РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТАНЫМДЫҚ ПОРТАЛЫ
Тәрбие сағаты
20 желтоқсан 2017
550
0

Арайлы алтын күз

Күні:                                           Уақыты:  сағат  15-00

Тақырыбы: «Арайлы алтын күз»

Мақсаты: мектебімізде өткізіліп жатқан «Алтын күз» мерекесі  қарсаңында  «Күз ханшайымы»  атты сайысқа ұйымшылдықпен қатыса отырып, күз - байлық, күз - береке, күз - молшылық, күз - шаттық, күз - қуаныш екенін оқушы санасына жеткізу, өздеріне ерік бере отырып, ауызбіршілікке, ынтымақтастыққа баулу.

«Күз ханшайымы» жоспары:
1. Таныстыру (әр  оқушы  өздерін  өлеңмен немесе  әнмен қысқа  да  нұсқа  таныстырады)
2. Өнер сайысы (өзінің  қолынан  келетін  өнерін   көрсетеді (би, ән, мәнерлеп өлең  оқу) т.б.)

3.Суретті   аяқтау  ойыны (мұғалім  ұйымдастырады)

Мұғалім:Табиғат  - күллі  тіршілік  аталуының    құтты  қонысы,  алтын  ұя  бесігі, құт  берекесі.  Осы  табиғаттың   төрт  мезгілінің  ерекшелігі   мен есте  қалатыны   қазан   айы.  Айнала   сары  түске  боялып, сары алтындай  жалтырап   көздің жауын алары сөзсіз. 

Абдумәлік:Кеш жарық, қымбатты ата-аналар оқушылар! «Арайлы алтын күз» атты мерекелік   іс-шарамызға  қош келдіңіздер.

Фариза: Бәрекелді, мерекелі алтын күз құтты болсын. Күз дегеніміз – жазира даланың дархан дастарханы. Күз дегеніміз – байлық, молшылық.

1.Әдебие  монтаж.

Ернұр(мерекелік   киім  және  басына  алтын күзге   қатысты  тәж (карона)  қолдан жасап  киеді) №1

Берекесін сыйлауға,
Өлкемізге күз келді.
Жемістерін жинауға,
Шақырады біздерді.
Архат: (мерекелік   киім  және  басына  алтын күзге   қатысты  тәж (карона)  қолдан жасап  киеді)№2

Алтын нұрдай тамшылап,
Жапырақтар төгілді.
Біздің өмір таң шуақ,
Біздің өмір көңілді.
Ақниет: (мерекелік   киім  және  басына  алтын күзге   қатысты  тәж (карона)  қолдан жасап  киеді)№3

Дала біткен жайдары,
Құлпырыпты, түлепті.
Ақ бидайды айдарлы,
Жапан түзге кім екті.
Алишер: (мерекелік   киім  және  басына  алтын күзге   қатысты  тәж (карона)  қолдан жасап  киеді)№4

Диқан бабаң екті де,
Еңбектен еш қайтпады.
Алдыңа кеп төкті де
Нанды үйіп тастады.
Ақарыс: (мерекелік   киім  және  басына  алтын күзге   қатысты  тәж (карона)  қолдан жасап  киеді)№5

Күзім-ау, күзім-ау,

Мінезің қызық-ау.

Жаңбырың  сіркіреп,

Келгенің  қызық- ау.

 

 

Күз. Дидар (сары   күз  болып  киінеді)

Мен байлық  пен  молшылыққа  толы  мезгілмін. Өйткені,

Егінді   ел  жинайды,

Қырманға  дән  сыймайды.

Біздің  дала  бай  дала,

Алтын  астық   айнала.

Абдумәлік: Осындай  дәулеті  тасқан  еліміздің  алқабы  астыққа  толы  болса  нан  да, ән  де  болады. Олай  болса Алтын күзіміздің   кереметтеріне бірге  куә  болайық.

Фариза: Сонымен, «Күз  ханшайымы» атты  сайысымызға  қатысатын  ханшайымдарды  ортаға  шақырайық. Малика  ханшайым, Нұрия  ханшайым, Арайлым ханшайым (оқушылар  қол  шапалақтап  ханшайымдарды  қарсы алады, ал   күз  ханшайымдарын  ортаны  екі   айналып, орындарына  отырады).

Мұғалім: Бүгінгі  мерекеміз   сайыс  түрінде  өткізіліп орынғандықтан, осы сайыс  қатысушыларына әділ баға  беретін,  әділ-қазыларымызды  ортаға  сайлап алайық:

1._______________________________

2._______________________________

3._______________________________

 «Күз ханшайымы» сайыс  ережелері  мынадай:

  1. Таныстыру (әр оқушы өздерін  өлеңмен немесе  әнмен қысқа  да  нұсқа  таныстырады)
    2. Өнер сайысы (өзінің  қолынан  келетін  өнерін   көрсетеді (би, ән, мәнерлеп өлең  оқу) т.б.)

3.Суретті   аяқтау  ойыны (мұғалім  ұйымдастырады)

         Бағалау  5 баллдық  жүйеде  жүргізіледі. Жоғары  деңгейде көрсетті - 5 б. Орта  деңгейде көрсетті –4 б. Төмен  деңгейде көрсетті – 3 б.

Бағалау  көрсетіліп  болған нөмерлер бойынша  бағаланып  отырады.

Бағалау  парағы:

Күз ханшайымдары

Өзін-өзі  таныстыру

Өз өнері

Суретте  аяқта

1

Имаш Малика

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1-тапсырма  қорытындысы

 

 

 

2

Нқрмахан Нұрия

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2-тапсырма  қорытындысы

 

 

 

3

Хасенова Арайлым

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3-тапсырма  қорытындысы

 

 

 

Барлық тапсырма  қорытындысы

 

 

 

Абдумәлік:

Біздерде   ойын-сауық  басталады,

Тамаша   әуен  қойылып,

Ұмытармыз  күні  бойы  шаршағанды.

Аққудай   әдемі  ханшайымдарымыз,

Өздерін  таныстыруды  бастады.

1.1. Таныстыру (әр  оқушы  өздерін  өлеңмен немесе  әнмен қысқа  да  нұсқа  таныстырады)

Мұғалім: Міне, әр  ханшайым  өздерін таныстырып  шықты, сөз  кезегі   әділ-қазылар   сіздерде (бағалайды).

Мұғалім:Біздің  ханшайымдар  келесі  өнер сайысына  дайындалғанша,  «Қас-қағым сәт»  ойынын ойнауға  күз айында туған балаларды  ортаға  шақырамыз.  (ортаға-Нұрсәлім, Дильназ, Ибрахим, Камила, Елбек шығады).

2.Тапсырма: Ойын ережесі: Қолдарындағы  себетке 1 минут ішінде  қанша  жеміс-жидектер  суретін  желіммен, жапсырып жинайды (бірінші көп  жеміс-жидек  жинаған  оқушыға – «Жүзден  жүйрік»  номинациясы  бойынша  мадақтама, ал  қалған  оқушыларға  жұбаныш  сыйлықтары  беріледі).

Фариза:

Өнер  жастан  жаныңдар,

Шақырған  сайысқа бірін-бірі.

Өнерпаздар, дарындылар,

Көрейік  ән, би көрермендер.

Көрсетсін  сайыскерлер өнерлерін  - деп  өнерлерін   көрсетуге  шақырамыз. 

2.2.Өнер сайысы (өзінің  қолынан  келетін  өнерін   көрсетеді (би, ән, мәнерлеп өлең  оқуь т.б.).

Мұғалім: Өз  өнерлерін  ортаға  салған  ханшайымдарға  көп рақмет, сөз  кезегі   әділ-қазылар   сіздерде (бағалайды).

Мұғалім:Келесі   кезекті  ортаға   біздің  әртіс  оқушылармызыды  өз  «Көріністерімен» ортаға  шақырамын. (ортаға-автор-Әмірхан, бағбан – Жанасыл, сәбіз-Әділхан, жуа-Еламан, картоп-Ерлан, күнбағыс-Арслан).

3.Көрініс:

1.Бағбан-Жанасыл: (ата  болып киініп, тырмамен  жер  жыртып  жүреді).

2.Автор:-Әмірхан:

Мұқалмаған  жігері,

Атай   әлі   күшінде.

Қазаң   көрсең  жүреді,

Бау-бақшаның   ішінде.

Қолы неткен епті  еді,

Бәрін  өзі   істейді.

Ертелі кеш  кетпені,

Иығынан   кетпейді. (мерекелік   киім  және  басына  алтын күзге   қатысты  тәж (карона)  қолдан жасап  киеді)

3.Бағбан-Жанасыл: (күнбағысқа келеді).

Күнбағыс-ау, Күнбағыс,

Күнді  сүйген  сен  нағыз.

Күн  ауғанда сен   ауып,

Төбеңнен күн өтпей ме?

Таңдайың кеуіп кетпей ме?

(Жуа, сәбіз, картоп  ұйықтап  жатады)

4.Күнбағыс-Арслан: (басын  жерден  жұлып алып)

Күнді, күнді  қараңдар!

Шуағын  шашып,  нұр төгіп  тұр.

Кәне  тұрыңдар.

Күнді көріңдер.

(Жуа, сәбіз, картоп  бастарын   көтереді)

5.Жуа-Еламан: Не болды?

6.Сәбіз-Әділхан: Бұл не   айқай?

7.Картоп-Ерлан: Ұйқымды  бқздың  ғой?(деп есінейді)

8.Күнбағыс-Арслан:

Әй,  сендер –ақ  ұйықтай бересіңдер. Мен  сияқты күнді көрмейсіңдер? Сендер ешкімге  керек емессіңдер.

9.Жуа-Еламан: Біз   адамдарға  пайдалымыз. Менде   С,В дәрімендері көп. Мені жөтелге, тұмауға, күйген  жерге, басқа  да   ауруларға  қолданады.

10.Картоп-Ерлан: Әй,әй! Жуажан, қалай  ұялмайсың! Сен адамдарды  жылатасың ғой. Адамға  пайдалы  деп  мені айт. Менде глюкоза, крахмал, сахароза деген  заттар  бар.

11.Сәбіз-Әділхан: (бетін  екі  қолымен  шымшып) Ұят-ай! Картоп  дегенің  мақтаншақ екен  ғой. Мақтансам мен  мақтанайын. Адамдар мені  дәрі-дәрмек  үшін өсіреді. Содан  соң тамақ ретінде  өсіреді.  Мені  қан  азайғанда, демікпе  болғанда,  асқазан ауырғанда және  де  қатерлі ісіктерге де  пайдаланады. Мен пайдалымын!.

12.Күнбағыс-Арслан: Уа,Адам! Біз  таң   атпай  дауласып  жатырмыз. Айтшы, қайсымыз адамға  пайдалымыз?

13.Бағбан-Жанасыл: Маған  бәрің  де   керексіңдер. Бәрің  де  пайдалысыңдар. Күнбағыстан   алған  майға жуаны,  картопты  сәбізді қуырып  тамақ  пісіремін. Сендер  жақсы  өссін  деп кетпенімді қолымнан  тастамаймын. Енді  дауды  қойыңдар. Дәрілік  қасиет  бәріңде  де  бар. Күннің  нұрын, ауаның  тазасын, жұрып  өсе  беріңдер! (кетіп  қалады).

Абдумәлік:

Жаңа піскен алмабаққа
Көзің тоймас қарасаң да-деген  жұмбақ сөздермен  келесі  ойынымыз -

3.3.Суретті   аяқтау  ойыны (5-минут  ішінде суреттің  жалғасын  тауып сызып, бояйды).

1.Қолшатыр  (Малика)

2.Жемпір  (Нұрия)

  1. Бас киім (Арайлым)

Мұғалім: Ханшайымдар  өз   жұмыстарын  аяқтағанша, біз  сіздермен жұмбақтар  шеше  отырайық.Жұмбақ шешеу.

1.Ұстарамен  алынбас, Ұйысып  тұрған  қалың  шаша. (егін)

 

2.Мысық  мұртты, Өрмек  басты. (бидай)

 

3.Аласа  ғана  бойы  бар,  Қойнына  тыққан  наны  бар. (бидай)

 

4.Бойы  бір  қарыс,  Сақалы екі  қарыс. (жүгері)

 

5.Алма  дерсің, түсіне  қарап,

Жүгері  дерсің, ішіне  қарап,

Татсаң  тәтті,  бал  шәрбатты. (анар)

 

6.Өзі  қызыл,  өзі  қызық.

Ортасында  бір  сызық. (шабдалы)

7.Үлпершекке  қан  құйып,

Үріп  талға  байладым. (бүлдірген)

 

8.Жер астында  жез  қазық,

Жеуге  болар   ас  қазық. (сәбіз)

 

9.Аласа  ғана  бойы  бар. 

Тоғыз  қабат  тоны  бар. (сарымсақ)

 

10.Күннің  нұрын сүйемін,

Күнге басымды иемін.

Моншағым жоқ мойнымда,

Үлкен қалпақ киемін. (күнбағыс)

 

11.Қалың   киімді  ұнатады, Шешіндірсең  жылатады. (пияз)

 

12.Жылт-жылт еткен,  Жырадан  өткен. (су)

 

13.Қуып едім  мойнын  бұрмады,

Ұстайын  деп   ем  қолға  тұрмады.  (боран)

 

14.Қанатсыз  құс  жақын  барады, Көзінен  жас  тамып  барады.       (бұлт)

 

15.Таудан топ  түсті,  Аяқ-қолы  жоқ түсті.  (бұршақ)

 

 

Фариза:Ханшайымдар  сызып  болған суреттеріңізді  әділ-қазыларға  апарып  беріңіздер. Әділ-қазылар сіздердің  суреттерге   әділ  бағасын  бергенше,

Адам   көркі-шүберек,

Ағаш көркі  - жапырақ – демекші  күз  сән  үлгілерін  тамашалайық.

4.Сән  үлгісі –музыка  қойылады (Мансұр, Олжас, Наргиза, Даниял, күз бейнесіне  қатысты  киімдер   киіп келеді).

Мұғалім:Сән  үлгісін  көрсеткен  оқушыларға, оларға көмек көрсеткен  ата-аналарға   рақмет айта отырып оқушыларды келесі номинациялар бойынша  марапаттау.

Ал   келесі   кезегімізді  әділ-қазы  алқалары  сіздерге  береміз. Күз  ханшайымының  қорытындысы    бойынша   әділ-қазылар  ақпарат айтады. Оқушыларды  «Сөзшіл ханшайым», «Өнерлі ханшайым», «Суретші  ханшайым» номинациялары  бойынша  марапаттайды.

Абдумәлік: Осымен   біздің  бүгінгі ертеңгілігіміз өз мәресіне  жет

Мақаламен бөліс

Пікір беру
Пікіріңіз:
Полужирный Наклонный текст Подчёркнутый текст Зачёркнутый текст | Выравнивание по левому краю По центру Выравнивание по правому краю | Вставка смайликов Вставка ссылкиВставка защищённой ссылки Выбор цвета | Скрытый текст Вставка цитаты Преобразовать выбранный текст из транслитерации в кириллицу Вставка спойлера
Суреттегіні еңгізіңіз:*
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив