РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТАНЫМДЫҚ ПОРТАЛЫ
Қазақ тілі әдебиет
17 ақпан 2018
163
0

Тарихи тұлға. "Пір Бекет ата"

 

Тақырыбы: Тарихи тұлға. Пір Бекет ата

Мақсаты: Балаларға Пір Бекет ата туралы түсінік беру. Маңғаз Маңғыстау мекенімен таныстыру.

 Әдіс – тәсілдері:Шаттық шеңбері, сұрақ - жауап, слайд, ойын, әңгімелесу сұрақ - жауап, сергіту.

Қажетті көрнекі құралдар: суреттер,слайд

 

Іс – әрекет кезеңдері

                Тәрбиешінің іс – әрекеті

 

Балалардың                        іс - әрекеті

 

 Мотивациялық қозғаушылық

Шаттық шеңбері:

Көкке шуақ шашылып

Құтты қонақ келіпті,

Төріме міне еніпті.

Амандасу үлкенге

Тәрбиенің басы ғой.

Ал,кәнеки бәріміз,

Сәлем дейік үлкенге.

Сәлеметсіздерме қонақтар.

Балалар қазір жылдың қай мезгілі?

Қыс мезгілінде табиғат қандай болады?

Тыныс алу жаттығуы:

Ендеше  біз қыс мезгілінің таза ауасымен бір тыныстап алайықшы.

1.Мұрнымызбен терең тыныс аламыз

2.Аузымызбен дем шығарамыз.

Суретпен жұмыс.   

-Балалар біздің Республикамыз қалай аталады?

-Біздің елбасымыз кім?

-Біздің астанамыз қай қала?

-Балалар біз қандай облыста тұрамыз?

-Біздің ауданымыздың атауы қандай?

 

 

 

 

Слайдпен жұмыс.

Балалар біздің Маңғыстау облысымыз 362 әулие атасы бар өте киелі жер.

Мединада- Мұхаммед

Түркістанда- ҚожаАхмет

Маңғыстауда- Пір Бекет демекші біз бүгін Маңғыстау облысында туылған тарихи адам Бекет ата Мырзағұлұлының өмірімен танысамыз. Балалар жалпы біздің облысымыздан өте текті әулие кісілер Шопан ата,Қараман ата, Қошқар ата, Бекет ата, және ақын жазушылар  Әбіш Кекілбаев, Ақын Сабыр Адай,Айтыскер ақын  Мэлс Қосымбаев сынды  кісілерде біздің Маңғыстауда дүниеге келген екен.

Балалар біздің ақын Сабыр Адай Маңғыстау жеріне арнап өлеңдер шығарған.

Іңкәр: Маңғыстауым

Бекет Ата Мырзағұлұлы (1750- 1813) - әулие, халық батыры, абыз көреген, ағартушы, сәулетші. Туып, өскен жері Жем өзені бойындағы Ақмешіт Құлжан, Маңғыстау өңірі. Бекет Атаның білімдарлық, батырлық, әділдік, еңбексүйгіштік, абыз көріпкелдік қасиеттері өз дәуірінде ерекше танылған. Халық оны айрықша қадірлеп, әулие тұтқан. Адайлар өзінің ұранына айналдырған. Халық Бекет Атаның өмірін, қысылғанға жар болған ерекше қасиетін, әулиелігін ықыласпен әңгімелеп, ұрпақтан ұрпаққа ұластырған.

Сергіту сәті:

Жүзімізге қараңыз,

Бал-бұл жанған баламыз.

Бізге қымбат күн шуақ,

Бізге қымбат анамыз.

Аспанға қарап ай көрдім,

Төменге қарап жер көрдім.

Оңға солға бұрылып,

Егеменді ел көрдім.

-Балалар бір серігіп алдық, енді орнымызға отырайық.

Балалар біз әркез өз ұлтымыздың салт-дәстүрін,ұлттық киімдерімізбен,ұлттық ойындарымызды білуіміз керек.Біздің көптеген салт-дәстүрімізбен,ұлттық ойындарымыз бар.Ұлттық ойындар: арқан тарту, қыз қуу, қанталапай, асық ату, көкпар,алтыбақан,асық ату т.б Балалар ендеше баріміз бірге ойын ойнайық.

Ойын: «Алтын сақа»

 

Балалар  бүгін бізге  Бекет атаның өмірін зерттеуші тарихшы Досан атамыз қонаққа келді.

 

 

Балалар шаттық шеңберге тұрып, көңілдене қимыл – қозғалыс жасап қонақтармен

амандасады.

 

 

 

 

Қыс мезгілі

Салқын,қар жауады

Балалар тыныс алады.

 

Қазақстан Республикасы

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев

Астана қаласы

Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы.

 

 

 

 

 

 

Балалар мұқият тыңдайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Балалар өлеңге сай қимылдар жасайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ойынды қызыға ойнайды.

 

Ұйымдастырушылық -ізденушілік 

   кезеңі

 

Ғажайып сәт:

Қонаққа Досан ата келеді.

-Досан ата: Амансыңдарма балаларым!

-Педагог: Досан ата біз сіздің Бекет атаның өмірін зерттегеніңізді білеміз. Біздің балалар  Бекет атаның өмірімен, ерекше қасиетімен жақынырақ танысқылары  келеді. Бізге бар білгеніңізді айтып берсеңіз.

-Досан ата: Бекет Ата Мырзағұлұлы (1750- 1813) - әулие, халық батыры, абыз көреген, ағартушы, сәулетші. Туып, өскен жері Жем өзені бойындағы Ақмешіт Құлжан, Маңғыстау өңірі. Бекет Атаның білімдарлық, батырлық, әділдік, еңбексүйгіштік, абыз көріпкелдік қасиеттері өз дәуірінде ерекше танылған. Халық оны айрықша қадірлеп, әулие тұтқан. Бекет Ата төрт мешіті бар. Оның бірі маңғыстаудан қашық емес, Оғыландыда, екіншісі Бейнеуде, үшіншісі Жем бойында, төртіншісі Арал жағасындағы Баялыда» . Бекет Ата бүл мешіт-медреселерде құдайға құлшылық еткен, бала оқытқан. Бекет ата - ескерткіш ғимараттары - МаңғыстауҮстіртЖем бойындағы Бекет Ата есімімен байланысты жер асты ғимараттарының ортақ атауы. Олар туралы халық жадында сан алуан аңыздар сақталған.Атаның Оғыландыдағы жер асты ғимараты жақсы сақталған.

Ал балаларым, менің әңгімелерім сендерге түсінікті болдыма?

Мен сендерді тек Бекет атаның өмірімен таныстырып қоймай қазақтың ұлттық ойындарыменде таныстыруға келдім.

«Асық ату» ойыны

Досан ата: Балаларым менің сендер секілді өз туған жерінің тарихын білгісі келетін бүлдіршіндер өте көп менің басқа балаларғада баруым керек.Сау болыңдар балақайлар!

Педагог: Балалар Бекет атаның өмірі туралы көптеген жазушы ағаларымыз кітаптар жазған екен. Бүгін мен сендерге арнап сол кітаптардан көрме ұйымдастырдым.Тамашалайықшы.

 

Балалар атамен амандасады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Балалар атаның әңгімесін мұқият тыңдайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Иә, ата.

 

 

 

 

Балалар ойынды белсене ойнайды.

 

Балалар Досан атамен қоштасады.

 

 

Көрмені тамашалайды.

 

Іс – әрекеттің бағалау кезеңі

Педагог балаларға сұрақтар қою арқылы оқу іс-әрекетін аяқтайды.Балалар қонақтармен қоштасады.

Сұрақтарға жауап береді

                          

                                        Күтілетін нәтиже:

Нені біледі: Туған жерге деген сүйіспеншілікті

Қандай түсініктерді игерді:  ұлттық салт-дәстүрлерді

Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: ұлттық ойындарды ойнауды

 

 

Мақаламен бөліс

Пікір беру
Пікіріңіз:
Полужирный Наклонный текст Подчёркнутый текст Зачёркнутый текст | Выравнивание по левому краю По центру Выравнивание по правому краю | Вставка смайликов Вставка ссылкиВставка защищённой ссылки Выбор цвета | Скрытый текст Вставка цитаты Преобразовать выбранный текст из транслитерации в кириллицу Вставка спойлера
Суреттегіні еңгізіңіз:*
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив