РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТАНЫМДЫҚ ПОРТАЛЫ
Тәрбие сағаты / Конституция күні (30 тамыз)
11 ақпан 2018
743
0

«Ата заңым – айбыным»

 Мақсаты:Балаларға  еліміздің рәміздерін қастерлеп, өз Отанын сүюге,халқымыздың әдет-ғұрпы, салт- дәстүрін сақтап, Ата заңымызды құрметтеп,ұлтжандылыққа ,достыққа тәрбиелеу.

Көрнекіліктер:  Қазақстан Республикасының рәміздерінің суреттері, Қазақстан энциклопедиясы, Ата заң кітабы. Зал іші әдемі безендірілген. Балалар ән әуенімен залға кіреді.

 Жүргізуші:  Құрметті ата – аналар мен бүлдіршіндер!

         Сіздерді бүгінгі өтетін «Ата заңым – айбыным» атты  ертеңгілігімізді  көруге шақырамыз.

                   Қазақстан-  егеменді байрақты ел,

                    Жердің жүзін мойындатқан қайратты ел.

                    Ата заңым -  елдігімнің еңсесі,

                    Заңы барда қазақ елі айбатты ел.  

 І бала:       Әнұраным – жан ұраным,

                    Айтар әнім, сөйлер сөзім,

                    Туған жерім – сағынарым ,

                    Мәңгі – бақи шырқалады,

                    Республика әнұраны.

 Әнұран орындалады.

Жүргізуші: Құрметті балалар!  Бүгін біз  1995 жылы 30 тамызда  Бүкілхалықтық Референдумда қабылданған Ата заң күнін атап өтеміз. Заң дегеніміз – қоғамның негізгі тірегі.  Қоғам деп  отырғанымыз – мына біздер, ал Ата заңымыз – еліміздің   рәміздерінің бірі.

ІІ бала:       Ата- бабам тұлпар мініп айқасқан,

                    Әрбір сөзге кесек- кесек ой тастап.

                    Тәуелсіз ел президенті сайланды,

                    Қазағымның Нұрсұлтаны ел бастап.

ІІІ бала:     Көк байрағы даламның,

                    Бүгінгі ұрпақ жалауы.

                    Тірегі әке- баланың,

                    Қазақстан жалауы.

ІV бала:     Елтаңбасы елімнің,

                    Неткен әйбат әдемі.

                     Тұнығындай көңілдің,

                    Ортада аспан әлемі.             

Ойын:  «Ата заңымызды білейік»

 Жүргізуші:  Балалар, сендер өнерлі, білімді екенсіңдер.Ал енд Ата заңда әрбір азаматтың борышы, басқа азаматтардың мемлекеттегі ұлттар мен халықтардың достығын нығайту деп көрсетілген. 

V бала:      Ынтымақ, достық, тыныштық,

                    Туыстық бізге тым ыстық.   

                    Бейбіт өмір белгісі,

                    Күлімдеп шыққан күн ыстық.

VI бала:     Әрбір жан ойы қосылған,

                    Құрмет көрер досынан.

                     Бірлігі елдің қашанда,

                    Нығайсын деген осы заң.

Лезген биі.   Орындайтындар ұлдар тобы.

VII бала:    Еркін елдің Ата заңы ардақты,

                 Әрбір сөзі, әрбір бабы салмақты.

                 Адам құқы, бостандығы, теңдігі,

                  Барлығында қарастырған жан-жақты

«Қазақ» би.  Орындайтындар  «Ботақан» тобы

Жүргізуші:  Күні  бүгін ата-бабаларымыздың асыл арманы орындалып отыр, ол    шынайы мемлекеттік , біртұтас, жалпыға бірдей Ата- заңымыздың болуы. Осы Ата заңымыз халқымызға адал қызмет  етеді деп сенеміз.

Көріп, тамашалағандарыңызға рахмет! Сау болыңыздар!

Мақаламен бөліс

Ілмектер:рәміздер
Пікір беру
Пікіріңіз:
Полужирный Наклонный текст Подчёркнутый текст Зачёркнутый текст | Выравнивание по левому краю По центру Выравнивание по правому краю | Вставка смайликов Вставка ссылкиВставка защищённой ссылки Выбор цвета | Скрытый текст Вставка цитаты Преобразовать выбранный текст из транслитерации в кириллицу Вставка спойлера
Суреттегіні еңгізіңіз:*
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив