РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТАНЫМДЫҚ ПОРТАЛЫ
Тәрбие сағаты
20 желтоқсан 2017
562
0

«Елін сүйген, елі сүйген Елбасы».

Күні:                                                                       Уақыты:13:00

Тақырыбы: «Елін сүйген, елі  сүйген Елбасы».

Мақсаты: «Рухани  жаңғыру»  бағдарламасын   дарыта  отырып, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Әбішұлының еңбек жолымен таныстырып, Елбасының еліміздің даму жолындағы өнегелі істері мен еңбектерінен үлгі алу. Оқушыларды адамдарды құрметтеуге  тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Елбасы туралы бейнебаян, слайд, постер  құрау.

Сабақтың жүрісі: Оқушылар ақ  орда, бәйтерек,  ханшатыр, пирамида  суреттерін алу арқылы   4топқа бөліп отырады.

Әнұран орындалады.

Мұғалім: Қайырлы күн, құрметті оқушылар!

Қазір сіздер   экранға  назар аударыңыздар осы көрсетілген  бейнебаян   арқылы  біздің  бүгінгі тәрбие сағатымыздың мақсаты  не  туралы   ой қозғайсыздар. «Елін сүйген, елі  сүйген Елбасы» видеосы көрсетіледі. https://www.youtube.com/watch?v=LhM2rnd_z8Q 4.46 минут.

Оқушыладың  ой   ортада  тыңдалады.

Мұғалім: Иә   балалар  дұрыс   айтасыздар, бүгін  біз елбасы - Нұрсұлтан Назарбаев Әбішұлының еңбек жолымен танысып, Елбасының еліміздің даму жолындағы өнегелі істері мен еңбектерінен үлгі ала  отырып, елбасымызды, Отанымызды құрметтеу керекпіз.

Топтық  жұмыс: 5 минут.Тапсырма.

Ақ  орда  тобы: постер  құрастырады.

Ханшатыр  тобы: Елбасы  сөзіне ассоцация  құрады.

Елбасы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Бәйтерек  тобы: бейнебаянды  талқылайды.

https://www.youtube.com/watch?v=udoJ1_Fks4o

EXPO тобы:  мәтінмен  жұмыс  жасайды.

Елбасы  өмірбаяны

         Нұрсұлтан Назарбаев 1940 жылы 6 шілдеде Алматы облысының Қарасай ауданына қарасты Шамалған ауылында, Үшқоңыр жайлауында дүниеге келді. Оған әке-шешесі Нұрсұлтан деп ат қойды.

Әкесі – Әбіш 1903 жылы Алатаудың бөктерінде дүниеге келді. Әбіш Назарбаев көңілді, қадірлі адам болды.

Анасы Әлжан 1910 жылы Жамбыл облысы Қордай ауданы Қасық аулындағы молданың отбасында дүниеге келді. Әлжан ұлын үлкенді құрметтеуге, сыйлауға баулыды, оның ұлттық дәстүрлерге, ән-жырларға, салт-ғұрыптарға құштарлығын оятты.

Жасөспірім шағы Нұрсұлтан тек өз сыныбындағы ғана емес, мектептегі ең үздік оқушының бірі болды, сабақ оқығанды  жақсы көрді.

Жұбайы — Сара Алпысқызы — Бөбек қорын басқарады.

Президенттің үш қызы бар:

1.Дариға — саясат ғылымдарының докторы, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты.

2.Динара — Н.Ә. Назарбаев атындағы білімді қолдау қорын басқарады. Қазақстанның ең бай әйелі боп саналады. 

3.Әлия — бизнеспен айналысады, «Элитстрой» құрылыс компаниясын басқарады.

Н. А. Назарбаевтың жеті немересі және екі шөбересі бар

Тапсырмамен  таныстырады: әр  топқа 2 мин. (8 мин.)

Бағалау:   «Ақ  орда» тобы «Бәйтерек» тобын, «Бәйтерек»  тобы  «Ханшатыр» тобын, «Ханшатыр» тобы «Пирамида» тобын, «Пирамида»  тобы  «Ақ орда»  тобын  «Бес  бармақ»  бағалау тәсілімен   бағалап  отырады.

Мұғалім: иә   балалар, бүгінгі  трбие сағатымызда  Елбасы, рухани   жаңғыру, бас  қаламыз  Астана   туралы   көптеген  мағлұматтар   айттыңыздар.

Мұғалім: мен сөзімді сіздерге осы   бейнебаянды көрсетіп аяқтағым  келіп  отыр. https://www.youtube.com/watch?v=gwfYWHJVBjk

Оқушылар: ән айтады.

Кері  байланыс:

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мақаламен бөліс

Пікір беру
Пікіріңіз:
Полужирный Наклонный текст Подчёркнутый текст Зачёркнутый текст | Выравнивание по левому краю По центру Выравнивание по правому краю | Вставка смайликов Вставка ссылкиВставка защищённой ссылки Выбор цвета | Скрытый текст Вставка цитаты Преобразовать выбранный текст из транслитерации в кириллицу Вставка спойлера
Суреттегіні еңгізіңіз:*
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив