РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТАНЫМДЫҚ ПОРТАЛЫ
География
24 ақпан 2018
419
0

Африканың пайдалы қазбалары.(2сағ.(2))

Шымкент №1 саңырау балалардың мектеп-интернатының география пәнінің мұғалімі Қайқыбаева Д.Қ.

 

Сабақтың тақырыбы:  Африканың пайдалы қазбалары.(2сағ.(2))

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі:  Оқушылардың Африканың жер бедері туралы алған білімдерін сұрақтар арқылы тексеріп білу.Африканың пайдалы қазбалары туралы және олардың орналасу заңдылықтары жөнінде білім беру.

Дамытушылығы:  Оқушыларға пайдалы қазбалардың өндірілуі және тиімді пайдалануға, картамен жұмыс жасай отырып, өз ойларына қортынды жасай білуге, суреттер мен тірек-сызбаларды қолдана отырып білімдерін дамыту. Дыбыстарын түзетіп,қадағалап отыру.

Тәрбиелігі: Оқушыларды біліктілікке, эстетикалық талғамға, пайдалы қазбаларды тұрмыс тіршілікте дұрыс пайдалануға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Қорытынды сабақ.

 Сабақтың көрнекілігі: Дүние жүзінің физикалық картасы, Африканың физикалық картасы, пайдалы қазбалардың суреттері.

Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап түрінде,ойын түрінде өткізу.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

- Амандасу.

- Қабылдағышты киіңдер,аппаратты қосыңдар.

-[па-па-па] –Дыбыс бар ма?

[- Қазір қандай сабақ?]

[- Қазір жылдың қай мезгілі? ]

[-Бүгін айдың нешесі?]

[-Бүгін аптаның қай күні?]

[-Бүгін ауа-райы қандай?]

Сөздік жаттығу

Африка –жер шарындағы ең ыстық материк.

ІІ. Өткен сабақты қайталау.

1.Үй тапсырмасын тексеру.

- Өткен сабақтың тақырыбы қандай?

- Үйге қандай тапсырма берілді?

- Үйге тапсырма (кескін картаға Африканың жер бедерін түсіру,сұрақтармен жұмыс жасау)

  1. Сұрақтармен жұмыс.

1.Жер шарында қанша материк бар?

2.Жер шарында қанша мұхит бар?

3.Көлемі жөнінен екінші орын алатын қандай материк?

4.Мадагаскар аралын картадан көрсет.

5.Атлас тауы мен Сомали түбегін картадан көрсет.

6.Ніл өзенін, Конго(Заир) өзендерін картадан көрсет.

 

ІІІ. Жаңа тақырып.

 а) – Бүгінгі сабақтың тақырыбын оқимыз.

Меңгерілетін сөздер: Пайдалы қазбалар-адам өміріне керекті байлықтар, пайдалы қазба түрлері (алтын,алмаз,марганец,уран,темір, мұнай, газ), алмаз-қымбат асыл тас.

   - Балалар,оқулықтың 75-ші бетін ашып, пайдалы қазбаларын басынан соңына дейін оқып шығамыз.

   - Алдымен мені тыңдаңдар.

  Африка пайдалы қазбаларға бай материк.Пайдалы қазба түрлерінен алтын, алмаз,тас көмір, мұнай, газ,темір, марганец , уран кездеседі.

Алмаз - қымбат асыл тас. Алмаздан, алтыннан – әшекей бұйымдар(жүзіктер, алқалар,сырғалар) жасайды.Тас көмірді үйді жылыту үшін пайдаланамыз. Ураннан – жарық аламыз. 

                                  Африка пайдалы қазбалары

      Пайдалы қазбалары

Орналасу жерлері

1.Тас көмір, алтын, алмаз

Оңтүстік Африкада

2.Мұнай, газ

Солтүстік Африкада

3.Темір, марганец

Батыс Африкада

4.Алтын, алмас, марганец , уран

Орталық Африкада

5.Алтын, алмаз, уран

Шығыс  Африкада

 

б) Сұрақтар (есте сақтауға арналған сұрақтар)

  1. Африкада қандай пайдалы қазбалар кездеседі?

2.Алтыннан, алмаздан не жасайды?

3.Тас көмірді қайда пайдаланамыз?

4.Ураннан не аламыз?

в) Дәптермен жұмыс. (Тақтадағы жаңа тақырыпты жазғызу.)

 

Үлгерімі төмен оқушы Айнұрмен жұмыс.( Африканың пайдалы қазба түрлерін жазғызу).

Африка пайдалы қазбаларға бай материк.Пайдалы қазба түрлерінен алтын, алмаз,тас көмір, мұнай, газ,темір, марганец , уран кездеседі.

ІV. Жаңа сабақты пысықтау.

1) «Адасқан обьектілерді табу» ойын сабақ.

Мақсаты: ойын арқылы оқушыларға жаңа сабақты дұрыс тауып, есте сақтау қабілетін дамыту,ойлау қабілетін арттыру.

 

 

Тас көмір                             алқа,жүзік,сырға жасайды

Темірді                                 Жарық алу үшін                       

Алмаздан                             уйді жылыту үшін

Ураннан                                заттар жасау үшін

2) Орындалған тапсырмаларды Африканың қай аймағында жақсы тарағанын картадан көрсету.

1) Тас көмір  - Оңтүстік Африкада

2)Темір,марганец – Батыс Африкада

3)Алмаз,алтын,марганец,уран –Орталық Африкада

4)Алтын,алмаз,уран – Шығыс Африкада

5)Мұнай ,газ – солтүстік Африкада

  1. Қорытынды.

[- Бүгін біз сабақта не білдік?]

[- Бүгін біз сабақта не істедік?]

VI.Үйге тапсырма беру.

75 –бетті оқып келу

VII.Бағалау.

 

 

 

 

 

 

 

 


                                      6 «Б» сыныбы             20.02.2013ж
Пән:   Қазақстан тарихы
Мұғалім:  Мәулен Б.

Сабақтың тақырыбы: Үйсіндердің шаруашылығы мен тұрмысы.

Сабақтың мақсаты: Оқушылардың алған білімдерін толықтыру, өткен сабақтарды пысықтау ретінде қосымша деректер арқылы үйсін тақырыбы бойынша түсініктерін кеңейту.
Дамытушылық: Оқушының ой-өрісін, ойлау, сөйлеу қабілетін ашатын сұрақтар қою және сұрақ-жауап әдісі бойынша сабақтың тақырыбына сай білімін толықтыру.
Тәрбиелік: Ежелгі тайпалардың тарихын, шаруашылығын, мәдениеті мен білімін пайдалана отырып, оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру.

Сабақ түрі: Жаңа сабақ
Сабақ әдісі: Білімді жинақтау.
Сабақ көрнекілігі: Қазақстанның картасы, тірек-сызбалары, слайд,интерактивті тақта.

Сабақ барысы: 
I. Ұйымдастыру кезеңі.
а) оқушылардың оқу құралдарын тексеру.
б) сынып тазалығына көңіл бөлу.

II. Үй тапсырмасын тексеру.
1. Үйсіндер туралы деректер қай ғасырға жатады?
Жауабы: Б.з.б 3 ғасыр мен б.з.-дың 4 ғасыры аралығында өмір сүрген 
2. Ертедегі үйсіндер мекендеген жерлерді картадан көрсет.
3. Үйсін қоныстары қай жерлерден табылды? 
Жауабы: Үйсін мәдениеті деп аталатын ескерткіштер, негізінен, Жетісуда шоғырланған.
4. Үйсіндер қай елмен сауда қарым-қатынасын жасаған? 
Жауабы: Олар өзімен көрші жатқан Қытай сияқты ірі елдермен сауда қарым-қатынасын орнатқан. 
5. Үйсіндердің қоғамдық құрылысы.

III. Үй тапсырмасын қорыту.
IV. Жаңа сабақ: Үйсіндердің шаруашылығы мен тұрмысы.
Жоспар:
1. Үйсіндердің шаруашылығы мен тұрмысы.
2. Егіншілік пен отырықшылық.
3. Түрлі кәсіпшілік.
4. Үйсіндердің салт-дәстүрі мен діни нанымдары 
Сөздік:
Тәті – тәж құсаған басқа киілетін нәрсе немесе металл сақина.
Балдақ – түйе мүсіншесі орнатылған көзі жоқ сақина. 

Сабақ түсіндіру.
V. Оқулықпен жұмыс.
VI. Сабақты бекіту.


«Жұлдызды сәт» ойыны:
1. Үйсіндерде малдың қандай түрлері өсірілді?( Қой, жылқы, сиыр, қос өркешті түйе, ешкі )
2. Үйсіндер күнделікті тұрмысқа қажетті қандай бұйымдар жасады? (Ыдыстар, аяқ киім, тері шалбар, бешпент, киім-кешектер )
3. Үйсіндер қысқы үйлерін неден тұрғызған? (Шикі кірпіштен және тақта тастан балшық лай құйып қалады. )
4. Үйсіндердің қыш ыдыстарына ненің суреті салынған? (Күннің суреті салынған )
5. Үйсіндер қандай дақылдарды екті? (Дәнді дақылдарды екті:
арпа, бидай, тары. )
6. Үйсіндер айналысқан кәсіп түрлерін атаңыз?(Шеберлер, зергерлер, құмырашылар).
7. Үйсіндердің діни нанымдары қандай болған? (О дүниедегі өмірге сену, құрбандық шалу. )

VII. Сабақты қорыту.
Тест.
1. Ертедегі Қытай жазбаларында «Усун» атауы қай ғасырдан бастап кездеседі?
a) Б.з.б. III ғ.
b) Б.з.б. II ғ.
c) Б.з.б. I ғ.
d) Б.з.б. IV ғ.
2. Үйсіндердің астанасы қай қала?
a) Суяб
b)Қызыл Аңғар
c) Қойлық
d) Тараз 
3. Үйсіндерде егіншіліктің болғандығын дәлелдейтін қыстау, қоныстың аты.
a) Ақтас
b) Шу өңірі
c) Талас бойы
d) Іле аймағы 
4. Үйсіндерді кім басқарды?
a) Шанью
b) Хан
c) Гуньмо
d) Патша 
5. Үйсін обасынан табылған алтын жүзіктің бетінде қандай жануар бейнеленген?
a) Жылқы
b) Қой
c) Түйе
d) Ешкі 
6. Қазба жұмыстары кезінде үйсіндер егіншілікте пайдаланған қандай құрал-саймандар табылды?
a) Қола орақтар
b) Темір кетпен
c) Мыс балта
d) Тас шапқы 
7. Үйсін шеберлері саз балшықтан ыдыс жасауда қандай әдісті қолданған?
a) Көзе ұршықтарына таспа орау әдісі
b) Пішіндеу әдісі
c) Омыру әдісі
d) Үңгіп қазу әдісі 
8. Үйсіндер ыдыс жасау үшін қандай ағаш пайдаланған?
a) Тал
b) Қайың
c) Тобылғы
d) Қарағай
9. Үйсіндер қысқы үйлерін неден тұрғызды?
a) Ағаштан
b) Шикі кірпіштен
c) Тастан
d) Құмнан

10. Үйсіндердің қыш ыдыстарына ненің суреті салынды?
a) Жылқы
b) Ай
c) Күн
d) Түлкі 

Үй тапсырмасы: «Үйсіндердің шаруашылығы мен тұрмысы» тақырыбын оқу.
Оқушыларды бағалау

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Үйсіндер туралы деректер

Сабақтың мақсаты: 1. Үйсіндер тақырыбына байланысты деректер мен қонысы, шаруашылығы, тұрмысы, қоғамдық құрылысы мен мәдениетін қайталап білімін толықтыру.
2. Қайталау сұрақтары, карта, сызбалар арқылы тақырыпты оқушылармен пысықтап, ойлау қабілетін дамыту.
3. Оқушыларды өз халқының тарихын оқып білуге, салт- дәстүрін сақтауға, мәдениетті болуға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа материалды түсіндіру
Сабақтың көрнекілігі: сызбалар, карта, карточка, сөзжұмбақ, тест сұрақтары.
Сабақтың барысы:

 І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Сабақты жоспарлау, мақсат қою кезеңі
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру кезеңі
І. Кіріспе сөз.
Үйсіндер ежелден келе жатқан түркі тайпаларының бірі. Қазақ халқының қалыптасуынан негіз болған тайпалар қатарына жатады. Қытай жазбаларына «усун » атулы б.з.д. ІІ ғасырдан бастап кездеседі. Ең алғаш үйсіндердің қай жерді мекендегені туралы деректер Қытайдың       « Тарихнама» « Хань хандығы кітабы» секілді кітаптарында кездеседі. Үйсіндердің байырғы мекені Дунхуан, Цилянь-Шань өңірі, яғни қазіргі Гань судың оңтүстік батысы делінеді. Үйсіндер б.з.б. 160ж өздерінен бұрын Іле өңіріне келіп қоныстаған иузейлерді бағындырғаннан кейін осында қоныс аударды. Сызба арқылы түсіндіру.

Бекіту. Тест сұрақтарын алу
1. Ертедегі Қытай жазбларында «Усун» атауы қай ғасырдан бастап кездеседі?
а) б.з.б ІІІ ғ
ә) б.з.б ІІ ғ
б) б.з.б І ғ
2. Үйсіндердің астанасы қай қала ?
а) Суяб
ә) Қызыл Аңғар
б) Қойлық
3. Үйсіндерде егіншіліктің болғандығын дәлелдейтін қыстауды ата?
а) Ақтас
ә) Шу өңірі
б) Іле бойы
4. Үйсіндер ыдыс жасау үшін қандай ағаш пайдаланған ?
а) Тал
ә) Қайың
б) Тобылғы
5. Ақтас зиратынан табылған үйсін өнері туындыларының бірі.
а) Тәті
ә) Сырға
б) Алқа
6.Ғалымдардың назарын аударған тәті қай жерден табылған?
а) Ақтас
ә) Бесшатыр
б) Қарғалы
Жауабы: 1-Ә, 2-Ә, 3-А, 4-Ә, 5-Б, 6-Б.
VІІ. Қорытындылау.
Жетісу жеріндегі үйсін қорымдарынан алын-
ған бас сүйектер – антропологиялық жағынан еуропеоидтер. Бірақ олардың бет пішіндерінде монғолоидттың белгілер барлығы да анықталған. Олар өзімен көркі жақтан Қытай сияқты ірі елдермен тең құықты дәрежеде саяси және сауда қарым- қатынасын жасаған.
VІІІ.Бағалау
ІХ. Үйге тапсырма: Үйсіндер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Орта ғасырдағы Қазақстанның рухани мәдениеті

Тіл және жазу.

Түркі дәуірінде (VI –XII ғғ ). Қазақстанда өмір сүрген ру – тайпалардың түркі тілінде сөйлегендегі түркология ғылымында толығымен дәлелденген. Алайда, тіл ғылымның зерттеулеріне қарағанда, негізгі түркі тілдес қарлұқтардың, қимақ – қыпшақтардың, оғыздардың, ұйғырлардың, қырғыздардың т. б. ру – тайпалардың өздеріне тән диалектілерінің бар екендігі анықталған . Археологиялық зерттеулерде түркі тілдес ру – тайпалар өмір сүрген жерлердегі ескерткіштерден үлкен – кіші екі жүзден астам көне түркі тіліндегі жазба деректер табылған. Оның ішінде Орхан, Енисей өзендерінің бойындағы Күлтегін, Тоныкөк «алтын тас кітабы» жазулары белгілі болса, қазақ жеріндегі Талас өзені бойындағы Тереңсайдан табылған және т.б. жазулар белгілі.

Түркі тіліндегі жазулар тіл ғылымында руна жазу деп аталған. Ол скандинавия халықтарының тілі бойынша, сыры ашылмаған құпия жазу деген сөз. Бұл жазудың оқылу сырын ашқан сол халықтың атақты тіл білімнің ғалымы Дания университетінің профессоры В.Томсон. Одан кейін Орхан жазуларын орыс тілінде аударған тюрколог ғалым В.Радлов болды. Сөйтіп, ХІХ ғ. аяғында руна жазуының құпия сырының ашылуы ертедегі түркі тілдес халықтардың да өздеріне тән жазуларының болғандығын көрсетеді.

Түркі жазуында бір – бірімен қосылмай жазылатын 38 әріптерден тұратындығы белгілі.

Түркі дәуірінен қалған атақты «Күлтеген», «Білге қаған» сияқты тасқа жазылған дастандар қазақ тіліне аударылып, біздің оқырмандарымыздың қолына тиіп отыр. Қазақ халқы ол дастандарды өздерінің төл дүниесіндей қарсы алды. Оған басты себеп, ондағы жазылған әдет – ғұрып, салт – сана, діни – наным, сенім, мақал – мәтел, батырлық жырлардың үлгілері бәрі, халқымыздың тірлік – тіршілігінен алынғандай ұқсас. Бұл мұралар қазақ халқының ертеден келе жатқан бастауы.

Х ғасырдан бастап ислам дінінің қазақ жерінде етек жая бастауы араб жазуының түркілер арасында ене бастағандығын көрсетеді.

Түркілер арасынан шыққан атақты ғалымдар, ақын–жазушыларымыз Әл – Фараби, Жүсіп Баласағұн, Махмұд Қашғари, Ахмет Яссауилер өз шығармаларын араб жазуымен түркі тілінде жазған. Ал ХІІ ғ. бастап түркі жазуы жазылуы жағынан өмірден шыға бастайды. Дүние жүзіне әйгілі болған жерлесіміз Әл – Фарабидің көптеген еңбектері араб тілінде жазылған.

 

Діни нанымдар.

VI–XII ғасырлардағы Қазақстан территориясындағы халықтардың арасында алуан түрлі діндер, нанымдар мен сенімдер орын алып отырды. Түркілердің зираттарынан табылған заттар олардың ата – бабалардың әруағына табыну о дүниелік өмірге сену көрсетеді. Олардағы басты бір наным – отқа табыну. Оны археологиялық зерттеулерден жерленген адамдардың заттарымен, мініс аттарымен бірге өртеліп қойылатын әдет – ғұрыптары да анықталған. Ол адам денесін отпен аластау болса керек. Түркілер табиғатқа да табынған. Олар өлген адамның денесін жер ананың қойынына өртеп, күл мен көмірін ғана жерлеген. Егер адам көктемде немесе жазда өлсе, ол адамның туған – туыстары бір төбеге жиналып киіз үй тігіп, алып барған малдарын құрбандыққа шалып, одан кейін өлген адамның мәйітін, атын, заттарын өртеп, уақытша сақтап, күзде шөп сарғайғанда ғана жерлейтін болған. Ал егер адам күзде не қыста қайтыс болса, ол адамды жоғарыдағы әдет –ғұрыптарын жасап, көктемде жер көгеріп, шөп шығып, жапырақтар жайқалабастаған кезде жерлейтін. Бұл әдет наным – сенімнен табиғаттыңтөрт кезеңіне толық табынуды байқатады.

Түркілердің көкке немесе аспан әлеміне сиынушыларын күлтегін жазуындағы мына шумақтан анық байқалады:

 - Көкке түркі тәңірісі,

 - Тәңірі қуат берген соң,

 - Тәңірі жарылқағандықтан.

Мұндай әдет, наным – сенімдер қазақтарда бүгінгікүнге дейін орыналыпжүр. Түркілерде адам баласының тірегі тіршіліктің тұтқасы, отбасы, ошақ қасы болып табылатын анаға «Умай ана» деген ат беріп, оған табынған. Жетісу қазақтардың «Умай анаға» табынатын Ш. Уәлиханов та жазған болатын. Кейбір жазба деректерге қарағанда, қимақтар мен қыпшақтар күнге, жұлдыздарға табынған.

Археологиялық зерттеулерге қарағанда, түркілерде христиан, манихей, будда діндері болған.

Түркі тайпалары ІХ ғ. бастап жаппай мұсылман дініне ене бастайды. Ал мұсылман дінінің мемлекеттік дін есебінде алғашқы болып қабылдаған Қарахан мемлекеті. Сатұқ Бограханның баласы Муса ханның билік құрған жылдары (960 ж.).

Сөйтіп, Х ғ. бастап Оңтүстік Шығыс Қазақстан жерлерінде мұсылман діні кең түрде етек жая бастайды .

 

Тақырыбы: «ЕРТЕ ОТРА ҒАСЫРДАҒЫ ҚАЗАҚСТАННЫҢ МӘДЕНИЕТІ» 
і

                                                          Жоспар 
                                                      І. Кіріспе 
                                                    ІІ. Негізгі бөлім 
1. Ерте орта ғасырдағы Қазақстанның материалдық
2. Ерте орта ғасырдағы Қазақстанның рухани
ІІІ. Қорытынды 

Қосымшалар Ерте орта ғасырдағы Қазақстанның материалдық
Жеріміздегі түркі дәуірінің алты ғасырға жуық
Түркі дәуіріндегі обалардың адамдарды киімдерімен жерленгендер
Материалдық мәдениеттің көрінісінің бірі сәулет өнері.
Сырдария, Талас, Шу, Іле, Испиджаб, Отырар,
Сонымен VI–XII ғғ. Қазақстан жерін мекендеген
Х–XII ғғ. материалдық мәдениетін өркендету ісіне
Ерте орта ғасырдағы Қазақстанның рухани мәдениеті 
Тіл және жазу. 
Түркі дәуірінде (VI –XII ғғ ).
Археологиялық зерттеулерде түркі тілдес ру –
Түркі тіліндегі жазулар тіл ғылымында руна
Түркі жазуында бір – бірімен қосылмай
Түркі дәуірінен қалған атақты «Күлтеген», «Білге
Х ғасырдан бастап ислам дінінің қазақ
Түркілер арасынан шыққан атақты ғалымдар, ақын–жазушыларымыз
Діни нанымдар. 
VI–XII ғасырлардағы Қазақстан территориясындағы халықтардың арасында
Түркілердің көкке немесе аспан әлеміне сиынушыларын
- Көкке түркі тәңірісі, 
- Тәңірі қуат берген соң, 
- Тәңірі жарылқағандықтан. 
Мұндай әдет, наным – сенімдер қазақтарда
Археологиялық зерттеулерге қарағанда, түркілерде христиан, манихей,
Түркі тайпалары ІХ ғ. бастап жаппай
Сөйтіп, Х ғ. бастап Оңтүстік Шығыс
Халықтың діні, наным-сенімдері мен көзқарастары оның
Көптеген мәдениеттанушылар дінді мәдениеттерді бір өркениетке
Алайда, өркениет ағымына қосылған этностар мен
Ислам діні мен араб мәдениетінің қазақ
Қазақтардың діни жүйелерін қарастырғанда олардың бір-бірімен
Қазақтардың мифологиялық және архетиптік тарихи даму
Көне түркілердің генеалогиялық мифтері тотемистік нанымдардың
Адам баласы өз табиғатында тек тәндік
Көк аспанды, жұлдыздарды, күн нұрын —
Исламға дейінгі қазақ халқының рухани мәдениетінде
“Ол (тәңір – авт.) – әр
Тәңірлік діннің өзіне тән ерекшелігі –
Бұлардан басқа көне түркілердің наным-сенімдерінде әйел-құдай
Жер-су құдайына келетін болсақ, ол да
Тәңірлік дін адамды өз іс-қимылына, әрекетіне,
Қазақ мәдениетіне үлкен ықпал тигізген келесі
Шаманизмді зерттеген еуропалық ғалымдар көп құнды
Шамандық дінді жүйелі түрде, оны қалыптастырған
Ғалым Қ.Ш.Шүлембаев шаманизмді революцияға дейінгі Қазақстанда
Шамандықты зерттеген қазақ ғалымдарының бір тобы
Шаманның рухтар тандаулысы болуы және сәуегейлік,
Қазақ халқының арасында шаман атауына қарағанда
Ежелгі түркі жерінде көне түркілердің дәстүрлі
“Қазақстан жеріне әлемдік діндердің ішінде алғашқысы
Византиядағы діни алауыздық пен қақтығыстар христиан
Қорыта айтайық дегеніміз, қадым замандарда көне
Қолданылған әдебиеттер 
Нағима Байтенова – Қазақ ұлттық университетінің
Қазақстан тарихы. І том 1994 жыл
www.topreferat.kz.doc 
www.Google.kz 
Тест тапсырмалары: 
1. Түркі заманынан қалған атақты дастандардың
А) Қобыланды батыр 
В) Асан қайғы 
С) Жақсылық пен жамандық 
Д) Күлтегін+ 
Е) Ескендір 
2. Түркілердің негізгі сенімі 
А) Тәңірлік+ 
В) Христиан діні 
С) Ислам 
Д) Будда 
Е) сенімі болмаған 
3. Солтүстік және Шығыс Қазақстаннан табылған
А) матадан 
В) Жібектен 
С) Шөптен 
Д) Былғарыдан+ 
Е) Түрлі өнімдерден 
4. Х-ХІІ ғ.ғ тараз маңында салынған
А) Ахмет Иассауи 
В) Дулати 
С) Бабаджа-хатун+ 
Д) Жошы хан Шыңғысұлы 
Е) Шыңғысханға 
5. Түркі тілді жазулар тіл ғылымында
А) Түрік 
В) Қазақ 
С) Қыпшақ 
Д) Орта азиялық тіл 
Е) Руна+ 
6. Түркі жазбаларының сырын ашқан ғалым
А) Испан 
В) Франция 
С) Скандинавия 
Д) Дания+ 
Е) Швейцария 
7. Түріктер арасынан шыққан ғалым-жазушылар өз
А) Қыпшақ 
В) Руна 
С) Араб+ 
Д) Қытай 
Е) Ұйғыр 
8. Әлемге әйгілі ғалым әл-Фараби өз
А) Қазақ 
В) Қытай 
С) Араб+ 
Д) Ұйғыр 
Е) Түркі тілінді 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                       ТОНЫКӨК

Тоныкөк (Тоңыұқық) (646- 741ж.ж.) - Екінші Шығыс Түркі қағанатының негізін қалаушылардың бірі, оғыз тайпасынан шыққан ұлы дана, заманында Түркі қағанатының үш бірдей қағанына уәзір болып, түркі елінің халқын көбейтіп, жерін кеңейтуге үлкен үлес қосқан кемеңгер. Көшпелілер тарихында артында өшпес атақ даңқын қалдырып; ақыл парасатына, қол қайратына, көрегендігіне табындырып; ел жұртының қасіретін, қуанышын, ерлігі мен елдігін тасқа жыр ғып қашап, мәңгілік мұра қалдырған Тоныкөктей тұлға болған емес. 
Сол тас жазуда: «Мен, Білге Тоныкөк, табғаш (қытай) елінде тәрбиеленіп өстім. Түркі халқы ол кезде табғаштарға бағынышты еді» деп жазылған. Бұдан Тоныкөктің түрк тайпасы көсемдерінің бірінің баласы екені анық аңғарылады. Өйткені ол кезде көшпелілердің тек ел басыларының қытайға аманатқа берген балалары ғана император сарайында оқып, тәрбиелене алған. 
Қытай сарайында жүріп, олардың өз еліне жасап жатқан қорлық зорлығының бәрін көріп біліп өскен Тоныкөк ақыры шыдай алмай, 683 жылы шыли иуән тайпасының басшысы Құтылығпен бірігіп, табғаштарға қарсы көтеріліске шығады. Көтерілісшілер жеңістен жеңіске жетіп, ұзамай әйгілі Екінші Шығыс Түркі қағанатының шаңырағын көтереді. Құтылығты «Ел төресі» деген атпен қаған етіп сайлайды. 
Жаңа шаңырақ көтерген елдің іргесін бекітуге мүмкіндік бермей құртып жіберуді көздеген табғаш билеушісі «жабайыны жабайының қолымен құрту» саясатымен түркілерге көрші тоғыз оғыз халқын айдап салды. Бірақ табғаш елінде болып, олардың қарсыластарын құрту үшін қандай әрекеттер жасайтынын жақсы білетін Тоныкөк асқан көрегендікпен бұл апаттың алдын алып, Тоғыла жазығында тоғыз оғыздардың әскерін тас талқан етеді. Қолға түскен тұтқындарды Тоныкөк Құтылығ қағанға айтып, түгел босатып, еліне қайтарады. Оларға: «Түбіміз бір туыспыз. Өзара қырқысқаннан өзгеге жем болғаннан басқа пайда жоқ. Табғаш елі ортақ жауымыз. Сондықтан соған қарсы күш біріктірейік. Бір-бірімізді өгейсітіп, көзге түрткеннен тапқан олжамыз кәні? Бірігіп ел болайық, осыны айта барыңдар. Кім де кім бірлік байрағын көтеремін, ата жауға қарсы бірлесіп күресемін десе, Отыкенге келсін. Біз сонда бірер күн еру боламыз»- дейді. Тоныкөктің осынау сөзі қандастарының жүрегін жібітіп, оғыздар түгелдей түркi туының астына жиналады. Кейін бұл жөнінде Тоныкөктің өзі тас жазуда: «Осыдан кейін оғыздар өз аяғымен көтеріле келді. Келтіргендей ақ келтірдім ау» деп ризалық сезіммен сол кезді еске алады. 
Құтылығ қаған өлгеннен кейін, орнына інісі Қапаған отырады. Тоныкөк оған да сенімді серік, білікті ақылшы болып, адал қызмет етеді. Бұл ретте Тоныкөктің өзі тас жазуда: «Елтөресі (Құтылығ) қаған, Білге Тоныкөк қам жеп, иелік қылғаны үшін Қапаған қаған бар болып отыр» дейді. Онысы рас та секілді. Қытай жылнамасы Қапағанды қарамағындағыларға аяусыз қатыгездікпен қарады, қартайған сайын қызғаншақ, ақылсыз бола бастады деп суреттейді. Тоныкөк осы кезде қағанына өкпелеп, қытайға өтіп кетуге жырыла көшкен ру тайпа көсемдерін тоқтатып, ел бүтіндігін сақтау үшін күндіз отырмай, түнде ұйықтамай, ат үстінде жүреді. Бірақ Тоныкөктің халық алдындағы беделінің тым жоғарлығын қызғанған Қапаған оны ел билігінен оқшаулай бастайды. Қағанат құлауға айналады. Ақырында Қапаған қаған ойда жоқта өз қандастарының қолынан қаза табады. 
Билікке таласып, ел бірлігіне зиян келтіреді деген қауіппен Қапаған қағанның бүкіл ұрпағын қырып тастаған Күлтегін батыр ағасы Могилиәнді қаған тағына отырғызды. 
«Білге қаған» деген атпен таққа отырған Могилиән өз тайпасының ортасына кеткен Тоныкөктің көрегендік ақылымен тұс, тұстан анталаған жауының бәрін жеңіп, құлауға айналған қағанатты қалпына келтіреді. Тас жазуда Тоныкөк: «Түркi Білге қаған түркi сыр, оғыз халқын асырап, мерейін үстем қылып отырар» деп, оған үлкен сенім артады. 
Түркi жұртының азаттыққа қол жеткізіп, жеке дербестік ел болып отыруына айтулы еңбек сіңірген дала кемеңгері Білге Тоныкөк өзінің бағасын, тарихтағы орнын өзі қашатып, жаздырып кетті. 
«Тәңірі жарылқады! Бүкіл түркі жұртына қарулы жау келтірмедім, атты әскер жолатпадым. Ел төресі жауламаса, оған еріп мен жауламасам, елім, халқым жойылар еді. Оның шабуылының нәтижесінде, менің шабуылымның нәтижесінде еліміз қайта ел болды, халқымыз қайта халық болды. Өзім қартайдым, ұлық болдым. Түркі Білге қағанның еліне арнап тасқа жаздырған мен Білге Тоныкөкпін» дейді дана қарт. 
Тоныкөктің қай жылы өлгені белгісіз. Қытай тарихында білге қаған оны ордаға 716 жылы қайта шақырып алдырғанда Тоныкөктің жасының 70-те екені анық көрсетілген. Содан кейін ол Білге қағанның қасында болып, Түркі қағанатын төніп келген апаттан құтқаруға көмектесіп, оған пайдалы ақыл кеңесін береді. 734 жылы Білге қаған уланып өледі. Бұдан кейін Тоныкөкке қатысты дерек еш жерде кездеспейді. Білге қаған өлгеннен кейін оның орнына таққа балалары бірінен кейін бірі отырғаны және бар биліктің сол балалардың анасы, Білге қағанның әйелі, Тоныкөктің қызы Бопының (Пофудың) қолында болғаны белгілі. Осының бәрі Тоныкөкті бұл жылдарда да қаған ордасында болды деуге мүмкіндік береді. Тарихшылар оны әбден қартайып барып, өлді дегенді айтады. Соған қарағанда ол 741 жылдың шамасында 95 жасқа жетіп қайтыс болған тәрізді.

Білге Қаған Ескерткіші–— Орхон түркі жазба ескерткіштерінің ішіндегі көлемі мен мазмұны жағынан ең үлкені әрі аса ірі “мәңгі тас” (көне түркі тілінде — “Беңгү таш” ) қатарына жататын ескерткіш кешен. Күлтегін ескерткішінен 0,5 км жерде орнатылған. Білге Қаған Ескерткіші мен Күлтегін ескерткішін орыс ғалымы Н.М. Ядринцев тауып (1889), оны белгілі түркітанушы В.В. Радлов Дания ғалымы В.Томсен анықтаған әріптік жүйемен оқыды (1894). Білге Қаған Ескерткішін А. Аманжолов, Ғ. Айдаров, т.б. ғалымдар әр қырынан қарастырып, зерттеген. Ескерткіш Екінші Шығыс Түрік қағанатының атақты қағаны — Білге қағанға арналған. Көне түркі бітік жазуындағы Білге қаған есімі қытай жазбарында рі-кіа, мо-кі-lіen, mo-gі-lan [могилен] т.б. кездеседі. Сол себептен ғалымдар “Білге қаған” лауазымы, ал “Могилиен, могилян” — оның өз аты дейді. Көне түркі бітігіндегі “Білге қаған” деген сөздің мән-мағынасы — “білікті, билік-төрелікті ұстай білген, сұңғыла-білгір қаған” деген ұғымды білдіреді. Білге қаған тұсында Екінші Түрік қағанаты терр. тұрғыдан кеңейіп бекіді, аса қуатты құдыретті империяға айналды. Бұл жайында Білге Қаған Ескерткішінде кеңінен мәлімет берілген. Ескерткіште көшпелілердің “тәңрітекті түрік елі үшін” Бумын, Естемі, Білге Құтылық қағандары мен баїадүр, ақылгөй ерлерінің “ел-жер-тірлік” тұтастығын сақтау, қорғау, болашақ ұрпаққа жеткізу жолындағы ерліктері, мемл. ұлы істің бірегей мақсат-мүддесі шебер тілмен, тұжырымды да тиянақты түрде жазылып, тарихи оқиғалар уақыт желісімен баяндалып бәдізделген. Ескерткіште “елді халық едім, елім енді қайда! Қағаны бар ел едім, қағаным енді қайда, қай қағанға іс-күшімізді жұмсар екенбіз!” деген астарлы тілмен ел тағдырын жырлайды. Тәңірі күш-қуат бергендіктен, қағандық әскері бөрідей, жаулары қойдай болды деген рухтандырғыш жолдар да мол. Білге Қаған Ескерткішінде оғыз, тоғыз-оғыз, қырқыз, құрықан, отұз татар, татабы, қытан, ұйғыр, үч құрықан, қарлұқ, түргеш секілді көшпелі түркі этностары және де моңғол-манжұр тектес ру-тайпаларымен қатар Бөклі чөллік ел, түпүт, апар, пұрұм, табғач, т.б. отырықшы елдер туралы тарихи деректер, нақты мәліметтер баяндалған. Жер жүзінің төрт тарапы (бұрышы), Ұлы Түрік қағандығын нығайту, одан әрі ұлғайта дамыту жолындағы саяси іс-шаралар, көптеген жорық-шабуылдар, олар өткен Бөклі шөлі, Темір қақпа, Шантұң, Йашыл өзен, Көгмен, Қадырқан, Бесбалық, Селеңгі, Ертіс, Езгенті, Мағы Қорған, Байырқұ, т.б. жер-су, елді-мекендер көркем жырланады. Бұл “мәңгі таста” Білге қағанның інісі Күлтегін, дана білгір Тоныкөк жайында да сөз етеді.

Білге Қаған Ескерткішіндегі көне түрік бітік-жазуын бекзада Йоллық-тегін 1 ай 4 күн бәдіздеп жазған (734). Білге Қаған Ескерткіші сол заманға лайықты өте шеберлікпен жасалған. Кешен сегіз қырлы мәрмәр тас ескерткіш (құлпытас), тасбақа, тас мүсін (8 дана), бейіт тас (саркофаг) (4 дана), тасаттық тас (1 дана), арыстан бейнелі мүсін (2 дана) және балбал тастардан тұрады. Бұлармен қоса кесене (13´13´8 м), оны қоршаған қамал (80´70 м) орнатылған. 2,29´0,72´0,44 м өлшемді тасбақа тасқа орнатылған 3,45´1,74´0,78 м түркі бітік жазулы (бір жағы қытай иероглифті жазулы) тас ескерткіштің жалпы биікт. 3,89 м. Түркі бітік жазулы ескерткішінің күншығысқа қараған жағында 41 жол жазу, оның үстінде қағандық таңба, өзара алысқан екі айдаїар бейнесі [қалған 2 бойында 15 (15) жол (барлығы — 32), екі қырында бір-бір жолдан]. Барлығы — 80 жол жазуы бар. Қытай жазуы Таң мемлекеті кезеңіне қатысты. Ескерткіш о баста тасбақа тас үстіне күншығысқа қаратылып орнатылған. Күлтегін ескерткішінен 0,5 км жерде. Қазір осы кешеннен үш бөлінген ескерткіш, бірнеше бөлшектенген тасбақа тас және де табиғат құбылыстары әсерінен ескіріп, талқандалған тас мүсін, балбалдар ғана сақталынған. Кесененің орны ғана білінеді. Б. қ. е-ндегі бітік жазудың біршама жолдары толық танылмайтындай, анық емес, кейбір жерлері кетіліп, өшіп кеткен. Дегенмен, жазулардың 70%-ке жуық бөлігі сақталған. [1]

Білге Қаған Ескерткіші кешенінің құрылысы, жасалуы тұрғысынан Күлтегін ескерткіш-кешенімен өте ұқсас. Сонымен қатар Күлтегін ескерткішіндегі бітік жазулы жолдардың 30-ы (68 жолдан) мазмұны, сөз қолданысы жағынан Білге Қаған Ескерткішімен айна-қатесіз бірдей. [1]

80 жол, 3000-нан астам сөз, 10 мыңдай таңба-әріп бар. Білге Қаған Ескерткішінде көне түрік () тілінің классикалық әдеби тіл нормасы кеңінен көрініс тапқан. Б. қ. е. тасбақа үстіне орнатылған құлпытасқа жоғарыдан төмен қарай өте нақышты, бірыңғай өлшеммен көркем бәдізделген. Ескерткіштің төртінші, яғни күнбатыс жағына қытай иероглифімен сол кездегі Таң (Табғач) мемлекетінің патшасы Минь-хуанның “көңіл айту” сөзі жазылған. Ескерткішті зерттеушілер шығыс жағындағы жазуды Х (41 жол), оңт. жағындағы жазуды Х а (15 жол), солт-ндегі жазуды Хь (15 жол), екі қырындағы бір-бір жолды ХІ, ХІІ және батыс жағының төменгі бойындағы 7 жолды Хс деп белгілеп қарастырады. Б. қ. е. “Теңрітег теңрі йаратмыш түрік Білге қаған сабым”, яғни “Тәңірітекті тәңірлік жаратылған түрік Білге қаған сөзім” деп басталады. Бұл жолдар көне түрік бітік жазуы бойынша: [1]

деген таңба-әріптермен жазылған. Мұның трансграфикасы: тңрітг: тңрі: иртмш: білге; қғн; сбм. Демек, жалпы түрік бітік жазуының тілдік (фонологиялық) құрылысы, графикалық жүйесі өзіндік төлтума сипатымен ерекшеленген аса ықшам әрі қолайлы жасалынған. Білге Қаған Ескерткіші және Күлтегін, т.б. ескерткіштер тілін ғалымдар көне түркі тілдерінің солтүстік тобына (В.В. Радлов) жатқызады. Оның басты ерекшелігі: сөз басында б, м (ben/men) дыбысы алмасып кездеседі, жатыс септігінің -да, -де, ілік септігінің -ың, -ің, т.б. тұлғалары деп көрсетеді.[

Ескерткіштің тілі “таза” сақталған, кірме сөздер өте аз дерлік. Сол себептен түркі этностарының тілдік табиғатын, тарихи, әдеби, этнографиялық, т.б. сыр-қырын анықтай зерттеу үшін қайталанбас дара мұра.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Күлтегін

 

 Күлтегін 685 жылы дүниеге келді, әкесі-ел төресі Құтлық қаған. Ол әкесінен 7 жасында жетім қалады. Он жасында сарбаздар қатарына қосылып, өзін ержүрек те, батыр, қол бастайтын жауынгер ретінде танытады. Ол кезде ақылгөй әрі тәжірбиелі әскербасы Тоныкөк қартайып қалған болатын, сондықтан әскерді ханзада Күлтегін бастады. Күлтегін қолбасшы көптеген шайқастарға қатысты, көп елдер мен қалаларды жаулап алды, жеңіліс тапқан кезі болмады. Тарихи құжаттардың куәлігіне жүгінсек, оның әскерінде миллионға жуық салт атты сарбаз болған. Жас кезінен қарына садақ іліп, қолына желкілдеген найза ұстап, жорыққа аттанған Күлтегіннің қалған саналы өмірінің барлығы аттың жалында елі үшін еңіреп өтті. Ол атақ-даңққа, таққа да құмартпады. Көк түркілердің ордасын әлденеше рет ыдырап кетуден, қайтаан құлдыққа бас ұрудан сақтап қалған да осы Күлтегін болатын. Арадағы ұсақ-ұсақ қақтығыстарды қоспағанда, Күлтегін өзінің ұлы жорығының бірі, қалың шүршіттің армиясына 706-жылы аттанады. Бұл шайқас туралы ғұлама тарихшы Лев Гумилев былай дейді: «Осы айқаста үш рет шабуылға шыққан қарулы, әбден машықтанған атты әскердің артықшылығы тағы да дәлелденді. Бұл шайқаста қытайлар 10 мың әскерінен айырылды, соған қарап-ақ айқастың нәтижесі туралы пікір түйіндеуге болады». 

 

  …Қапаған қаған өзінің қаперсіздігінен байырқылармен болған ұрыста қаза табады. Оның ұлдары орданы бөлшектеп, үлкен және кіші қағандыққа ыдыратты. Ұсақ-ұсақ ұлыстарға бөліну деген сөз-түркі жұртының азып-тозып, ақырында өзге елдің боданына айналып, құрып кетумен пара-пар еді. Бұдан әрі қырқысқа жол берсе, онсыз да күйзелген елдің күлі көкке ұшатынына көзі

Мақаламен бөліс

Пікір беру
Пікіріңіз:
Полужирный Наклонный текст Подчёркнутый текст Зачёркнутый текст | Выравнивание по левому краю По центру Выравнивание по правому краю | Вставка смайликов Вставка ссылкиВставка защищённой ссылки Выбор цвета | Скрытый текст Вставка цитаты Преобразовать выбранный текст из транслитерации в кириллицу Вставка спойлера
Суреттегіні еңгізіңіз:*
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив