РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТАНЫМДЫҚ ПОРТАЛЫ
Қазақ тілі әдебиет
20 ақпан 2018
219
0

ЖҚТБ –ғасыр індеті

Алматы облысы

Ұйғыр ауданы

«№4 Шонжы орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен» КММ

қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

АЛИМПИЯЕВА КУРАЛАЙ КОСАУМАСОВНА

Тақырыбы:  ЖҚТБ –ғасыр індеті

 

Мақсаты:   Оқушылардың бойына салауатты өмір салтын берік қалыптастыру.Жеке тұлғаның санасын дамыту, денсаулығын сақтай білуге үйрету.Зиянды әрекеттен аулақ болуға тәрбиелеу.    

Көрнекіліктер: Слайд , бейнебаян , кітапшалар ,сахналық қойылым.

Сабақтың  түрі: Ашық сабақ

Сабақтың барысы

Жүргізуші : Құрметті ұстаздар мен оқушылар , 1 желтоқсан дүниежүзілік    СПИД-пен күрес күні. Осыған орай мектебімізде «ЖҚТБ-ғасыр індеті» атты           8 «а»  сыныбы ашық сабақ өткізбекші. Ендеше өзіміздің бар білетінімізді ортаға салып , ой бөлісейік.  

Жүргізуші :Бүгінгі күнгі үлкен қатерлі жағдайдың бірі аурулардың көбеюі, соның ішінде  СПИД-тің кең етек алуы.

«Санаға саяхат»  слайдтағы  сұрақтарға жауап беру арқылы оның шығу тарихы айтылады.

  1. ЖҚТБ-ы дегеніміз не ?

ЖҚТБ- дегеніміз Жұқтырғыш Қорғаныш Талшығының Белгісі  деген мағынаны білдіреді.

  1. Адамдар бұл ауруды қалай жұқтырады ?
  2. Қазақстанда осы ауруды жұқтырғандар бар ма?
  3. Біз осы ауруға күрес жүргізу үшін не иістеуіміз керек ?
  4. Егер осы ауруды жұқтырған жағдайда  кеңес алу үшін немесе  тексерілу үшін қайда бару керек?

 «ЖҚТБ»  туралы  бейнетаспадан  көрсетіледі.

Гүльназ :            ЖҚТБ деген  тағы  да  бір  жау шықты

                            Жер астына жөнелтті небір албыртты

                            Ажал себер  аждаһадан аулақ бол,

                           Жастар неге сақтамайды  саулықты ?

 

Сахналық  қойылым ./ Монолог/  ЖҚТБ  құрбаны.

Мұңды музыка. Сахнаға  жігіт  шығады.

Уа, жаратылыс! Сен естисің бе мені ? Жұмыр басты  пенденің   зарын

тыңдашы бір сәт !

Ұйықтайын десем қорқамын.

Өзімнен өзім сыр таптым,

Өле алмай жүрген сырқатпын.

Шіріген картоп сияқты,

Бұрышында қалған бір қаптың.

Өзімнен өзім тістенем ,

Шарабым тұр ішпеген.

Медбике :                                    Инемен   таза  денеңді

Тесуге неге келістің ?

Көк түтінмен уланып ,

Ащы суды неге іштің ?

Төсекке , асыл азамат

Ауру меңзеп құлайсың

Дәрігерді  мазалап ,

                                                 Не үшін енді жылайсың  ?

Жігіт :         Бұл тірлікте не тындырдым  , не көрдім

                     Құрбанымын  ЖҚТБ  деген кеселдің

                    Ақтамай-ақ  кетіп барам арманын

                  «Жалғыз бала» деп өсірген әкемнің

                   Кім кінәлі , аялаған анам ба ?

                       Улы  дерттің  құрбаны  мен  болам  да,

   Жас  жеткіншек ! Өлер кезде айтып кету  борышым

Жат әдет пен темекіге , есірткіге жоламаңдар сол  үшін !

Жігіт  жан төзгісіз азапқа  түсіп құлайды.  Бұл оның ақтық  сөзі еді.

Жүргізуші :  Өздеріңіз  көріп отырған сахналық  көріністен ЖҚТБ құрбаны болған  жігіттің  жан айқайы  бізді  ойландырары сөзсіз. 

Данагүл :             Уа, халқым, назар аудар денсаулыққа,

                              Өмірде бақыттысың денің сауда

                             «Денсаулық – терең бақыт» деген сөзді

                            Құр айтпаған ғұлама  данамыз да.

 Постермен жұмыс  «ЖҚТБ- ғасыр індеті»

Жүргізуші:  ЖҚТБ адамзат алдында тұрған күрделі және қиын мәселе. Ол           тек   медициналық  емес , әлеуметтік  мәселе.   Н.Ә.Назарбаевтың           «Қазақстан-2030» стратегиялық бағдарламасында барша жастарды салауатты өмір салтын ұстануға шақырады. Өзіміз өмір сүріп отырған ортада өмірге қауіпті наша , темекі  сияқты улы нәрсеге әуес болмайық , қымбатты біздің  жас жеткіншектер !

Қорытынды:  Денсаулық – шексіз  бақыт , халқым менің

                         Сондықтан денсаулыққа  көңіл бөлгін

                          Қолдағы алтынның қасиетін біліп,

                          Күтіп , баптап , аяла  халқым менің.

Елбасымыздың  «Ұлт денсаулығы –біздің табысты болашағымыздың негізі» деген  ұлағатты сөзімен  тәрбие сағатымызды аяқтай келе  мектеп медбикесі мен   директордың  тәрбие  ісі  жөніндегі  орынбасары Ж.А. Смагуловаларға қорытынды сөз кезегін берейік.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тақырыбы:   Мемлекеттік    Рәміздерді   құрметтеу –  парызымыз !

Мақсаты: Оқушыларды тәуелсіз еліміздің мемлекеттік нышандарын  мақтан тұтуға , құрметтеуге , сақтауға , әрқашан  биік  ұстауға , елін ,                                     ата – бабаларымыздан  мұра  болып  қалған  жерін  сүюге  тәрбиелеу.

Әдісі:  Кіші топтар арасындағы сайыс

Көрнекіліктері : Слайд , бейнебаян , рәміздердің суреттері

Барысы:  Гимн  орындалады

Кіріспе:

Мұғалімнің  сөзі : Бүгінгі біздің тәрбие сағатымыздың мақсаты – еліміздің мемлекттік нышандарын қаншалықты білетіндігімізді байқау.

Жүргізуші: Бүгінгі сайысымыздың тапсырмалары:

  • Елтаңбаның шығу тарихы.
  • Тудың шығу тарихы.
  • Егеменді елдің рәміздері туралы.

Негізгі бөлім :

Жүргізуші: Ал енді, қазақ халқының  әр руында өз таңбасын белгілеу неден басталған екен , осыны біз «Нұраның таңбалары» атты көріністі тамашалай отырып , білетін боламыз.

Сахналық көрініс  «Нұраның таңбалары»

Автор: 1466 жылы күз айында Сарыарқадағы  Нұра өзенінің бойындағы «Қаратұз» деген  жерде  халық  жиналды.

Жәнібек: Қазақ  тайпаларының басын қоссақ.

Керей : Қазақ тайпаларын біріктіріп , қазақ хандығын  құрсақ , Іргемізді кеңейтсек.

Асан Қайғы: Кімнің дос ,кімнің қас екенін білу үшін , әр рудың өз таңбасын белгілеп берсек. Таңбаны  анықтағанда , әр рудың ерекшелігі ескерілсе.

Автор:  Асан Қайғы әр  рудың тыныс –тіршілігін ескере отырып , таңба үлестірді.

Асан Қайғы : Халқымызға жау тисе , ең алдымен атқа қонған жаужүрек Қыпшаққа – айбалта , Үйсінге – жалау , Жалайырға – шылбыр ,            Найманға –бақан , Арғынға –көзтаңба , Адайға – садақ пен оқ ,           Жаппасқа – түйе  мойнақ. 

Автор : Бұл  таңбалар Қаратұздың жарына қашалып түсіріледі. Сол күннен бастап   «Нұраның таңбалығы» деп аталады.

Жүргізуші:          

Тұнығындай көңілдің                                                                                                                                                                                           Елтаңбасы  елімнің                                                                                                                Неткен ғажап әдемі ,                                                                                                          Ортада аспан  әлемі!

Елтаңбаның шығу тарихы бойынша сұрақтар

Елтаңбадағы  шаңырақ  нені білдіреді ?   Елтаңба не үшін керек?  Елтаңба авторы кім?

Көк аспандай көкпеңбек

Қазақстан жалауы.

Көк емес ол тектен – тек

Елдің ашық  қабағы

  Тудың  шығу тарихы бойынша сұрақтар:

Ежелгі тулар жайында не білесіңдер ?

Матадан жасалған тулар  тарихы жайлы әңгімеле

Туды қалай қастерлеген ? Тудың авторы кім ?

Егеменді елдің рәміздері туралы сұрақтар: Қазақстан тәуелсіздікке қашан жетті ? Гимн қашан қабылданды , оның авторлары кім ?                                                                      

Бейнебаян «Мемлекеттік рәміздер»  көрсетіледі.

Қорытынды

Мемлекттік рәміздерді құрмет тұту – әрбір қазақстандық азаматтың міндеті. Тәуелсіз мемлекет болудағы ең басты белгілеріміз – желбіреген көк байрағымыз , әдемі Әнұранымыз және Елтаңбамыз. Еліміздің   нышандары мемлекетіміздің  ішкі –сыртқы саясатын  саясатын айқындайды. Ендеше, бүгінгі тәрбие сағатымызды  «Елім менің»  бейнебаянмен  аяқтайық.

 

 

Мақаламен бөліс

Пікір беру
Пікіріңіз:
Полужирный Наклонный текст Подчёркнутый текст Зачёркнутый текст | Выравнивание по левому краю По центру Выравнивание по правому краю | Вставка смайликов Вставка ссылкиВставка защищённой ссылки Выбор цвета | Скрытый текст Вставка цитаты Преобразовать выбранный текст из транслитерации в кириллицу Вставка спойлера
Суреттегіні еңгізіңіз:*
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив