РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТАНЫМДЫҚ ПОРТАЛЫ
Тәрбие сағаты
23 ақпан 2018
429
0

Жас ұлан ұйымының салтанатты жиыны

 

Өтетін уақыты: 2017 жыл 13 желтоқсан

Өткізілу түрі: Жас ұлан ұйымының салтанатты жиыны.

Қатысушылар: Мектеп оқушылары

(Зал салтанатты безендірілген. ҚР рәміздерімен және «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымының таңбасы баннерге бейнеленген.

1-жүргізуші: Армысыздар құрметті қонақтар, ұстаздар! Біз бүгін салауатты өмір салтын ұстанатын, өзгерістерде қаймықпайтын, еңбекқұмар, білімге құштар, өзін-өзі жетілдіруге үнемі ұмтылатын, өршіл, қайсар етіп тәрбиелеуді, дәстүрімізді, ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтарымызды қастерлейтін рухани дүниесі кең тұлғаны қалыптастыруды көздейтін «Бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымы» қатарына мектеп оқушыларын қабылдау рәсіміне арналған салтанатты жиынымызды ашық деп жариялаймыз!
2-жүргізуші:

Оқушылар, тік тұр!  «Бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымы» Республикалық Қоғамдастық Бірлестігінің туы енгізілсін.

               

/музыка әуенімен, ту кіргізіледі/

Туды әкелу құрметі 11-сынып оқушылары Қабылханов Нұрсәт пен Санатов Әбілхайырға тапсырылсын.

                            

                           /ҚР Мемлекеттік Әнұраны орындалады/

 

1-жүргізуші:
Қазақстан туған Отан,алтын бақ
Ұлы жолға түсті келіп жарқылдап
Қазақстан көпті көрген қария
Қазақстан мейірбанды жерім қымбат
Тауымыз бар тәңір татқан шынымен
Ұл қызым бар даламыз бар кенінен
Алдарына басымды иіп өр халқым
Құттықтаймын келіп жеткен Тәуелсіздік күнімен
2-жүргізуші:
Биылғы жылы Тәуелсіздіктің,бейбітшілдік пен жасампаздықтың 26 жылы баршанызды осы айтулы мерекелерінізбен құттықтай отырып «Біз- Тәуелсіз елдің Ұланымыз» атты салтанатты жиынымызды бастауға рұқсат етініздер.
1-жүргізуші: Бүгінгі салтанатты жиын қонақтарымен таныс болыңыздар.
1. Ауыл  әкімі- Еркегулов Кенжебек Чапайұлы 

2-ж 2. «Қайрат» балабақшасының директоры- Карашин Алтынай Серікқызы

1-ж 3. Мәдениет үйінің директоры- Суйеншев Әлібек Мұхтарұлы

 

2-ж 4. Мектеп директоры Жакин Нұрлыбек Тұрымтайұлы

1-ж 5. Қазақ тілі және әдебиет пәнінің мұғалімі: Құлмурзина Асылғаным Уахитқызы.
2-ж 6. Мектеп директорының тәрбие ісі жөніңдегі орынбасары- Каратаев Әсет Сағадатұлы және мектеп ұстаздары

1-ж  Құттықтау сөз ауылымыздың әкімі  Кенжебек Чапайұлы Еркегуловқа

 беріледі.

Еліміздің Тәуелсіздік мерекесіне арналған салтанатты жиынымызда   болашақта еліміздің тәуелсіздігі үшін аянбай еңбек ететін, сапалы білімі, саналы тәртібімен үлгілі болып жүрген  жас жеткіншектер өз еркімен ұлан қатарына қабылданады.

 

2-жүргізуші: Мектебіміздің  «Жас Ұлан» балалар ұйымының Ұланбасы-

8-сынып оқушысы Қадырова Арнагулді шақырмыз.
 Білімді -көкіректе нұр деп түсін,
Жігерім, жалынды отты жыр деп түсін.
Аталған мақсат талап ережені,
Орындауға бәрің де міндеттісің!
Көшбасшы:

Ұлан дегеніміз кімдер?

Ұлан дегеніміз –ұйымшыл балалар! (5  сыныбы айтады)

Біздің ұранымыз:

Балалар бірге:  «Біздің ел-Қазақстан

                            Болашағы –Жас Ұлан!»

Оқушылар түзел, тік тұр!

1-жүргізуші: «Жас Ұлан» ұйымына қабылданған оқушыларымызға галстук тағу рәсімі бүгінгі салтанатты жиын қонақтары:

Ұландардың мойнына көгілдір галстук тағу рәсімін бастаймыз!

 

1-жүргізуші:  1–сынып оқушылары  Амангелді Айзере мен  Ғайнуллин Ералханды

 5-сынып оқушылары  Ерденбекқызы Ақниет пен Орынғали Ерханды шақырамыз. Бұл оқушыларға галстук тағу  Ауылымыздың әкімі    

Кенжебек Чапайұлы Еркегуловқа тапсырамыз.

2-жүргізуші: 1-сынып оқушылары Амангелді Ақерке мен Жүніс Айбарды

5- сынып оқушысы  Калиулланов Рахат  пен  Нұрболат Диасты шақырамыз. Бұл оқушыларға галстук тағу Мәдениет үйінің директоры Суйеншев Әлібек Мұхтарұлына тапсырамыз.

1-жүргізуші: 1-сынып оқушылары Жұмабай Айша  мен Жұмагерей Асылжанды

5- сынып оқушылары Мақсұт  Назар мен Досетов Расулды шақырамыз

Бұл оқушыларға галстук тағу «Қайрат» балабақшасының директоры Карашин Атынай Серікқызына  тапсырамыз

2-жүргізуші: 1-сынып оқушылары Төлеген Саяна мен Асқар Ақылбекті шақырамыз

5- сынып оқушылары Темірғалиев Досжан мен Сәбитов Бексұлтанды шақырамыз. Бұл оқушыларға галстук тағу үшін мектеп директоры  Нұрлыбек Тұрымтайұлына тапсырамыз.

1-жүргізуші: 1-сынып оқушылары Сағынғалиева Ұлжайнаны, Сатыбалдиев Нұрбекті, Мұратова Аяулымды,

5- сынып оқушылары  Керей Элдар мен Захар Әбілхайырды шақырамыз. Бұл оқушыларға галстук тағу үшін Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Асылғаным Уахитқызына тапасырамыз.

2-жүргізуші: 1-сынып оқушылары Талап Ақеркені, Чапаев Телжанды, Уразова Мөлдірді, Тілекқабыл Сұлтаниязды шақырамыз Бұл оқушыларға галстук тағу үшін мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Каратаев Әсет Сағадатұлына тапсырамыз.

1- жүргізуші:
Қазақстан күннен-күнге өркендеп, гүлденуде. Біз, осындай елде туғанымызға бақыттымыз. Бүгін ұстаздар және оқушылар Республикалық бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымына қабылдау рәсіміне куә болып отыр.Оқушыларды «Жас Ұлан» ұйымының қатарына қабылдау рәсіміне көше отыра, алдымен ұйымның мақсат, міндет, ережелерімен таныстыруға рұқсат етіңіздер.
2-жүргізуші:
«Жасұлан» ұйымының әрбір мүшесі:
Қоғамдық өмірде, тұрмыста, қазақ ұлттық болмыста, халықтық келбетпен қалыпты сақтай отырып, ата-анасын шынайы сыйлап, олардың өнегелі қасиеттерін бойға сіңіріп, өсиеттерін орындауды перзенттік парыз деп түсінеді. Туған елін шексіз сүйеді.
1- жүргізуші:
Қазақстан Республикасының туының түсіндей галстук тағу керек және Республикамыздың мемлекеттік нышандарын құрметтеп, мемлекеттік әнұранды жатқа айту керек.
2-жүргізуші:
Қазақ тілін еркін меңгеріп елдің тарихын, мәдениетін, әдебиетін, өнерін, салт-дәстүрін жақсы білу, дамыта түсу сақтау үшін ынталы еңбектенетін болады.
1-жүргізуші:
Жасұлан ұйымының мүшесі - Отанына адал.
Жасұлан ұйымының мүшесі - Отанының адал азаматтары.
2-жүргізуші:
Жасұлан ұйымының мүшесі - Отанының тәуелсіздігі мен бостандығы үшін күресуші

1- жүргізуші:
Жасұлан ұйымының мүшесі - батырларымыздың атын құрметтеп, оның мәңгі қорғаушысы болуға дайындалады.
2- жүргізуші:
Жасұлан ұйымының мүшесі - оқуда, еңбекте және спортта өжет те қайсар.
1- жүргізуші:
Жасұлан ұйымының мүшесі - шыншыл, адал жолдас, әрқашан да шыншылдық үшін күресуге дайын болуы керек.

1- жүргізуші:  Қазақстан Республикасының «Жас Ұлан» балалар ұйымының анты қабылдансын.

Оқушы:  Ғарифолла Ақниет (ант қабылдайды)

2-жүргізуші:  Ән: «Мен қазақ қызы»  Орындайтын:  Мұхтар Самал
1-жүргізуші: Құрметті «Жас ұлан» ұйымының мүшелері! «Жас Ұлан» ұйымына қабылдаңғандарынмен құттықтаймыз! Егеменді еліміздің еңселі азаматы болуға тілектеспіз. Мектебіміздің «Жас ұлан» ұйымына қабылдау рәсіміне арналған салтанатты жиынымызды жабық деп жариялаймыз.

Бірге: Келесі кездескенше, күн нұрлы болсын.

 

 

 

 

Мақаламен бөліс

Пікір беру
Пікіріңіз:
Полужирный Наклонный текст Подчёркнутый текст Зачёркнутый текст | Выравнивание по левому краю По центру Выравнивание по правому краю | Вставка смайликов Вставка ссылкиВставка защищённой ссылки Выбор цвета | Скрытый текст Вставка цитаты Преобразовать выбранный текст из транслитерации в кириллицу Вставка спойлера
Суреттегіні еңгізіңіз:*
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив