.Құнанбаев (1845-1904) қазақ ағартушылығында, қазақ халқының бүкіл ұлағатты мәдениеті тарихында үлкен орын алған ұлы ақын, ойшыл. Оның шығармашылық мұрасы өлең, дастан, философиялық проза, аудармалар мен әндерден тұрады.. Шәкәрім Құдайбердиев (1858-1931) Шығармалары: «Үш анық», «Мұсылмандық шарты». XXғасырдың басында С.Торайғыров, А.Байтұрсынов, Ж.Аймауытов, М.Жұмабаев, Ә.Бөкейханов, М.Дулатов, т.б. озық ойлы қоғам қайраткерлері саяси сахнаға шығып, ең алдымен «Зар заман» (М.Әуезов) дәуірі өкілдерінің ой-пікірлерін дамытты. Олар өз шығармаларында отаршылдық бұғаудан құтылу, қазақ халқын өз алдына тәуелсіз ел ету, халықтың санасын ояту, надандықтан арылу мәселелерін көтерді.

                            Ізденіс

1.Ежелгі дүние ойшылдарының ой тұжырымы

2.Орта ғасыр ойшылдарының ой толғамы

3.Жаңа ғасыр ойшылдарының ой-тұжырымы

4.Бекіту: Қазақ ойшылдары туралы кесте толтыру.

Қорытынды:Бүгінгі күннің биігінен көз жүгіртер болсақ Қазақстан –Тәуелсіз мемлекеттілігін жариялаумен қатар, осы кезеңде толыққанды  мемлекет болып қалыптасты. Дүниежүзілік  қауымдасдықтан ойып тұрып орын алды. Мемлекет тарихы қай заманда да мемлекетті құрушы жетекші тұлғаның қайраткерлік қызметімен , тиімді атқарған жұмысымен тығыз байланысты.Біз Жалпыұлттық идеямыз-Мәнгілік Елді  басты бағдар етіп ,Тәуелсіздігіміздің даму даңғылын Нұрлы Жолға  айналдырдық.

Үйге тапсырма: «Қазіргі қоғам »   тақырыбында  реферат жазу.

 

 

 

 

 

                                                                  

 

Мақаламен бөліс

Пікір беру
Пікіріңіз:
Полужирный Наклонный текст Подчёркнутый текст Зачёркнутый текст | Выравнивание по левому краю По центру Выравнивание по правому краю | Вставка смайликов Вставка ссылкиВставка защищённой ссылки Выбор цвета | Скрытый текст Вставка цитаты Преобразовать выбранный текст из транслитерации в кириллицу Вставка спойлера
Суреттегіні еңгізіңіз:*
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив