РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТАНЫМДЫҚ ПОРТАЛЫ
Өзін-өзі тану
3 қаңтар 2017
601
0

Жақсылық – жан жадыратады

Жақсылық – жан жадыратады

 

                Мақсаты: Оқушылардың «жақсылық» құндылығы туралы түсініктерін кеңейту.

                Міндеттері:

                - Жақсылық жасаудың адам өміріндегі мәнін ашу;

                - Жақсылықты түсіну, жақсылық жасау іскерліктерін дамыту;

                - Жақсылық жасауға тәрбиелеу.

                Шаттық шеңбері

                Мұғалім шаттық шеңберінде оқушылардың жағымды көңіл күй, шынайы қарым-қатынастарын қалыптастыру үшін Д.Әлімжановтың «Жақсы адам көңілі - күн» деген өлеңін оқиды және жақсылыққа жетелеу мақсатында бір-біріне жақсы сөз, жақсы тілек айтуды ұйымдастырады.

Жақсы адам көңілі – күн

Д.Әлімжанов

                Әңгімелесу

                Оқулықта берілген «Ойланайық пікірлесейік» сұрақтары арқылы мұғалім балалардың игерген біліктерімен өз бойларында қалыптасқан жақсы қасиеттерін айқындайды.

                Әңгімелесу барысында оқушылардың алған білімдерін өз іс тәжірибесімен салыстыруға мүмкіндік жасау мақсаты қойылады. Ол үшін оқулықта берілген сұрақтар қолданылады:

                Жақсылық, жамандық деген ұғымдарды қалай түсінесіздер?

                Жақсы болу, жақсылық жасауды қалай үйренуге болады?

                Жақсы сөз айту, жақсылыққа жата ма?

                Жақсылық жасау адам жасына байланысты ма?

                Жақсы адамның бойында қандай қасиеттер болады?

                Мұғалім оқушыларға жақысылық жасаудың не екенін және адамның бойында қандай қасиет болғанда ғана жақсылық жасай алатынын түсіндіреді. «Жақсы сөз айту, жақсылыққа жата ма? » деген сұрақтарды талдау барысында оқушылардың өз ойын ортаға салуға жетелейді.

                Жаңа ақпарат

                Оқулықта берілген «жаңа ақпаратты» талдау  барысында оқушылардың өткен сабақта алған білімдерін түйіндейді және қандай адам жақсылық жасай алатынын, жақсылық жасаудың адам өміріндегі маңыздылығына көңіл бөлінеді. Жаңа ақпарат сабақтың мақсат, міндеттерін  айқындай түсу үшін қолданылады.

                Адамгершілік пен имандылық Жақсылық алып келеді.

Адамға  жағымды нәрселердің бәрі Жақсылық ұғымы арқылы жүзеге асады. Осы қасиет арқылы жас та, кәрі де өзінің мақсат-мүддесіне, арман-тілегіне, болашақтан үміттенуіне сенімін білдіреді. Жақсылық арқылы жеке адамдардың іс әрекеттеріне, қоғамдық қатынастарына, адамаралық байланыстарына баға беріледі. Жақсылық адамның ізгілігін анықтайды.

 

Мәтінмен жұмыс

Мұғалім оқушылармен бірге А.Құнанбаевтың «Жиырма үшінші сөз» атты қара сөзін оқып, талдау жасау арқылы олардың бойында жақсы қасиеттердің қалыптасуына және жаман қасиеттерді болдырмауға, әр істен өздері қорытынды жасай білуді үйренулеріне назар аударады.

Жиырма үшінші сөз

Абай

Мұғалім қара сөздің мазмұнын ашатын сұрақтар арқылы оқушыларға негізгі ойларды таптырып, адам бойындағы жақсы, жаман қасиеттерді талдап, «жақсы мен жаман» туралы өз пікірлерімен пайымдауына көмектеседі.

Назар аударыңыз

Ж.Кененбай

Дәптермен жұмыс

Мұғалім оқушы дәптерінде оқушыға арналып, «Мен бүгін:» айдарымен берілген әр сабаққа арналған аффирмациялардың өзіне ұнаған біреуін таңдап алуды ұсынады.

Оны талдау немесе өз ойын білдіруді оқушының өз еркіне қалдыруға болады.

Мұғалім оқушыларға «Сахналау» айдарымен берілген тапсырмаларды рөлдермен орындату арқылы адамдардың өмірде бір-біріне жақсылық жасауын айқындай түседі. Оқушылар өздері құрастырған сахналау барысында ақын, жазушы, суретші, ғалым ретінде адамдарға жасаған жақсылықтарын айтады. Сахналауды орындауда мұғалім жақсылықты қайтарымсыз жасау қажет екенін түсіндіреді. Оқушылар өз қалаулары бойынша әр түрлі мамандықтарды да мысалға алып, тапсырманы орындауына болады.

Төменде берілген тізімнен өзіңе ұнаған біреуін таңдап алыңыз. Олардың адамдарға жасайтын жақсылықтарын ойланып, сахналап беріңіз.

Ақын:

Жазушы:

Суретші:

Ғалым:

Дәйексөз

Мұғалім сабақты оқулықта берілген дәйексөзді талдаумен жалғастырады:

М.Әлімбаев

Мұғалім оқушыларға жақсы адаммен сөйлессең, көңілің ашылатынын, рухани азық алатынын түсіндіреді.

Мәтінмен жұмыс

Мәтінді оқып талдауда жақсылық, жақсылық жасай білуді түсіндіруде әңгіме мазмұнындағы «Кез келген сөз емес, жақсы сөз, адам жанына мейір шуағын себетін жылы лебіз ырысқа, жақсылыққа бастау болады. Қиын жағдайда досыңа бір ауыз жақсы сөз айтып, көмектесе алсаң жақсылық жасағаның, яғни «жарым ырыс» деген сол» делінген негізгі ойға баса назар аударылады.

Сөз құдіреті

А.Қоныс

Тыныштық сәті

Мұғалім баланың жүрек соғу ырғағы мен тыныс алуын реттеу үшін «Тыныштық сәті» әдіс-тәсілін қолданады. Тыныштық сәті толықтай тыныштықта өткізіледі немесе баяу музыка қоюға болады.

Тапсырма

Оқушылардың жақсы сөз айтудың маңызын аша түсу үшін төмендегідей тапсырма беріледі. Тапсырманы жекелей немесе топпен жұмыс түрінде орындауларына болады. Тапсырманы орындау балаларды ойландырып, белсенділіктерін арттырады және оқушылардың адамдарға жақсылық жасауға көқарастарын пайымдаумен өз ойларын ортаға  салуға, оларды жағымпаз болмауға, адалдыққа, әділдікке тәрбиелеуге бағытталады.

«Жақсы сөз айту – жағымпаздық...»  тақырыбында пікірталас ұйымдастырыңыз. Өз өмірлеріңізден мысал келтіріп, көзқарасыңызды дәлелдеңіз.

Шығармашылық жұмыс

Мәтіндерді оқып, ой бөлісіңіз. Өз ұсынысыңызды жинақтап, жақсылыққа жету жолы шағын әңгіме жазыңыз.

Шығармашылық жұмысты орындатуға оқулықта берілген ұлағат сөздердің үзінділерін оқып шығу барысында жақсы мен жаманды айыра білу, өмірде жақсылық жасаудың маңыздылығын ұғындыру мақсаты қойылады. Шығармашылық жұмысты жекелей немесе топпен орындатуларына болады.

Конфуций

Платон

Дейл Карнеги

Дәптермен жұмыс

Оқушылардың жақсылық туралы түсініктерін кеңейте түсу үшін төмендегідей тапсырма беріледі. Тапсырманы орындау балаларды ойландырып, белсенділіктерін арттырады және оқушылардың адамдарға жақсылық жасауға көзқарастарын пайымдаумен өз ойларын ортаға салуға, оларды мейірімділікке, жанашырлыққа тәрбиелеуге бағытталады.

Төмендегі тапсырма бойынша өз бойыңыздағы жақсы қасиеттердің бірін таңдап, сөйлемді аяқтаңыз. Өз өміріңізден мысал келтіріп, түсіндіріңіз.

Жүректен жүрекке

Мұғалім оқушыларды бір-бірінің қолынан ұстатып, шеңбер құрып, Ә.Нілібаевтің «Ар» атты өлеңін оқуға шақырады. Адамның жақсы болуы да, жаман болуы да өз қолында оның ар, ұятына байланысты екеніне тоқталып, келесі сабақтың тақырыбына назар аудартады.

                                                   Ар                                            Ә.Нілібаев

Мақаламен бөліс

Пікір беру
Пікіріңіз:
Полужирный Наклонный текст Подчёркнутый текст Зачёркнутый текст | Выравнивание по левому краю По центру Выравнивание по правому краю | Вставка смайликов Вставка ссылкиВставка защищённой ссылки Выбор цвета | Скрытый текст Вставка цитаты Преобразовать выбранный текст из транслитерации в кириллицу Вставка спойлера
Суреттегіні еңгізіңіз:*
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив