РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТАНЫМДЫҚ ПОРТАЛЫ
Дене шынықтыру
18 ақпан 2017
386
0

Спорт өмір көркі

Спорт-өмір көркі

 

Тақырыбы: Спорт –өмір көркі.

 

Мақсаты: Салауатты өмір салтын ұстануға баулу. Спортқа деген қызығушылығын арттыру.

 

Міндеті: Әр түрлі спорттық ойын түрлерімен танысу, тәсілдерін меңгерту; Оқушылардың

икемділігі мен ептіліктерін, мергендік пен шапшаңдылықтарын қабілеттерін дамыту.

 

Түрі: Эстафеталық ойын

 

Өтілетін орны: Спорт зал

 

Көрнекілігі: түрлі-түсті шарлар,кедергілер, доптар, жалаушалар, ысқырық, уақыт өлшегіш

 

Барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі

 

  1. Негізгі бөлім

Құрметті мұғалімдер, оқушылар бүгінгі «Спорт-өмір көркі» сайысына қош келдіңіздер!

Көңілді жарысқа 2-сынып оқушылары қатысады

Жарысқа қатысушыларды ортаға шақырамыз.

Ұстанған салауатты өмір салтын

Жасқанып, ешқашанда мойымайтын,

Болашақ спортшылар келді ортаға

Қол соғып қарсы алайық, қане халқым!

 

Сайысты бастамас бұрын, сайысымызға әділ баға беретін әділқазылар алқасымен таныстырайық.

-Спорттық сайысымыз жоғары ұпайы 5 баллдық жүйемен бағаланады.

 

  1. Кезең. «Секіртпемен секіру». Шарты: Секіртпемен секіріп, тапсырманы орындау.

 

  1. II. кезең. «Аққала»

Шарты:

  1. Үлкен резеңке доптың үстіне отырып секіріп жарысу.
  2. Допты жерге ұрып жүгіру
  3. Футбол добын теуіп бару

III. кезең: «Туннель»

Шарты: Әр топқа матадан жасалған туннель беріледі. Әр ойыншы туннель арасынан өтіп, белгіленген жерге дейін жүгіріп,орнына келеді.

 

  1. кезең: «Шайбалы хоккей»

Шарты: Әр ойыншы шайбаны клюшкамен итеріп кедергілердің арасынан жүгіріп өтеді.

 

  1. Велосепедпен жүріп кедергілердің арасынан өтіп жарысу.

 

  1. VI. кезең. Мергендер. Шарты: Әр ойыншы үрленген шарды атады. Қанша шар жарғаны саналады.

Құрметті сайскерлер! Сіздерге сәт сапар! Сайысымызды бастаймыз.

 

«Алға» тобын ортаға шақырамыз

Топтың ұраны: Спортпенен достас, жалқаулықпен қоштас.

 

«Сұңқар» тобын ортаға шақырамыз

Топтың ұраны: Салауатты өмір салтын сақтаймыз

                             Жаттығудан ешқашанда қашпаймыз

 

 

III. Қорытынды бөлім:

Көрсетті міне өз өнерін балалар,

Сайыстыңда соңы келіп таянар

Жеңімпазды анықтайық қанекей,

Әділқазы сайысты әділ бағалар.-деп , сайысымыздың шарттары бойынша қорытынды шығарып жеңімпаздарды анықтап, марапаттау үшін сөз әділқазыларға берілед.

Спорт-көркі өмірдің,

Спорт-досың, серігің

Жаттықсаң өсіп, толарсың-демекші салауатты өмір салтын ұстанып, спорттық серік етейік!

Мақаламен бөліс

Пікір беру
Пікіріңіз:
Полужирный Наклонный текст Подчёркнутый текст Зачёркнутый текст | Выравнивание по левому краю По центру Выравнивание по правому краю | Вставка смайликов Вставка ссылкиВставка защищённой ссылки Выбор цвета | Скрытый текст Вставка цитаты Преобразовать выбранный текст из транслитерации в кириллицу Вставка спойлера
Суреттегіні еңгізіңіз:*
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив