РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТАНЫМДЫҚ ПОРТАЛЫ
Технология
14 сәуір 2017
690
0

Тұздықтарды дайындау технологиясы

Оңтүстік  Қазақстан  облысы

Қазығұрт ауданы . Рабат  ауылы

П. Тәжібаева  атындағы  жалпы  орта  мектебінің  технология 

пәнінің  мұғалімі   Ахметова  Ботагоз

9-сынып

Сабақтың тақырыбы: Тұздықтарды   дайындау технологиясы

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: оқушыларға тұздық түрлері туралы мағлұмт беру, дайындалу технологиясын үйрету;

Дамытушылық: оқушылардың тұздық даярлауға деген қызығушылығы мен құштарлығын ояту;

Тәрбиеліліе: оқушыларды жүйелі еңбекке баулу, ұқыптылыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас

Сабақтың әдісі: топпен жұмыс, сұрақ-жауап

Көрнекілігі: нұсқау карта, суреттер

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

а) Оқушыламен амандасу;

ә) сабаққа дайындықтарын тексеру;

б) түгендеу, келмеген оқушылардың себептерін анықтау.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:

Сұрақ-жауап:1. Еттен жасалатын тағамдардың классификациясы туралы қысқаша түсініктерін сұрау.

  1. Ет тағамдарын кулинарлық және жылылап өңдеу тәсіліне қарай топтарға бөлінеді: (қайнатылған, бұқтырылған, қурылған, көміп пісірілген, шабылған еттен).

ІІІ. Жаңа сабақ

Қысқаша тұздық дегеніміз не? Осыған тоқталып өтсек.Әлемніңқай бұрышында болса да, дәмді тағам тұздықсыз дайындалмайды. Кез келген кулинарлық анықтамалықтан француз гастраномдары 3000-ға жуық тұздықтың авторы екндігі туралы ақпарат ала аласындар. Жаңадан тапқан тұздықтарға сол елге немесе халыққа байланыстырып ат берген. Осылай француз асханасында «голландық», «португалдық», «итальяндық», «ағылшын», «баварлық», «польшалық» тіпті «татар», «орыс» тұздықтары пайда болды. Бірақ бұл тұздықтардың біреуі де сол елдердің ұлттық тағамдарына ұқсамайды.Тұздықпен тамақ дәмдірек болады, тәбетіңді ашады, сқазан сөлі жақсы бөлінеді. Тұздық – жеке ұсынатын тағам емес, ол тағамға ерекше дәм беретін дәмқосар, онсыз бірде-бір спаз тағам дайындамайды. Тұздық тағамның дәмін кіргізіп, хош иіс беріп, көрінісін әдемілеп, консистенциясын тартымды етіп қана қоймай, ол бірдей азық-түліктен дайындалатын тағам түрлерін өзгерте алады. Шындығында, кез келген еттің, көкөністердің немесе күріштің дәмі қосылғантұздықтың түріне қарай өзгереді.

  

Қосымша сипатына қарай, барлық тұздықтарды екі негізгі топқа    бөледі: ұн қосылған және ұн қосылмаған. Сонымен бірге тұздықтарды ыстық және салқын тұздықтар деп бөледі

VІ. Сарамандық жұмыс

Сарамандық жұмыс алдында оқушыларға техника қауіпсіздік ережесін еске түсірейік:

  1. Жұмыс алдында электр сымының зақымданғанын тексер.
  2. электр құралдарын жүйеге қосқанда және ажыратқанда құрғақ қолмен айырдың сыртынан ұстаңдар.
  3. Қосылып тұрған электр құралдарын бақылаусызқалдырмаңдар.
  4. Жұмысты аяқтағаннан кейін электр құралдарын сөндіріңдер.

Оқушылар екі топқа бөлініп, технолдогиялық нұсқау қартасы бойынша жұмыс жасайды.

1 – топ: «Ақтар» тобы ақ негізді тұздық даярлайды

Азық – түліктер: 1 стақан ет сорпасы, 2 ас қасық ұн, 1 ас қасық сары май, қажетінше тұз.

Дайындалу технологиясы:

  1. қыздырылған майда ұнды тез араластыру, жағымды хош иіс шыққанша қыздыру (ұнның түсі өзгермеуі керек);
  2. Ет сорпасымен араластыру;
  3. Тұз қосып 20 минут қайнату;
  4. Тұздықты тұздықтың ыдысына салу

2 – топ: «Қызанақ» тобы қызанақ тұздығын ақ тұздық негізінде дайындайды.

Азық – түлік: шала қуырылған тамыр сабақ, 1 дана пияз, жарты ас қасық қант, лимон, тұз, бұрыш (қажетінше).

Дайындалу технологиясы:

  1. Шала қуырылған тамыр сабаққа, пиязды қосып 30 минут қайнатады;
  2. Пісуге жақындағанда қант, тұз, бұрыш, лимон, сірке қышқылын қосады;
  3. Тұздықты сүзгіден өткізеді, сүзгіде қалғанкөкөністердітұздықта езіп қайтадан қайнатуға дейін әкеледі, бірақ қайнатпайды;
  4. Сары май қосып, тұздықты тұздықтың ыдысына салу.
  5. Бекіту сұрақтары:
  6. Тұздық дегеніміз не? (қысқаша)
  7. Тұздықтарды негізгі неше топқа бөледі?
  8. Тұздықтарды неше түрге бөледі?

VІ. Бағалау.

Сарамандық жұмыс барысында оқушылардың орындаған жұмысының сапасына, алған білімдеріне қарай бағалау.

Қорытынды.

Оқушылардың білімін сұрақ – жауап арқылы қорыту.

Не білдім?Не үйрендім ,Не білгім келеді,

Үйге тапсырма: Тұздық түрлеріне қарай сөзжұмбақтар құрастырып келу.

Мақаламен бөліс

Пікір беру
Пікіріңіз:
Полужирный Наклонный текст Подчёркнутый текст Зачёркнутый текст | Выравнивание по левому краю По центру Выравнивание по правому краю | Вставка смайликов Вставка ссылкиВставка защищённой ссылки Выбор цвета | Скрытый текст Вставка цитаты Преобразовать выбранный текст из транслитерации в кириллицу Вставка спойлера
Суреттегіні еңгізіңіз:*
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив