РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТАНЫМДЫҚ ПОРТАЛЫ
Қазақ тілі әдебиет
21 қараш 2017
197
0

Сан есімнің емлесі (6-сынып)

 

«М.Ғабдуллин атындағы жалпы білім беретін орта мектеп» КММ

 

       Сабақтың тақырыбы:     Сан есімнің емлесі

 

Өткізген: Халелова Э.М.

 

 

Сабақтың тақырыбы:     Сан есімнің емлесі

 

Сабақтың мақсаты: 1.Оқушыларға сан есімнің емлесін түсіндіру

                                  2.Сөз таптары жайлы түсініктерін нығайту

                                  3.Қатесіз, әдемі жазуға тәрбиелеу

 

Сабақтың түрі:  Саяхат сабақ

 

Сабақтың көрнекілігі: компьютер, видеопроект, суретті карточкалар, суреттер, т.б

 

Сабақты өткізу әдіс-тәсілі: сұрақ-жауап, талдау, ойын ойнату,сиқырлы есептер, т.с.с

 

Сабақ барысы: Ұйымдастыру

                             Психологиялық дайындық және өткенді еске түсіру

 

         Тақтадан мектептің суреті көрсетіледі. Балалар біз бүгін Астанаға бет алып, ондағы жаңалықты көзімізбен көрмекпіз. Жолда көптеген аялдамалардан өтеміз.Түгел жиналсақ, сөйлесіп алайық.

Оқушыларға әріптер таратылады, әр оқушы алған әріптерімен басталған сөзбен сұраққа жауап береді.

 – Атың кім?                                                        -  Қайда тұрасың?

  • Нешінші жылғысың? - Сенің ұнататын мұғалімің?
  • Досыңның қандай болғанын қалайсың? - Кім болғың келеді?
  • Өзің ұнататын пәннің аты          -Қандай түсті жақсы көресің?
  • Әкеңнің айлығы қанша? -Үйде нешеусіңдер? т.с.с

 

Автостанция

 Қабырғадағы кестемен танысайық.Сосын барып билет аламыз.

 /екі-екіден,адамгершілік, өнерлі, қызғылт, сезім, оннан екісі, бес, кітаптарды, он алтыншы, білгір,  отыз бестерге, Көкшетау, бесеу, таулардың, жап-жасыл, /

1.Сан есім: есептік, реттік, жинақтық, болжалдық, топтау, бөлшектік

2.Сын есім: сапалық, қатыстық

3.Зат есім: жалпы, жалқы, деректі, дерексіз

         Осы үш тапсырманы орындағаннан кейін билет ашылып, оны алып, автобусқа мінеміз.

Көкшетау

        Балалар, біз Көкшетау қаласына Келдік.Тақтада не дейді екен сонымен танысалық.

         Кешікпей екі мың сегізінші жылмен қауышамыз.

Біз биыл 12-ге толдық.

Мен 6-шы сыныпта, ағам Х сыныпта оқиды.

1986 жыл 16 желтоқсан. Менің басым екеу емес, біреу.

         Пойызда 100-деген адам болды.

Автобуста бір қатарда үш-үштен отырдық.

Оқушыларға сан есімді тапқызып, оның үстіне құрамдық және мағыналық түрлерін жазғызамын. Өзім сан есімнің емлесін осы мысалдар арқылы түсіндіремін.

   Оқушылар 178-жаттығуды орындайды, 3 оқушы тақтаға морфологиялық талдау жасайды.

                Екеуді,           алтыларда,       біріншісі

Билет алынып, пойыз жолға шығады. Аялдамалар жарияланып отырады.

 

Бурабай

         Бурабай табиғат суреттері көрсетіледі. Құрамында сан есімдері бар сөйлемдер құрастыртамын.

 

Макинка

Сөз табы нешеу? ( 9) Нешеуін өттік?(3) Олай болса осы өткен 3 сөз табының бірін атайсыңдар, келесісі оған қалған сөз таптарын қосып айтады.(Мысалы: зат есім – қала, сын.е-көрікті, сан.е-бір көрікті қала т.б)

 

Елтай

 Оқушыларға сан есім түрлеріне кезекпен ауыстыртып айтқызамын. (есептік-2,  реттік-екінші,   жинақтық-екеу,  болжалдық-екілерде,  топтау-екі-екіден,  бөлшектік-екіден бір т.б)

Ақкөл

 Балалар, біз жер ортадан астық, біраз сусап қалған шығармыз.Кішкене тынығып бірдеме ішіп алайық. Үш топқа үш тапсырма беріледі.Нәтижесіне ереже айтқызамын.

 1.Атасы 54 жаста, ал немересі атасынан 45 жас кіші.Немересі неше жас кіші? (54-45=9)

                           9-есептік, дара. Заттың нақтылы санын білдіреді.

 2.Жыл он екі айдың ішінде 30және 31 сандар ауысып отырады.Ал 28 саны қай айда кездеседі?(28 саны барлық айда)

                    28-күрделі, есептік. Заттың нақтылы санын білдіреді.

 3.2әже, 2бала және немересі дастарқан басында отыр.Дастарқан басында отырған адам саны нешеу? (Әжесі, баласы, немересі – үшеу)

                  Үшеу-дара, жинақтық. Заттың жинақталған санын білдіреді.

 

Шортанды

 Мұндағы жазумен таныса отырайық.Қатесі болса түзетерміз.

 ХХ - ғасырдағы мектеп, Астанаға сағат 8 дерде жетеміз. 1945жыл. Шортандыда 1000-ға тарта ауыл бар екен. Мұнда бір танысым 17  үйде тұрады. Жұмыс күні алтыау.

Өлең, тақпақ, мақал-мәтел, жұмбақ айтып жол қысқартайық.

 

Астана

 Мұнда не деп тұрғанын оқып, танысып алайықшы.

 Олимпиадаға он бес оқушы іріктелді.

 Атасы елуінде немере сүйді.

 Мұндағы кітаптар отыз-ақ.

Үш оқушы тақтаға шығып синтаксистік талдау жасайды.

         Міне балалар армандаған Астанаға да жеттік, енді қаланы аралап тамашалайық.

Оқушыларды бағалап, «5» алғандар тегін, «4» 50 % алғандар, «3» алғандар 75% төлеп Бәйтерек басына шығамыз. Келесі жолы барлығымыз тегін кіру үшін «5»-ке жауап берейік.

Үйде осы көргендеріңнен сан есімі бар қысқаша әңгіме жазып келіңдер.

 

м а с о т е б ж ә д и к л м н р  

Мақаламен бөліс

Ілмектер:сан есім
Пікір беру
Пікіріңіз:
Полужирный Наклонный текст Подчёркнутый текст Зачёркнутый текст | Выравнивание по левому краю По центру Выравнивание по правому краю | Вставка смайликов Вставка ссылкиВставка защищённой ссылки Выбор цвета | Скрытый текст Вставка цитаты Преобразовать выбранный текст из транслитерации в кириллицу Вставка спойлера
Суреттегіні еңгізіңіз:*
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив