РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТАНЫМДЫҚ ПОРТАЛЫ
География
18 мам 2017
527
0

Әдістемелік құрал 6 - сыныптар үшін География пәні мұғалімдеріне арналған көмекші құрал

Ақмола облысы

Бурабай ауданы

№9 мектеп - гимназиясы

 

 

Әдістемелік құрал

 

6 -  сыныптар үшін

 

География пәні мұғалімдеріне

арналған көмекші құрал

  

Авторы: Олжанова А.К

 

Алғы сөз

 

 

   Бұл әдістемелік құралдың құрылу мақсаты – мұғалімнің 6 сыныпта география пәнінен сабақ бере отырып, оқушылардың алған білімдерін өздігінен меңгеру арқылы деңгейлік тапсырмаларды орындау болып табылады.

   Әдістемелік құралының қолдану аясы кең – оны тек 6 сыныпта ғана емес география пәніні оқытылуы кезінде өзге сыныптарда еске түсіру үшін қолданылуына болады.

  

«План және карта» тарауы бойынша әр түрлі деңгейдегі

сұрақтар мен тапсырмалар

 

1 – деңгей

 

  1. Бағдарлау дегеніміз не ?
  1. Масштаб Қазақстанның физикалық картасында ірі бола ма, әлде жергілікті жердің планында ірі бола ма ?
  1. Градус торы дегеніміз не ?
  1. Қазақстанның физикалық картасынан өздеріңнің елді мекендеріңнің географиялық координатталарын анықтаңдар.
  1. Мына аталған нысандарды шартты белгілермен сызып көрсетіңдер: бұта, жыра, шалғын, соқпақ жол, жеміс бағы, қара жол, өзен солтүстік – шығыстан оңтүстік батысқа қарай ағып жатыр, онда ағаш көпір бар, аралас орман

 

2 – деңгей

 

  1. Географиялық картаның планнан айырмашылығы қандай ?
  1. Тұсбағар арқылы 45, 135, 210, 350 азимуттық бұрыштарды көрсетіңдер.
  1. Абсолют биіктіктің салыстырмалы биіктіктен қандай айырмашылығы бар ? Жергілікті жердің мысалында абсолют биіктікті атаңдар.
  1. Деңгейлегіштің көмегімен елді мекен маңайындағы төбенің биіктігін өлшеңдер. Салыстырмалы биіктігін анықтаңдар.

 

3 – деңгей

  1. Горизанталь сызықтары арқылы биіктігі 25 м төбені кескіндеңдер. Әр горизанталь ара қашықтығы 5 метрден. Төбенің батыс беткейі тік, шығыс беткейі жатық.
  2. Глобусты пайдаланып, Астанадан экваторға және солтүстік полюске дейінгі қашықтықты километр және градус есебімен анықтаңдар.
  3. Масштабына байланысты карталар қаншаға бөлінеді ? Мына көрсетілген масштабта шағын жер қалай бейнеленеді? 1: 1000 немесе 1:1 000 000. Жаубындағы «масштаб» ұғымы арқылы дәлелде.

 

«Литосфера» тақырыбы бойынша әр түрлі деңгейдегі

сұрақтар мен тапсырмалар

 

1 – деңгей

 

  1. Жердің ішкі құрлысының негізіг үш бөлігін атап, сипаттама беріңдер.
  1. Жер қыртысын түзетін тау жыныстар пайда болуына қарай қанша топқа бөлінеді ? Олар туралы не білесіңдер ?
  1. Жер сілкіну дегеніміз не ? Жер сілкінудің себептері. Қандай аймақатарда жер сілкіну жиі байқалады ?

 

2 – деңгей

 

  1. Гейзер дегеніміз не ? Гейзердің ыстық бұлақтан айырмашылығы қандай ? Олар қалай пайда болады ?
  1. Дүние жүзінің қай елдерінде соңғы кезде қатты жер сілкінулер болды ? Олар жер шарының қандай аймақатрында болды ? Қандай қортынды ой айта аласыңдар ? Мысал келтіріңдер.
  1. Таулар қалай пайда болады ? Қатпарылы таулардың қатпарлы-жақпарлы таулардан қандай айырмашылығы бар ? Мысал келтіріңдер.

 

 

3 – деңгей

 

  1. Тау дегеніміз не ? Таудың шыңы, тау жотасы, тау аңғары дегеніміз не ? Анықтама беріңдер. Іле Алатауын мысал ретінде ала отырып, әрбір ұғымды толықтырыңдар.
  1. Сөнген және сөнбеген жанартау туралы не білесіңдер ? Олардың ұқсастығы мен айырмашылықтарын сипаттаңдар. Неліктен Жер шарында әлі де болса жанартау әрекеті бітпей жатыр ?
  1. Материктік қайраң, материктік беткей, су астындағы мұхит жоталары және қазаншұңқырларға сипаттама беріңдер.

 

 


«Атмосфера» тақырыбы бойынша әр түрлі деңгейдегі

сұрақтар мен тапсырмалар

 

1 – деңгей

 

  1. Атмосфера құрлысының схемасын сызып түсіндіріңдер.

 

  1. Атмосфераның құрамы қандай, ол қандай газдардан тұрады ?

 

  1. Ауаны қорғау үшін қандай шаралар жасалып жатыр ?

 

  1. Адам терең шахтаға түскен жағдайда, атмосфералық қысым қалай өзгереді ? Тау етегінде қысым 760 мм, температура 20 гр. С болса, 900 м биіктікте қысым мен температура қандай болады ?

 

 

 

2 – деңгей

 

  1. Тәулік ішінде температура қалай өзгереді ? Оның себебін түсіндіріңдер.

 

 

 

  1. Өздерің тұратын жерде жыл мезгіліне қарай қандай желдер басым болады ? Қай бағытта жел соққанда ауа райы суиды ?
  2. тропосфераның әр түрлі биіктігінде бұлттардың қандай түрлері болады, оларға сипаттама бер.

 

3 - деңгей

 

  1. Бұлттар пайда болуының басты себебі неде ? Өздерің тұратын жерде көктем мен қыста қандай бұлттар басым болады ?

 

  1. Климатты өзгертетін себептерге сипаттама беріңдер. Жер шарының климаты қалай өзгеруі мүмкін ?

 

 

  1. Өздерің тұрған жер қандай күн түсу белдеуінде жатыр ? Жауын – шашын мөлшері қандай ? Климаты қалай аталады ?

 

 

 

 

 

 

 

«Гидросфера» тақырыбы бойынша әр түрлі деңгейдегі

сұрақтар мен тапсырмалар.

 

1 – деңгей

 

  1. Теңіз деп нені атайды ? Теңіздің шығанақтан қандай айырмашылығы бар ? Теңіздің мұхиттан айырмашылығы неде ?

 

  1. Италиядан Индияға баратын қысқа су жолын жарты шарлар картасынан және глобустан көрсет.

 

  1. Өзендер қоректенуінің қандай түрлері болады ? Өздерің тұратын жердің өзендері қалай қоректенеді ?

 

  1. Өзендерді қорғау жөнінде қандай шара қолданылып жүр, тағы қандай шара қолдану керек деп ойлайсың ?

 

 

2 – деңгей

 

  1. Табиғаттағы су айналымының схемасын сыз. «Су тамшыларының саяхаты» атты әңгіме құрастыр. Дүниезілік су айналымының маңызы қандай ?

 

  1. Дүние жүзіндегі ең үлкен және ең терең бұғазды ата. Гибралтар, Беринг, Ла-Манш, Магеллан, Мазамбик бұғаздарының географиялық орындарына сипаттама беріңдер, географиялық координатасын анықтаңдар.

 

  1. Мексика шығанағынан ішінде дымқылданған қағазы бар шөлмек табылған, онда «40 гр. О.е.» деген жазу бар. Мұхиттар картасы бойынша шөлмектің өткен жолын қарап көріңдер. Бұл шөлмек ағыс бойымен тағы қайда барады ?

 

 

3 – деңгей

 

  1. Бұлақтың пайда болу себебін түсіндіріңдер. Өздерің тұратын жерде бұлақ бар ма ? Оның маңайы таза ма? Оны қалай қорғаған дұрысдеп ойлайсыңдар ?

 

  1. Көлдің теңізден айырмашылығы неде ? Өзіңнің таңдауың бойынша бір көл мен бір теңіздің географиялық жағдайына сипаттама бер.

 

  1. Жапония аралдарының маңайында пайда болған цунами Амерка жағалауына қанша сағатта жетеді ?

 

  1. «Гидросфера» тақырыбына сөзжұмбақ құрастырыңдар.

 

Мақаламен бөліс

Пікір беру
Пікіріңіз:
Полужирный Наклонный текст Подчёркнутый текст Зачёркнутый текст | Выравнивание по левому краю По центру Выравнивание по правому краю | Вставка смайликов Вставка ссылкиВставка защищённой ссылки Выбор цвета | Скрытый текст Вставка цитаты Преобразовать выбранный текст из транслитерации в кириллицу Вставка спойлера
Суреттегіні еңгізіңіз:*
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив