РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТАНЫМДЫҚ ПОРТАЛЫ
Тәрбие сағаты
2 наурыз 2018
722
0

Жақсыдан үйрен,жаманнан жирен.

 

Ашық сабақтың тақырыбы: Жақсыдан үйрен,жаманнан жирен.

Сабақтың мақсаты:

1)Білімділік: Оқушыларға адам бойындағы жақсы мен жаман қасиетттерді ажырата білуге үйрету.

2)Дамытушылық : Оқушылардың бойына  жақсы қасиеттерді ұялатып,жаман әдеттен аулақ болу біліктерін қалыптастыру.

3) Тәрбиелік: Оқушыларды жақсыдан үйреніп,жаманнан жиренуге тәрбиелеу.

Сабақтың әдіс-тәсілі: көрсету,түсіндіру,сұрақ-жауап,топпен жұмыс.

Сабақтың көрнекілігі: Суреттер,мақал-мәтелдер, сөзжұмбақ,вендиагармма.

Сабақтың барысы:

 І.Ұйымдастыру кезеңі:

А)Сәлемдесу.

 Ә) Оқушыларды түгелдеу.

 Б) Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

 

Қ Р М Гимн орындау.

Пихологиялық жаттығу.

Арайлап таң атты

Алтын сәуле таратты

Жарқырайды күніміз

Жарқырайды даламыз

Қайырлы таң,қайырлы күн!

Күліп шықты күн бүгін

Бір-бірімізге бүгінгі күніміздің тамаша өтуіне арнап жақсы тілектер айтайық.

Оқушылар бір-біріне жақсы тілектерін айтады.

Балалар сендер сөзжұмбақ шешкенді ұнатасыңдар ма ?

 

 

 Ендеше сөзжұмбақ шешейік.

1.Жылт-жылт етіп төбемде,

түсе алмай тұр төменге.(жұлдыз)

  1. Ас атасы- (нан)
  2. Қазір қандай мезгіл. (қыс)
  3. Тілдерімен жүреді,

Уақытты біледі. (сағат)

5.Кесе, шыны, пиала –

Оларсыз шай құяма?

Қасықсыз тамақ жемейді,

Бәрінің атын не дейді? (ыдыс)

Балалар сөзжұмбақты шешкенде қандай сөз шықты ?

«Жақсы» деген өте жақсы!

1.Тиін қорегі (Жаңғақ)

  1. Қазақстан Республикасының астанасы. (Астана)
  2. Мұртын сипап күн бойы,

бетін сусыз жуады.

Тысырды аңдып түн бойы,

тышқанды көп қуады. (мысық)

  1. Қолы жоқ, сурет салады,

Тісі жоқ, тістеп алады. (аяз)

5.Аяулы жан- (нан)

Балалар сөзжұмбақты шешкенде қандай сөз шықты?

 «Жаман» деген өте жақсы!

           Балалар,бүгінгі ашық тәрбие сағатымыздың тақырыбы:  «Жақсыдан үйрен,жаманнан жирен» Менің сұрақтарыма жауап беріңдерші? Оқушылардың пікірлерін тыңдау

-Жақсы деген немене?

-Жаман деген немене?

Оқушылардың ойын тыңдау.

 Кіріспе бөлім: Менің көзқарасым ( сұрақ-жауап алу)

  • Қандай жақсы сөздерді көп қолданасыңдар?
  • Жақсы сөз естігенде қандай сезімде боласыңдар?
  • Ал жаман, дөрекі сөз естігенде қандай сезімде боласыңдар?
  • Жақын адамдарыңа қандай жылы, жақсы сөз айтқыларың келеді?
  • Әр адамның жүрегі мейірімді де, қайырымды болу үшін не істеу керек?

Жақсы қасиетті кімнен үйренеміз?

Негізгі бөлім: «Жақсы болу - өз қолыңда» деген халық даналығында үлкен мән бар.Жақсы болуды басқа біреуден іздеудің қажеті жоқ. Адамның жақсы істерге,жақсы әрекеттерге ұмтылуы, айналасындағылармен сыйлы қарым-қатынастар жасауы, өтірік айтпауы, сөзінде тұруы, жақсылықты жақсылардан үйренуі өзіне байланысты.

Жақсы болу өзіңнен

Жаман болу өзіңнен

Өзіңді өзің ая да,

Өзің үйрен өзіңнен.

Жамандық көрсең біреуден

Мен қандаймын деп ойла.

Жақсылық көрсең біреуден

Мен қандаймын деп ойла!

 

Суретпен жұмыс жасау.

Жақсы мен жаманды сурет  арқылы  түсіндіру.

 

Топпен жұмыс

Жақсы қаситтерді қызыл себетке ,жаман қасиеттерді  қара себетке салу.

 

Жақсылық пен жамандық туралы мақал мәтелдер.

Дәптермен жұмыс

1.Жақсылық зая кетпейді,

Жамандық пайда етпейді.

2.Басыңа іс түссе,жақсы көмек етеді,

Жаман күліп кетеді.

3.Жақсы өз басынан көреді,

Жаман жолдасынан көреді.

 «Ақиқат немесе жалған» ойыны

Шарты: Айтылған пікір ақиқат болса, қол соғыңдар, айтылған пікір жалған болса, аяқпен жерді тарсылдатыңдар.

Пікірлер:

Үлкендерге сәлем беремін.

Үлкендердің алдынан кесіп өтемін.

 Мен ұрлық жасағанды ұнатамын.

 Кішкентай баланы ұрмаймын.

Ойыншығымды ешкімге бермеймін.

Сабақтан кешікпеймін.

Досыма көмектеспеймін .

Нанды шашпаймын, аяғыммен баспаймын.

Дәптерлерімді, кітабымды таза ұстаймын.

Үлкендерге сәлем беремін.

Ешкімнің айтқанын тыңдамаймын.

Мен ұрлық жасағанды ұнатамын.

Жақындарыма көп жақсылық жасаймын.

Жарайсыңдар, сендер ізетті бала  екенсіңдер!

Өлең оқу.

Енді балалар Абай атамыздың «Ғылым таппай мақтанба» өлеңін тыңдайық.

Ғылым таппай мақтанба,

Орын таппай баптанба.

Құмарланып шаттанба,

Ойнап босқа күлуге.

Бес нәрсеге асық бол,

Бес нәрседен қашық бол,

Адам болам десеңіз.

Тілеуің, өмірің алдында,

Оған қайғы жесеңіз.

Өсек,өтірік, мақтаншақ,

Еріншек, бекер мал шашпақ

Бес дұшпаның, білсеңіз

Талап ,еңбек ,терең ой,

Қанағат, рақым ойлап қой -

Бес асыл іс көнсеңіз.

 

Абай ата сөзіне Вен диаграмма құру.

 

 

             Бес асыл іс                      Ортақ қасиет                       Бес дұшпан                          

 

         Талап,еңбек,терең ой,                Адам бойындағы                 өсек,өтірік,мақтаншақ,

              қанағат,рақым                                                         еріншек,бекер мал   шашпақ                       

                                                    қасиеттер

                    

 

Қорытынды бөлім.

Сонымен біздер «Жақсыдан үйрен,жаманнан жирен» атты тақырыпты қарастырдық.

Ненің жақсы, ненің жаман екенін айыра білдік. Сіздер еліміздің болашағысыздар. Ендеше,осы бастан бойларыңызға жақсы қасиеттерді жинақтап, жаман қасиеттерден аулақ болыңыздар.

  Жүректен жүрекке.Жүректі ұсына отырып бір-бірімізге жақсы тілектер айтамыз.

Егер бүгінгі сабақ ұнаса, көңілдеріңізден шықса,үш рет қол соғамыз.

 

 

Мақаламен бөліс

Пікір беру
Пікіріңіз:
Полужирный Наклонный текст Подчёркнутый текст Зачёркнутый текст | Выравнивание по левому краю По центру Выравнивание по правому краю | Вставка смайликов Вставка ссылкиВставка защищённой ссылки Выбор цвета | Скрытый текст Вставка цитаты Преобразовать выбранный текст из транслитерации в кириллицу Вставка спойлера
Суреттегіні еңгізіңіз:*
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив