РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТАНЫМДЫҚ ПОРТАЛЫ
Өзін-өзі тану
3 қаңтар 2017
540
0

Жақсылық – жан азығы

Жақсылық – жан азығы 

 

        Мақсаты: Оқушылардың жақсылық, игілік, адамгершілік  қасиеттер туралы түсініктерін дамыту.

        Міндеттері

        - Оқушылардың ізгілік, жақсылық туралы ұғымдарын кеңейту;

        - Оқушыларды жақсылықты бойларына сіңіруге, жағымды қарым-қатынас жасай білуге үйрету.

        - Сүйіспеншілікке, ойлылыққа, сезімталдыққа тәрбиелеу.

        Көрнекіліктер: үнтаспа.

        Шаттық шеңбері

        Мұғалім оқушыларды шеңберге шақырады.

Арманым

С.Торайғыров

                        Барлық адам баласы

Өзіндей көрсе өзгені –

Озбірлық өшіп қарасы,

Өзімшілдік өлгені.

 

Әлемдегі ғаламат

Игілікке арналса,

Өнері ортақ азамат

Еңбекте ғана арналса.

 

Оқу-білім өркеймек,

Елге егіп пайдасын.

Ел жетіліп көрмеймек,

Өнер қанат жайғасын.

 

Әлемдегі терең сыр

Ғылыммен ғана ашылмақ.

Асау, тағы ой мен қыр

Керекке жарап, бас ұрмақ.

        Әңгімелесу

        Әңгімелесу әдісі бойынша ұсынылған сұрақтар оқушылардың рухани-адамгершілік білімдерін кеңейтіп, адами қасиеттер, өмірдің мәні туралы түсініктерін дамытуға ықпал етеді.

        Мәтінмен жұмыс

        Мәтінмен жұмыста жазушы М.Қалдыбайдың Бауыржан Момышұлымен сұхбаттасқан «Жеті сұраққа жауап» атты әңгімесін оқып, талдау берілген. Мәтінді талдау барысында мұғалім автордың қойған сұрақтары мен Бауыржан атаның оған берген жауаптарына оқушылардың баса назар аударып, мағынасына ден қойып ұғынуды тапсырады. Оқушылар өмірдің мәнін, оның сан қырлы жақтары жайлы мәтінде пайымдалған сүбелі ой-пікірлерден сабақ алады. Мәтінмен жұмыс кезінде оқушылар адами асыл қасиеттердің адамшылық тұрғысынан қаншалықты маңызды екеніне көз жеткізеді.

 

Жеті сұраққа жауап

        Түйіндеме

        Түйіндемеде келтірілген тұжырымдар балалардың жақсылық туралы ойларын бекітеді.

 

                                      Ізгілік, мейірімділік

Жақсылық                    Сыпайылық, көпшілдік

                                      Жылы лебіз, ізгі ниет, ізгілік әдеттері

              Адал ниет, игі іс

 

        Тапсырма

        Тапсырма бойынша оқушылар нақыл сөздерді оқып, ондағы айтылған адамшылық қасиеттер туралы өз ойларын пайымдап айтып береді. 

                                            *   *   *

                        Өмірдің өкінбейтін бар айласы,

Ол айла – қиянатсыз ой тазасы.

Мейірім, ынсап, әділет, адал еңбек,

Таза жүрек, тату дос – сол шарасы.

Шәкәрім

                                            *   *   * 

Жақсы мінез, жарқын жүрек, парасат

Һәм денсаулық, әркімге де жарасад.

Алла кімге бұл төртеуін сыйласа,

Ол өмірден табар мәңгі рақат.

Рудаки

        Дәйексөз 

        Ыбырай Алтынсариннің «Көңіліңді, бойыңды мөлдір бұлақтай таза ұста» деген нақыл сөзі сабақтың дәйексөзі ретінде алынған.

        Мұғалім оқушылардан осы дәйексөздің мағынасын қалай түсінетіндерін сұрайды. Оқушылар өз ойларын ортаға салып, айтып береді. Мұғалім балалардың айтқан пікірлерін жинақтап, қорытындылайды.

        Дәптермен жұмыс

        1-тапсырма

        Дәптердегі 1-тапсырма бойынша оқушылар Әл-Фарабидің «Жақсы мінез-құлық пен ақыл күші болып, екеуі біріккенде – бұлар адамшылық қасиеттер болып табылады» деген нақыл сөзінің мағынасын қалай түсінетіндерін таратып айтып береді.

        Адамды жақсылыққа жеткізетін адамшылық қасиеттерді тізбелеп көрсетеді.

        2-тапсырма

        Өлеңді түсініп оқып, адам баласы тағы қандай жақсылықтарды жасай алатынын айтып беру тапсырылады.

 

                        Күн нұрына арманын малған да – Адам.

                        Жақсылықпен бір тыныс алған да – Адам.

                        Құлап түскен торғайдың балапанын

                        Ұясына көтеріп салған да – Адам!

Қ.Мырза Әлі

 

        3-тапсырма

        3-тапсырма бойынша оқушылар өлеңді оқып, ондағы айтылған адамгершілік қасиеттер туралы өз ойларын түйіндеп, шағын эссе жазады.

                                    

                        Еңбекке шыда, ебін тап та,

Сабырдың түбі – сары алтын.

Өзімшіл болма, көпті ардақта,

Адамның бәрі өз халқың.

 

Нысап пен мейірім, әділетті

Жаныңдай көріп, жан сақта.

Ол жолда өлсек, неміз кетті,

Мақсұтқа жетпей қалсақ та.

Шәкәрім

        Жүректен жүрекке

        Оқушылар шеңберге жиналып, бір-бірінің бойынан байқалатын адами қасиеттерді атап айтып, жақсы тілек білдіреді.

        Содан соң Шәкәрім Құдайбердіұлының өлеңін оқиды.

 

Ш.Құдайбердіұлы

                        Ақ жүрек пен таза ақыл,

                        Қылсаң адал еңбек,

                        Бәрінен де сол мақұл,

                        Артқыға жол бермек...

                        Сен бола көр аққа жақ,

                        Болам десең адам,

                        Адал еңбек берер бақ,

                        Бассаң соған қадам...

Мақаламен бөліс

Пікір беру
Пікіріңіз:
Полужирный Наклонный текст Подчёркнутый текст Зачёркнутый текст | Выравнивание по левому краю По центру Выравнивание по правому краю | Вставка смайликов Вставка ссылкиВставка защищённой ссылки Выбор цвета | Скрытый текст Вставка цитаты Преобразовать выбранный текст из транслитерации в кириллицу Вставка спойлера
Суреттегіні еңгізіңіз:*
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив