РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТАНЫМДЫҚ ПОРТАЛЫ
Өзін-өзі тану
3 қаңтар 2017
638
0

Ізгілікке бастар жол

Ізгілікке бастар жол

 

        Мақсаты: Оқушылардың өзін-өзі танудың адам өміріндегі мәнділігі жөніндегі ұғымдарын дамыту.

        Міндеттері:

  • Оқушыларға ізгілік ұғымы туралы түсінік беру;

- Оқушыларды ізгі істерге жетелейтін адамгершілік қасиеттерін дамытуға ықпал ету;

- Мейірімді, ықыласты болуға тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: Аудиокассета.

Шаттық шеңбері

Мұғалімнің басшылығымен оқушылар шеңберге жиналып, бір-бірімен сәлемдеседі. Алғашқы сабақ болғандықтан, бірін-бірі көргеніне қуанышты екенін білдіріп, жақсы тілек айтады:

- Сәлеметсің бе, ...? Мен сені  көргеніме қуаныштымын. Саған ... тілеймін.

Содан соң балалар қол ұстасып, көңілді қимылдар жасап, «Ризашылық» әнін шырқайды.

Ризашылық әні

Сөзі мен әні Луиза Хейдікі

 Әңгімелесу

Оқулықтағы «Ойланайық, пікірлесейік» айдары әңгімелесу өткізу мақсатында ұсынылған. Әңгімелесу үшін төмендегідей сұрақтар берілген:

Өзін-өзі тану сабақтарынан қандай жақсы қасиеттерді үйрендіңдер? 

Осы қасиеттер іс жүзінде қандай көрініс табады?

Өзіңе және өзгеге жасаған ізгілік істерің сендерді қандай сезімге бөлейді?

Жазғы демалыста жасаған ізгі істерің туралы айтып беріңдер. 

Оқу ақпараты

«Оқу ақпараты» оқушылардың «Ізгілік» құндылығы жөніндегі білімдерін айқындай түседі.

«Адам өмірі мен іс-әрекетіндегі жағымды қарым-қатынас пен сүйіспеншілік ізгілік сезімін тудырады. Ізгілік адамның өзіне және өзгелерге жасаған жақсы, игі, адал істерін қамтиды. Ізгілікті іс игілікке жеткізеді» деген «Оқу ақпаратын» мұғалім өзі оқып таныстырады.

Мәтінмен жұмыс

Мәтінмен жұмыс жүргізу үшін оқулықтың «Оқып үйренейік» айдарында ұсынылған оқу материалы оқушыларға сабақ тақырыбын кеңірек мергерту мақсатын көздейді.

Осы мақсатта Жүсіп Баласағұнидың «Құтты білік» атты шығармасынан үзінді түрінде алынған «Ізгілік» өлеңін мұғалім оқушыларға оқып талдауды ұсынады. 

Ізгілік

(«Құтты білік» шығармасынан үзінді)

Жүсіп Баласағұни

Тыныштық сәті

Тыныштық сәті - өзін-өзі тану сабақтарында баланың жүрек соғу ырғағы мен тыныс алуын реттеу үшін қолданылатын тәсіл.

Тыныштық сәті толықтай тыныштықта өткізіледі немесе баяу музыка қоюға болады.

Осы жаттығуды орындату барысында мұғалім балалардың дене қалпын еркін ұстап, дұрыс тыныс ала білуіне баса назар аударуы тиіс.

Балалардың көңіл-күйі көтеріңкі болып, өздерін жақсы сезінуіне тыныштық сәтінің пайдасы мол.

Тапсырма

Сабақты тапсырма берудің мақсаты – оқушылардың оқу белсенділіктерін арттырып, ізгілік туралы түсініктерін бекіте түсу.

Оқулықта мынадай тапсырма берілген:

Мейірімді және ықыласты болуға жетелейтін игі істер мен жақсы әрекеттер топтамасын  жасаңдар.

Оқушылардың тапсырманы жекелей немесе топпен жұмыс түрінде орындауларына болады.

Түйіндеме

Мұғалім оқушыларды түйіндемемен таныстырады.

Аданың мейірімді, ықыласты болуы, елін, жерін сүюі, танып-білуге құштарлығы, еңбексүйгіштігі  ізгі істер мен жақсы әрекеттерге жетелейді.

Дәптермен жұмыс

1-тапсрыма

Нақыл сөзді оқыңдар.

Мен кіммін? Менің өмірімдегі мақсатым не? деген сұрақтарға негізінде ой тұжырымдарыңды жасаңдар.

2-тапсырма

Мәтінді оқыңдар. Өз өмірлік мұраттарыңды мәтіндегі пікірмен  сәйкестендіре аласыңдар ма? Мысалдармен дәлелдеп айтып беріңдер.

Жүректен жүрекке

Сабақты қорытындылап, аяқтау мақсатында оқушылар мұғаліммен бірге шеңберге жиналады.

Оқушылар сабақ тақырыбын тиянақтау үшін кезекпен «Ізгілік дегеніміз, меніңше...»-деген ойды жалғастырып, өз тұжырымдарын жасайды.  

 

 

Мақсаты: Оқушылардың өзін-өзі танудың адам өміріндегі мәнділігі жөніндегі ұғымдарын дамыту.

        Міндеттері: 

  • Оқушыларға ізгілік ұғымы туралы түсінік беру;

- Оқушыларды ізгі істерге жетелейтін адамгершілік қасиеттерін дамытуға ықпал ету;

- Мейірімді, ықыласты болуға тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: Аудиокассета.

Шаттық шеңбері

Мұғалімнің басшылығымен оқушылар шеңберге жиналып, бір-бірімен сәлемдеседі.

Оқушылар кезекпен «Ізгі іс» дегенді қалай түсіне-тіндіктерін айтып шығады:

«Мен үшін ізгі іс – ол...».

Мәтінмен жұмыс

Мәтінмен жұмыс жүргізу үшін аңыз әңгімені оқып талдау ұсынылады.

Аңыз әңгімені мұғалім ауызша әңгімелеп беруіне немесе алдын ала тапсырылған оқушылардың айтуына болады. Содан соң балалар әңгімені өз бетінше оқып шығады. Оқушылар мәтін соңында берілген сұрақтарға жауап береді.

Оқушылар әңгіме мазмұнын талдау барысында жаман ниет, қайырымсыздықтың залалы қандай жағдайға душар ететініне көз жеткізеді. «Жазықсыз жанға жауыздықпен жасаған әрекеті өз алдына келеді», - деп неліктен айтылғанын, яғни «жақсылыққа жамандық жасаудың» мәнісін ұғады.

Аңыз әңгіме

Дәйексөз

«Кімде кім өзін сүйсе, туысқандарын сүйсе, өз елін сүйсе, әсіресе, адам баласын бауырым деп білсе, сол адамды ізгі атаймыз» деген Мағжан Жұмабаевтың нақыл сөзінің мағынасын қалай түсінетіндерін мұғалім оқушылардан сұрайды.

Оқушылардың дәйексөз мағынасын кеңірек түсінуі үшін мұғалім «алдымен адам өзін сүйе білуі керек, өйткені өзін сүйе білген, өзгені де сүйе алады, адамның сүю сезімі өзінің жақындарын, туған-туыстарын, айналасындағы адамдарды елін, жерін сүюге, бүкіл адамзат баласын бауырындай сүюі үлкен сүйіспеншілікке ұласады. Міне, лсындай адамды «ізгі жан» деп айта аламыз» деген ой түйіндейді.

Тапсырма

Оқулықта оқушылардың ізгі іс туралы білімдерін бекіту үшін мынадай тапсырма беріледі:

Еліңе қызмет етудің ізгі іс ретіндегі  мәнін мысалдармен дәлелдеңдер.

Оқушылар тапсырманы орындау жолдарын ойластырады. Мұғалім оқушыларға елге қызмет етуді осы жас шамаларына лайықты немесе келешекте еліне қандай қызмет ететінін елестете отырып, тапсырманы орындауға бағыт береді. Сондай-ақ мұғалім еліңе қызмет етудің ізгі іс екенін неден, қалай көруге болатынын оқушылардың сезініп, оны сипаттап айтып берулерін қадағалайды.

Тапсырманы балалар жекелей немесе топпен орындауларына болады. Орындаған тапсырманы сынып алдында жария етеді.

Түйіндеме

Оқушылардың назары «Ақ ниет, кеңпейілділік, адалдық пен қайырымдылық сияқты ізгі істер бақыт пен дәулетке жеткізеді» тұжырымына аударылады.

Бұл тұжырымды мұғалім төмендегідей таратып түсіндіруіне болады.

Ақ ниеті деп көнілі таза, пейілі ақ, адал пиғылды адамды айтамыз. Ниет ықылас-ынтаны білдіреді. Ол адамның мінезімен, ерік-жігерімен, мақсат мүддесімен сабақтасып жатады. Адалдық –шыншылдық, әділдік уәдесінде тұрушылық сияқты қасиеттердің жиынтығы. Адал адамның бойында таза ниет, имандылық, жауапкершілік молынан табылады. Адал адам іс-әрекетті беріктікпен, тазалықпен адал орындайды, басқаға қиянат жасамайды, шындықты қорғайды, Отанға беріле қызмет етеді. Кеңпейілділік – адам бойындағы жақсы қасиет. Кеңпейіл адам айналасына жайлы, қолы ашық, алды кең, пейілі жомарт болып келеді. Қайырымдылық – адамның асыл қасиеті. Қайырымды кісінің айналасындағы адамдарға ықыласы мен көмегі, адамгершілік қарым-қатынасы мол болады.

Дәптермен жұмыс

3-тапсырма

«Ізгілік» сөзжұмбағын шешіңдер.

4-тапсырма

мәтінді оқыңдар. Ата-ананы, үлкендерді қалай құрметтеу керектігі жөніндегі өз ойларыңды айтып беріңдер.

Жүректен жүрекке

Оқушылар шеңберге жиналып, «Бақытты балалық шақ» әнін бірге орындайды.

Бақытты балалық шақ

Сөзі Н.Исабаевтікі

Әні С.Қалымовтікі

Мақаламен бөліс

Пікір беру
Пікіріңіз:
Полужирный Наклонный текст Подчёркнутый текст Зачёркнутый текст | Выравнивание по левому краю По центру Выравнивание по правому краю | Вставка смайликов Вставка ссылкиВставка защищённой ссылки Выбор цвета | Скрытый текст Вставка цитаты Преобразовать выбранный текст из транслитерации в кириллицу Вставка спойлера
Суреттегіні еңгізіңіз:*
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив