РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТАНЫМДЫҚ ПОРТАЛЫ
География
12 мам 2017
693
0

"Жас географтар" сайысы

Сабақтың тақырыбы:«Жас географ»сайысы

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі:Бұл сайысты өткізе отырып оқушылардың осы пәннен алған білімдерін сынау, сонымен қатар ойлау,топпен жұмыс жасау дағдыларын қалыптастырып одан әрі білімдерін жетілдіру.

Дамытушылығы: Білім, білік дағдысын арттыру. Оқушылардың ойлау қабілетін, ғылыми көзқарастарын қалыптастырып, ізденушілікке баулып дүниетанымын дамыту.
Тәрбиелілігі:Қоршаған орта табиғатын аялауға, ұжымшылдыққа тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекіліктері: Дүние жүзінің саяси картасы, атлас, кескін карта, интерактивті тақта, Power Point презентациясы.

Оқушылармен амандасып сайыстың ұйымдастыру кезеңімен таныстырады.
1.Сыныпқа оқушылар келіп,екі топқа бөлінеді.
2.Құрылған 2 топ өздерінің топтарының атын және капитандарын таныстырып өтеді.
Сонымен топ мүшелері бүгінгі «Жас географ» атты географиялық сайысымыз бастаймыз. Олай болса оқушылар күрделі де, қызықты география пәнінен алған білімдеріңіз сынаққа салынып, күш сынасасыздар.

Ендеше бүгінгі «Жас географ» атты географиялық сайысымыз 5кезеңнен тұрады.

І тур-Брейн-ринг яғни Не? Қайда? Қашан?

ІІ тур-«Кубизм стратегиясы»

ІІІ тур-«Тапқыр болсаң,тауып көр»

ІV тур-«Карталар әлеміне саяхат»

V тур-«Капитандар сайысы»

Әр тур сайын уақыт беріледі, әрине жылдамдық талап етіледі. Алдарыңыздағы жалаушаларды көріп тұрсыздар тапсырма оқылғаннан кейін жауаптарыңыз дайын болса дереу алдарыңыздағы жалаушаны көтеруге тиіссіздер. Егер жауап дұрыс болмаса 2 - ші топ өз жалаушасын көтеріп жауапты түзетуіне болады.

Олай болса құрметті ұстаздар мен оқушылар 2 топқа сәттілік тілеп, сайысымызды бастайық.
Сонымен I тур -- Брейн - ринг яғни Не? Кайда? Қашан?

1.Жер шарындағы барлық 4 мұхит сулары шайып жатқан материк (Еуразия)
2.Оңтүстік Америка мен Солтүстік Американы бөліп тұрған не?(Панама каналы)
3.Ф.Магеллан жер шарын қашан айналып шықты?(1519 - 1522ж)
4.Азия мен Еуропаны бөліп тұрған таулар(Орал)
5.Қай таудың аты оның мыс рудасына бай екенін көрсетеді(Анд)
6.Оңтүстік Американың байырғы тұрғындары кімдер?(Үндістер)
7.Солтүстік Америка ертедегі қай материктің бөлігі?(Лавразия)
8.Ұлы көлдер қайда орналасқан?(Солтүстік Америкада)
9.Еуразия мен Солтүстік Американы бөліп тұрған бұғаз (Беринг)
10. Қай материк 2 дүние бөлігінен тұрады (Еуразия)

ІІ тур«Кубизм стратегиясы»Сұрақтар сурет арқылы беріледі.

1)Дүниежүзілік мұхиттардың біртұтастығын дәлелдеген және Тынық мұхитын ашқан испан саяхатшысы-Ф.Магеллан

2)Бұл қай елдің туы-Бразилия

3)Бұл-улы өсімдік.Халық емшілері бұл өсімдікті адамның құяның,сегізкөздің жүйке ауруын емдеуге пайдаланған.Мал-дәрігерлік тәжірибеде оның тұнбасымен малдың қышыма қотырын,түрлі тері ауруларын емдейді.Бұл қандай өсімдік?Адыраспан

4)Шахмат ойынның отаны боп саналатын қала-Үндістан

5)Бұл аң Алакөл,Мойынқұм аймақтарында таралған.Өте сымбатты аң,бірақ саны аз қорғауға алынып Қазақстанның қызыл кітабына тіркелген.Бұл қандай аң?Қарақұйрық

6)Дүние жүзіндегі ең лайлы өзен-Хуанхэ

III тур-«Тапқыр болсаң, тауып көр».Конверттің ішіндегі қиындылардан құралған сөздерді тауып құрастыру,және сұраққа жауап беру.

Еуропа тобына келген хат

1.Қазақстан аумағында ірілі-ұсақты қанша мың өзен бар-85мың

  1. Еуразияның солтүстіктегі шеткі нүктесі – Челюскин мүйісі.

3.Қазақстан  жерінің басты ерекшеліктерін ата-жерінің жазық болуы,биік таулармен тауаралық аңғарлармен алмасуы,

Азия  тобына келген хат

1.Қазақстан аумағында ірілі-ұсақты қанша мыңнан астам көлдер  бар-48мың

2.Еуразия материгінің батысындағы шеткі нүктесі - Рока мүйісі.

3.Қазақстанның е мол сулы өзені-Ертіс

IV тур -«Карталар әлеміне саяхат».Әр топ берілген объектілерді картадан тауып, картадан көрсету.

Азия-тобына              Еуропа-тобына

1.Батыс Сібір жазығы                                              1.Үнді Қытай түбегі

2.Гибралтар бұғазы                                                  2.Жапон теңізі

3.Қара теңіз                                                               3.Камчатка түбегі

4.Чукот теңізі                                                            4.Қар теңізі

5.Гоби шөлі                                                               5.Суматра аралы

6.Скандинавия түбегі                                               6.Арабия түбегі

7.Бенгал шығанағы                                                   7.Мексика шығанағы

V тур «Ой шашу»Ойын шарттары:
Адам күніне 13 рет күледі екен, ал әтеш болса алдымен мойнын созбай ақырмайды екен табиғатта осындай қызықтар да бар. Енді ойынымызды бастасақ.

Азия тобына
1 - сұрақ: Тұңғыш рет Беринг бұғазын сипаттаған кім?
Жауабы: В. Беринг
2 - сұрақ: Әлемдегі ең ұзын географиялық атау 84 әріптен тұратын қала?Жаңа Зеландия еліндегі тау төбешігі аталған.Оның мағынасы: «Таматей есімді тізесі ірі келген жігіт төбешіктен тайып жығылады, кейіннен тау жайпауышы аталып кеткен ол төмпешікті жұтып, өзінің сүйіктісіне арнап саз сырнай ойнайды».
3 - сұрақ: Көңіл күйі болмаған адамның бейнесінде қандай материк бейнеленген?
Жауабы: Африка
4- сұрақ: Сіздер бейтаныс жерге кемемен жүзіп келіп, жергілікті адамдармен тілтабыспақшы болып, оларға әртүрлі сұрақтар қоя бастадыңыздар. Ал олар сіздерге«Кенгуру» деген сөзден басқа сөз айтқан жоқ. Сіздер қай жерге келдіңіздер жәнеадамдар не деп жауап берді?
Жауабы: Аустралия материгі. Жергілікте халық тілінде «Кенгуру» сөзі
«түсінбедім» деген мағынаны білдіреді.

5 - сұрақ. Ең ұзақ әнұран мәтіні қай елде? 158 өлең жолынан тұрады? Ол Грекия мемлекетініңкі
Еуропа тобына
1 - сұрақ: Ресейде шаруалар бұл тағамды «шайтанның алмасы» деп атады. Тіпті оны ХІХ ғ оны көбейтуге бүлік те шығарған.Бұл қандай тағам түрі ?
Жауабы: Картоп
2- сұрақ: Орамалды әйел - ана бейнесінде қандай елдер бейнеленген?
Жауабы: Португалия, Испания
3- сұрақ. Ең қысқа әнұран мәтіні бар болғаны 4 жолдан тұрады? Жапония, Иордания, Сан - Марино.
4- сұрақ. Бір ғана мемлекетпен шектесетін немесе бір ғана елдің қоршауындағы ел-Ватикан,Сан-Марино
5 - сұрақ. Адамнан телефоны көп қала - Вашингтон

VІ тур-«Капитандар сайысы».Географиялық нысанның аты аталады, сіздер оның не екенін айтасыздар. Мысалы: Анд – тау.

Азия тобына

1.Сахара(Шөл), 2.АҚШ (мемлекет),3.Гималай(тау),4.Танганика (Көл),5.Амазонка (өзен),6.Отты жер (Арал),7.Гвинея (Шығанақ),8.Скандинавия (Түбек),9.Гибралтар (Бұғаз),10.Суэц (Канал).

 

Еуропа тобына

1.Сомали (Түбек),2.Лондон (Қала),3.Игуасу (Сарқырама),4.Мадагаскар (Арал),5.Багам (Арал),6.Беринг (Бұғаз),7.Үлкен Виктория (Шөл),8.Альпі (Тау),9.Гудзон (Шығанақ),10.Ла-манш (Бұғаз)

 


Осымен «Жас географ» атты сайысымыз аяқталды.Ойынға қатысқандарыңызға рахмет.<!-- [if gte mso 9]>

 

 

Мақаламен бөліс

Пікір беру
Пікіріңіз:
Полужирный Наклонный текст Подчёркнутый текст Зачёркнутый текст | Выравнивание по левому краю По центру Выравнивание по правому краю | Вставка смайликов Вставка ссылкиВставка защищённой ссылки Выбор цвета | Скрытый текст Вставка цитаты Преобразовать выбранный текст из транслитерации в кириллицу Вставка спойлера
Суреттегіні еңгізіңіз:*
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив