РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТАНЫМДЫҚ ПОРТАЛЫ
Бала бақша
22 қараш 2018
35
0

Суды жақсы көретіндер

Байділда Гүлзада Құлшыққызы

                                                            «Аққайың» бөбекжай-бақшасының тәрбиешісі

                                                                      Ырғыз ауданы

                                                                      Ақтөбе облысы

 

 

Суды жақсы көретіндер

 

Білім беру саласы: Таным.
Бөлімі: Жаратылыстану
Тақырыбы: Суды жақсы көретіндер
Мақсаты: 1.Суда тіршілік ететін жануарлар жайлы түсінік беру, құрлықта және суда тіршілік ететін жануарлардың айырмашылығын үйрету.
2. Жануарлардың аттарын, олардың қорегі және жалпы олардың тіршілігі туралы түсіндіру арқылы зейіндерін дамыту.
3. Табиғатқа қамқорлықпен қарауға баулу.
Қолданылатын көрнекі құралдар: балық, түлкі, түйе, үйрек, қоян, т.б.
Әдіс-тәсілдер:  әңгімелеу, сұрақ-жауап
Билингвальды компонент: балық-рыба, су-вода, түлкі-лиса, үйрек-утка, қоян-заяц.
Оқу іс-әрекетінің кезеңдері Педагогтің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық-қозғаушылық.

 Шаттық шеңбері
Жарық болса күніміз,

Жарқын шығар үніміз.

Біз болашақ гүліміз,

Қайырлы таң,

Қайырлы күн,

Күліп шықты күніміз.

 Балалар шеңбер бойына тұрып, қимылдар жасайды.

Балалар бірі-біріне тілектерін айтады:

Аспанымыз ашық болсын!

Нанымыз көп болсын!

Отбасымыз аман болсын!

Деніміз сау болсын!

Еліміз тыныш болсын!
Ұйымдастырушылық-ізденістік

-Балалар, мен сендерге жұмбақтар жасырамын .
Қанаты бар ұшпайды,
Жұрт айламен ұстайды.
-Дұрыс айтасыңдар, бұл – балық.
Сурет арқылы әңгімелеу.

Суретте табиғат берілген ағаштар,таулар,құм және су. Біздер бүгін суда өмір сүретін жануарлармен танысамыз.

Судың дыбысы естіледі.

Құрлықта өмір сүретін жануарлар түйе- ұзақ уақыт су ішпей жүретін жануар,жылқы,қой,ешкі,сиыр және олардың төлдері.

Суда өмір сүретін жануарлар балық-рыба,бақа-лягушка,жылан-змей,үйрек-утка.Бұл жануарлар су астындағы өсімдектермен қоректенеді, біз оларға жем шашуымызға болады.

-Балалар, сендер өте алғыр екенсіңдер, біз суда мекендейтін жануарлар жайлы көп мағлұмат алдық.
Сергіту сәт
Екі бақа жүгіріп,

Секіреді бақ-бақ,

Ағаштарды аттап,

Олар ерте тұрады,

Беті-қолын жуады,

Оңға-солға шайқалып.

Балалар қимылмен орындайды.
Балық туралы білетін тақпақтарын айтып шығады.

Айша: Бақа, бақа, балпақ,
Басың неге жалпақ?
Темір телпек көп киіп,
Басым содан жалпақ.
Бақа, бақа, балпақ,
Көзің неге тостақ?
Қырдан алыс көп қарап,
Көзім содан тостақ.

Нұрасыл: Достар бірге жүреміз,

Бірге ойнаймыз,күлеміз.

Бірге балық аулаймыз,

Міне біздер қандаймыз!

Әрқашан тілектес,

Досыңа көмектес!

Аяна: Су астында балықтар,

Сазан,шортан,бекіре,

Неше түрлі балық бар,

Шошытасың секірме.

Тыныс алу жаттығуы.Шар үрлеу.
Рефлексиялық-түзетушілік Қорытындылау.
«Топтастыр» ойыны
Мақсаты: суда және құрлықта мекендейтін жануарларды ажырата білуге үйрету.
Шарты: судың суреті тұрған қатардағы қалташаларға суда мекендейтін жануарлардың суретін, ал жердің суреті тұрған қатарға құрлықта мекендейтін жануарлардың суреттерін саламыз.
Балалар педагогтің айтқанын орындайды. Ойынды бар ынтасымен ойнайды.

Сұрақ-жауап.

Балаларды мадақтау.
Күтілетін нәтиже:
орындайды: құрлықта және суда тіршілік ететін жануарларды ажыратуға арналған тапсырманы;
түсінеді: құрлықта және суда тіршілік ететін жануарлардың аттары, олардың қоректері, яғни жалпы тіршілігі туралы мәліметті;
қолданады: сұрақтарға толық жауап бере алу және өз ойларын жеткізе алу, коммуникативтік және ақпараттық талдай білу дағдыларын.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мақаламен бөліс

Пікір беру
Пікіріңіз:
Полужирный Наклонный текст Подчёркнутый текст Зачёркнутый текст | Выравнивание по левому краю По центру Выравнивание по правому краю | Вставка смайликов Вставка ссылкиВставка защищённой ссылки Выбор цвета | Скрытый текст Вставка цитаты Преобразовать выбранный текст из транслитерации в кириллицу Вставка спойлера
Суреттегіні еңгізіңіз:*
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив