РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТАНЫМДЫҚ ПОРТАЛЫ
Тәрбие сағаты / Бастауыш сынып
16 ақпан 2018
456
0

Жыл он екі ай ( іскерлік ойыны )

Тақырыбы: Жыл он екі ай ( іскерлік ойыны )

Мақсаты: Оқушыларғы ойын арқылы жыл басынан бері дүниетану пәнінен өткен мағлұматтарын еске түсірту. Табиғат өзгерістерін бағдарлай білетіндіктерін анықтау. Сипаттама беріп, өз жұмыстарын қорғай білуге,  өз ойларын көркем жаза білуге баулу.

Қажетті құралдар: Фортуна, ресурстар, фломастер, флипчарт

Әдісі: Іскерлік ойын.

Барысы:    Мұғалім:

 

 Күн ұзарып, қар еріп,

Су сайларға толады.

Бұл қай кезде болады?

Күндер ысып, шөп пісіп,

Ел пішенін орады,

 Бұл қай кезде болады?

Жауып жаңбыр, жер сабар,

Шөп, жапырақ солады,

Бұл қай кезде болады?

Суда мұз бар, жерде қар,

Боран борап соғады,

Бұл қай кезде болады?

      Құрметті, оқушылар біз бүгін  дүниетану пәніне үйренген бойымызға жиған-тергенімізді анықтауға арналған «Жыл он екі ай» іскерлік ойынына жиналып отырмыз. Ендеше бүгінгі кешке хош келдіңіздер! Әділқазылар алқасын сайлап алайық.

     Ендеше сендерді І айналыммен таныстырып өтейін. Біздің фортунамыз  төрт жыл мезгілдеріне бөлінген. Егер Қыс мезгіліне түссе Адам-қоғам перзенті бөлімінен сұрақ қойылады. Жаз мезгілне түссе Табиғат, Күз мезгіліне Пайдалы қазбалар, Көктем мезгіліне түссе Су тарауынан сұрақтар қойылады. Егер бір топ ол сұраққа жауап бере алмаса, келесі топ жауап береді.Ендеше,  Кері байланыс яғни, І айналымды бастайық:

Қыс: 1. Адамды адам еткен не? Адамдар алғашында қандай жағдайда өмір сүрді?

  1. Қандай дәуір маймылдардың адамға айналуына әсер етті?
  2. Әлемнің жеті кереметін ата.

 

Жаз: 1. Бақылау әдісі дегеніміз не№ Оның түрлерін ата

  1. бағдарлау дегеніміз не? Айналаны қандай құралмен бағдарлайды?
  2. Жер беті қалай өзгереді?

 

Күз: 1. Кен деп нені атайды? Кенді байыту дегеніміз не?

  1. Пайдалы қазбалардың түрлерін ата. Олай жіктелуінің себебін ата.
  2. ШҚО-да қандай пайдалы қазбалар бер?

 

Көктем:

  1. Суға сипаттама бер
  1. Судың табиғаттағы айналымын айтып бер
  2. Су түрлерін және суды неден қорғауымыз керек?

 

  ІІ айналым: Әр топқа ауа-райын мимикамен көрші топқа көрсетеді.

Жаңбырлы күн,  түнерген бұлт, желді күн,  ыстық күн

 

ІІІ айналым: Табиғатқа байланысты тыйым сөздер айту

 

ІV айналым: Жұмбақ шешу:

 

Желден жынданады

Судан  жым болады   От

 

 

Жылтылдап безеді

Жыраны кезеді.   Ағын су

 

Басшысы жалғыз,

Сақшысы сан жүз.   Ай мен жұлдыз

 

Дәмсіз дәмі,

барша адам сіміреді.

Жинап әлді,

Бойға қуат сіңіреді.  Ауа

 

Көкжиекті көмкеріп,

Шатыр жайдым көмкеріп.   Аспан

 

 Суда қалқиды,

Отта балқиды      Мұз

 

 Сілкіп қалып бұтаны,

Айдалаға зытады,

Көзіңе біо түспейді

Тамақ жеп су ішпейді.   Жел

 

 Кеудесі жоқ күркірейді,

 Қолдары жоқ сілкілейді.   Дауыл

 

 Қала , теңіз, өзендер

Осы шарда табылар   Глобус

 

Шаруасы әр салалы ,

Он екі балалы,

Бәйтеректец атам бар.

Әр баласының отыздан серігі бар,

Өзіне лайық көрігі бар.   Жыл он екі ай.

 

 

V айналым:  ребусты шеш және ондағы  шешкенді сипаттап бер.

 

 

 

V айналым: Эссе :

І топ: Біз табиғат жанашырымыз

ІІ топ: Біз эколог боламыз

ІІІ топ: Біз табиғат қамқоршысымыз

ІV топ: Біз табиғат перзентіміз

 

Қорытындылау: Балалар сіздер бүгін өте жақсы өнар көрсеттіңдер. Енді сөзді әділқазыларға берейік.

 Ендеше:

Наурыз назды болсын,

 Сәуір сазды болсын,

Мамыр мейірімді болсын,

Маусым мағыналы болсын,

Шілденің шырайы кірсін,

Тамыз тамылжып тұрсын,

Қыркүйек қазына жисын,

Қазан қаспақты болсын,

 Қарашады қар көп болсын,

Желтоқсанда жел жоқ болсын,

Қаңтар қатулы болмасын,

Ақпан ашулы болмасын !

-дей келе  Жыл он екі ай амандықпен өте берсін, баршаңыз қуанышпен, білімдарлықпен, табиғатқа мейірімділікпен  уақытымыз өте берсін!

 

І топ: Біз табиғат жанашырымыз

 

ІІ топ: Біз эколог боламыз

 

 

ІІІтоп:Біз табиғат қамқоршысымыз

 

 

ІV топ: Біз табиғат перзентіміз

 

Жаңбырлы күн

 

түнерген бұлт

 

желді күн

 

ыстық күн

 

 

 

Мақаламен бөліс

Пікір беру
Пікіріңіз:
Полужирный Наклонный текст Подчёркнутый текст Зачёркнутый текст | Выравнивание по левому краю По центру Выравнивание по правому краю | Вставка смайликов Вставка ссылкиВставка защищённой ссылки Выбор цвета | Скрытый текст Вставка цитаты Преобразовать выбранный текст из транслитерации в кириллицу Вставка спойлера
Суреттегіні еңгізіңіз:*
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив