РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТАНЫМДЫҚ ПОРТАЛЫ
Тәрбие сағаты
16 наурыз 2017
309
0

«ӘКЕМ, ШЕШЕМ ЖӘНЕ МЕН» Отбасылық спорттық сайыс

Тақырыбы: «ӘКЕМ, ШЕШЕМ ЖӘНЕ МЕН»

Отбасылық спорттық сайыс

Мақсаты:  Оқушыларды және ата-аналарды сұлу да сымбатты, денсаулығы зор, күшті болу үшін денені шынықтыру, оларға спортпен айналысуын қажет екендігінің манызын түсіндіру. Оларға спорттық ойындарды орындата отырып, спортқа деген қызығушылықтарын арттыру. Салауаттану – адам жанының да, тәнінің де тазаруы, денсаулығының жақсаруы, сондықтан салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу.

Түрі:  отбасылық спорттық сайыс

Құрал – жабдықтары:  доптар, секіртпелер, арқан, шығыршықтар, кіші доптар т.с.с

Өтілу барысы:

  1. Ұйымдастыру бөлімі.
  2. Негізгі бөлім.

— Қадірменді спорт сүйер қауым! Бүгінгі оқушылар мен   ата-аналары арасында өткізгелі отырған «Әкем, шешем және мен» атты спорттық сайысымызға қош келдіңіздер! Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың «Қазақстан — 2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына  Жолдауын іске асыру шеңберінде халық арасында салауатты өмір салтын насихаттау, оқушылардың ата – аналарын дене шынықтыру мен спортқа үгіттеу, спортпен айналысып балаларымен бірге белсенді уақыт өткізу мақсатында өткізіліп отырған спорттық байқауымызды ашық деп жариялаймыз.

Отбасылардың бірге орындайтын спорттық өнерлерін көрсетуде жылдам, епті, ұйымшыл және көңілді екендіктерін көру қандай қуаныш. Бүгінгі біздің сайысымызға 3 отбасы қатысады. Әр отбасы жеке топты құрайды. Әр топ жеңіс мәресіне жету үшін бірнеше кезеңнен тұратын кедергілерге төтеп беруі тиіс.   

Меніңше бұл әрбір ата-аналарымыздың қолынан келеді. Біз әр топ отбасыларына  сәт сапар тілейміз!

Жарысқа қатысатындарды шақырамыз,

Әр таңды бақытпенен атырамыз.

Өнерді ой көгінде бақылаңыз,

Сайысқа қатысуға енді ортаға,

Үлгілі де өнегелі, жылдам да шапшаң,

Отбасыларымызды шақырамыз.

(әр отбасы орындарына келіп тұрады)

  1. «Бәйтерек» тобы, отбасы
  2. «Болашақ» тобы, отбасы
  3. «Жас қыран» тобы, отбасы

 Ал, құрметті халайық!

Жарысты енді көріңдер.

Әділ қазы алқасы,

Әділ баға беріңдер!

Сайысты бастамас бұрын, сайысымызды бағалап, төрелік айтар   әділқазылар алқасымен таныстырып өтейік.

  1. Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Сабырбекова Іңкар Оразалықызы
  2. Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Райымбеков Әсет
  3. Мектеп медбикесі Такиева Динара Ерасылқызы

Спорттық сайысымыз 5 баллдық жүйемен бағаланады.

Сайыстың бағдарламасы 9 турдан тұрады:

Сайыс шарттары:

Таныстыру

  1. Эстафета
  2. Шығыршықпен допты алып жүру
  3. Қаппен секіру
  4. Ептілікті байқау
  5. Тіркесіп жүгіру
  6. Арқан тартыс
  7. Кім жылдам?
  8. Капитандар сайысы
    Әр кезеңнен кейін әділқазылар өз бағаларын береді.

Құрметті сайыскерлер! Сіздерге сәт — сапар! 

Таныстыру.

Өнер қуып отбасы өтер дейміз,

Бір басына өнері жетер дейміз.

Сайысқа келген топтар кезектесіп.

Таныстырып өздерін кетер дейміз.

Әр отбасы өз тобының атын, ұранын, төсбелгісін таныстырып өту

1.«Эстафета» ысқырып белгі бергеннен бастап  жүгіріп, белгіленген жерден айналып өтеді.

Сәт сапар!

Жақсы! Керемет! Әділқазылар алқасы қалай сіздерді бағалайды екен?!

 

1 «Баскетбол добын кедергілер арасымен қолмен жерге ұру арқылы барып, қайтарда футбол добын аяқпен кедергілердің арасымен алып қайту.

Сәт сапар!

Жақсы! Керемет! Әділқазылар алқасы қалай сіздерді бағалайды екен?!

 

     3 «Қаппен секіру» бел тұсына дейін қапты киіп, қос аяқпен секіру.

  1. «Ептілікті байқау» теннис шаригін қасыққа салып, ауызға тістелеп жүріп қайту.
  2. «Тіркесіп жүгіру» алдағы екі ойыншы тіркесіп жүгіріп қайтып, үшінші ойыншыны тіркестіріп жүгіріп шығу.
  1. «Кім жылдам?» Ойын шарты: Допты аяқтың арасына қысып алып, текшелер арасынан жүріп, межеде тұрған есепті шығарып, кері қайту. Ал балалары салынған суретті жалғастыру.
  1. «Арқан тартыс»
  1. «Капитандар сайысы» гір тасын көтеру

Рахмет!

Әділқазылар алқасы сіздердің бағаларыңыз!

 

 III. Қорытынды бөлім.

Жарыс заңы ежелден-

Жеңімпазды анықтау.

Жеңімпаз болу шарты сол-

Еңбектену, жалықпау.

Біреу озса сайыста,

Біреу артта қалады.

Жеңілгендер ренжімей,

Тараса бізге жарады.

— Олай болса, құрметті сайысқа қатысушы ата-аналар, балалар, сіздер бүгін өз күш-жігерлеріңізді, шымыр шыныққан екендеріңізді дәлелдедіңіздер. Біздің әділқазыларымыз барша турдың қорытынды бағасын есептеп шығарғанша, сіздерге мектеп оқушыларының ән шашуын ұсынамыз:

  •  «Жаса, қазағым» әні.

 

 Таңданайық, спортқа тамсанайық,

Бәріміз де қосылып, қол соғайық.

Шабыттансын, көңілдерің көтерілсін,

Сайыскерлерді мадақтап қол соғайық! — дей келе,  сайысымыздың аяқталар сәтіне де келіп жеттік. Олай болса, бүгінгі сайыскер отбасыларды мадақтау үшін сөзді әділқазылар алқасына береміз.

Жеңімпаздарды марапаттау. (Әділқазылардың ұпайларын тыңдау)

І орын – «Бірлік» тобы                                    

ІІ орын –«Болашақ» тобы

ІІІ орын – «Самұрық» тобы

 

Әділқазылар алқасы қорытындысын жариялап, жеңімпаздарды атайды. Отбасыларды дипломдармен марапаттап, сыйлықтар табыстайды.

 

Демеңіздер, біз өнерді аяп қалды,

Мезгіл де біраз жерге таяп қалды.

Сау болып тұрыңыздар, кездескенше,

Осымен спорттық сайысымыз аяқталды.

Бүгін алтын уақыттарыңызды қиып, отбасылық сайысқа қатысқандарыңыз үшін әрбір отбасыға алғысымызды білдіреміз! Жақсылықта, амандықта жүздескенше!!! Сау болыңыздар!

Мақаламен бөліс

Пікір беру
Пікіріңіз:
Полужирный Наклонный текст Подчёркнутый текст Зачёркнутый текст | Выравнивание по левому краю По центру Выравнивание по правому краю | Вставка смайликов Вставка ссылкиВставка защищённой ссылки Выбор цвета | Скрытый текст Вставка цитаты Преобразовать выбранный текст из транслитерации в кириллицу Вставка спойлера
Суреттегіні еңгізіңіз:*
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив