РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТАНЫМДЫҚ ПОРТАЛЫ
Тарих
11 қаңтар 2019
105
0

«Тәуелсіздік – бастауы бар бақытың!»

Еримбетов Рустем Калбайулы

" Тәуелсіздік - бастауы бар бақытың!"

 

Тақырыбы: «Тәуелсіздік – бастауы бар бақытың!».

Мақсаты: Оқушыларға 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасының болу себептерін және тәуелсіздіктің қадір-қасиетін, бағалай білуге, ұлтжанды, елжанды болуға, елінің тәуелсіздігі жолындағы ерлердің күрескерлік ерліктерін әрдайым есте ұстауға, үлгі ете білуге үйрету.

Жүру барысы:

Жүргізуші:  Армысыздар құрметті ұстаздар, оқушылар және кеш қонақтары! Құрметті ұстаздар оқушылар! Дүниені дүр сілкіндірген тәуелсіздік туын ең алғаш көтерген әйгілі 1986 жылдың желтоқсанына арналған «Тәуелсіздік – бастау бар бақытың!» атты кешімізді ашық деп жариялаймыз!

Бүгінгі шарамыздың жиналуының да бір себебі бар. Бұл тарихымызда ерекше орны бар, халқымыздың қасіреті мен ар-намысына, сонымен бірге мақтанышына айналған оқиға, тарихи оқиға бұл-1986 жылғы Желтоқсан оқиғасына арналмақ.   1986 жылы 17-18 желтоқсанда бүкіл елді дүр сілкіндірген ғаламат оқиға болды.Совет өкіметі тұсында бұрын-соңды болмаған құбылыс. «Алматыда демонстрация. Брежнев алаңында қаптаған жұрт. Көшеде сап түзеген жастар»,-деген сөздер ел құлағына жетті. Елеңдеген ел не үшін болып жатқан оқиға екенін түсінбей дел-дал  болды. Брежнев алаңында (қазіргі Ушанов алаңы) қазақ жастары : «Тәуелсіздік керек!» қазақ елінің өз көсемі сайлансын!- деген тілек білдірді. Сол кездегі Қазақстан Компартиясының орталық комитетінің 18 минутқа созылған Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың орнына, Кеңестер одағының Коммунистік партиясы Разуловскийдің ұсынысы бойынша Генадий Колбинді тағайындаған.  Республика жұртшылығы бұл адаммен мүлдем бейтаныс болатын сондықтан, өз елінің тәуелсіздігін талап етіп шеруге шыққан жастарға «Бұзақылар», «Ұлтшылдар», «Нашақорлар» деген кінәлар тағылды.

Жүргізуші:  Желтоқсан оқиғасы туралы жалпы түсінік беріп өтсек (слайд шоу).

         Жүргізуші:

Иә, бұл күнге жету үшін ата-бабамыз қан төкті, жанын берді, бүкіл жеріміздің тұтастығын сақтап, ұрпақтан-ұрпаққа аманат етті. Қазақтың өр ұлдары мен ер қыздары көбеймесе азаймайды. Оның айғағы 1986 жылғы ел намысы үшін жанын құрбандыққа қиған желтоқсандықтар болатын. Ендеше, сол қитұрқы алапат заманындағы туған жеріміз қазақ жерінде Алматыда болған Желтоқсан оқиғасының үзінділері. Тақтаға назар аударыңыздар!

(«Желтоқсан 1986»видеоролик)

Жүргізуші: Қазақ жастарына жасалған қиянат және олардың тағдырлары 1986 жылғы 17 - 18 желтоқсандағы Брежнев алаңындағы қазақ жастарының бейбіт шеруінің қанды оқиғаға айналды. Оларды «Ұлтшыл, маскүнем» деген кінә тағылды. Алаңдағы жастарды тоқтату үшін Алматы қызметкерлеріне көмекке милиция қызметкерлері: Фрунзеден ,Ташкенттен , Челябіден , Новосибирскіден, Свердловскіден , Тбилисиден барлығы мыңнан астам қарулы күштер тартылған. Жастарға қарсы Бұрқасын 86 жоспары бойынша іс - шаралар жасалынған. Жастарға Өрт сөндіру машиналарымен суық сумен атқылаумен тоқталмай, адамдарға қарсы арнайы дайындықтан өткен иттерді салып қойған. Жалпы шеруде 8500 адам ұсталған. Көбі студент жастар. Солардың ішінен атап кететін болсақ: Қайрат, Ләззат, Сабира, Ербол секілді жастарымыз елінің намысы, бостандығы, тәуелсіздігі жолында жандарын қиды.

Жүргізуші: Кәдімгі миллиондаған түндердің бірі. Бірақ бұл түн өзгеше түн еді. Себебі бұл түнде қаланың кез-келген тұсынан ұсталған жастарды ұрып соғып өлімші халге жеткізді. Осындай қатыгездікті көрген оларға араша түсем деп жүргендердің арасында Қайрат Рысқұлбеков те бар еді.  

Көрініс «Қайраттың тұтқындалуы» ( 9 Б класс оқушылары)

Милиционер: - Ұстаңдар бұзақыны! Әкетіңдер, жауып тастаңдар!

Савицкийді өлтірген сен бе?!

(«Қайратты алып кетеді»).

Жүргізуші: «Қайратты тергеу сәті».

Тұрыңдар! Сот келеді!

Тергеуші:Сот процесін бастаймыз!

1-ші куәгерді шақырамыз. Сізге сұрақ: Сіз алаңда Қайрат Рысқұлбековтің Савицкийді өлтіргеніне куәгер бола аласыз ба?

1-куәгер: Боламын, өз көзімен көрдім! Керек десеңіз мен де қолыңда таяғымен түскен суреті бар. Ол ұлтшыл –Қайрат оңбаған!

Тергеуші: 2-ші куәгерді шақырамыз. Сіз Қайрат Рысқұлбековтің  Савицкийді өлтіргенін бейнетаспаға түсіргенінз рас па?

2-куәгер: Рас-рас, ол  Савицкийді аяғымен теуіп, таяғымен ұрды. Менің қолымда түсірген бейнетаспа бар.

Тергеуші:  Енді Қайрат Рысқұлбековке сөзберемін.

Қайрат: Мен ұлтшыл да, кінәлі де емеспін.

Сот: Барлық куәгерлерді тыңдай отырып, Қайрат Рысқұлбековті айыпты деп табамын.

Қайрат:  Хақ, О халқым! Өткен заманымызда бас кесер алдында өлім жазасына кесілгендердің соңғы тілегін орындайды. Менің де соңғы ақтық сөзім бар.

(айғырған музыка жүріп тұрады).

Ақтық сөзі:

Күнәдан таза басым бар

21-де жасым бар,

Қасқалдақтай қаным бар

Бозторғайдай жаным бар.

Алам десең алыңдар!

Қайрат деген атым бар

«Қазақ» деген затым бар!

Еркек тоқтық құрбандық

Атам десең, атыңдар!

Мен не етермін, не етермін

Мен келмеске кетермін!

Көрмеген қош бол таңдарым,

Көре алмай мен өтермін!

Сот процесі аяқталды.

Жүргізуші:  Осыдан кейін жастайынан қыршын кеткен Қайрат сияқты ағамызда 21 жасында қаза тапты.  Міне, тәуелсіздіктің туын желбіреткен ұлтжанды аға-апаларымыздың арқасында егеменді ел болуға қол жеткіздік.

Өлеңдерге кезек берейік: 5-9 класс оқушыларының орындауындағы өлең шумақтары.

Жүргізуші: Желтоқсан оқиғалары - Қазақстан тарихындағы естен кетпес, аса ауыр және қайғылы беттердің бірі. Бұл оқиғалар Қазақстанда ғана емес, бүкіл Кеңес Одағына жаңа еніп келе жатқан жас демократия үшін күрестің басы болды. Сондықтан да оның жүгі ауыр, шығыны көп болды.

Келесі кезекте Сейтқалиев Жұлдызбек ағаймыздың орындауындағы ән. «Желтоқсан ызғары».

Жүргізуші: Ән «Көк тудың желбірегені» Құралов Мырзабек

Жүргізуші: Осы бақыт үшін біз, баршамыз тәубе дейміз,осы жолда біліміміз бен білігімізді, қабілетіміз бен қайратымызды,қажет болса, жанымыз бен қанымызды аямай жұмсаймыз! Осымен Тәуелсіздік мерекесіне арналған «Тәуелсіздік- бар бақытың!» атты шарамыз аяқталды. Баршаңызды келе жатқан Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймыз. Нұрлы Отанымыз Тәуелсіз Қазақстанның бағы жанып, абыройы арта берсін. Еліміз тыныш, жұртымыз аман болсын!

 

Мақаламен бөліс

Пікір беру
Пікіріңіз:
Полужирный Наклонный текст Подчёркнутый текст Зачёркнутый текст | Выравнивание по левому краю По центру Выравнивание по правому краю | Вставка смайликов Вставка ссылкиВставка защищённой ссылки Выбор цвета | Скрытый текст Вставка цитаты Преобразовать выбранный текст из транслитерации в кириллицу Вставка спойлера
Суреттегіні еңгізіңіз:*
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив