РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТАНЫМДЫҚ ПОРТАЛЫ
Технология
27 сәуір 2017
739
0

Электр энергиясын үнемдеудің инновациясы.

Тақырып: Электр энергиясын үнемдеудің инновациясы.

  1. Білімділік:Экономикалық білімділікті есептеу әдістері.
  2. Дамытушылық:Оқушыларға күш-қуатты үнемдеу мәселесіне назар аудару қуаттың қорын тиімді қолдана білу қабілеттерін дамыту.
  3. Тәрбиелік:өз бетімен жұмыс істей білуге, шапшаңдыққа, тапқырлыққа тәрбилеу.

Құрал-жабдықтар,көрнекті құралдар: интерактивті тақта, ЭКСПО-ға байланысты фотосуреттер, слайд..

Әдіс-тәсілдер: түсіндіру , диалог , практикалық жұмыс, сын тұрғысынан ойлау.

Тілдік терминдер: Күш-қуатты үнемдеу- берекелік емес, ақылды пайдалану(нақыл), ЭКСПО.

                                                       Сабақ барысы                                         

Ұйымдастыру кезеңі.

  • Бүгін бізде ерекше сабақ, эпиграфты оқып айтындаршы не туралы мәселе қозғаймыз? Күш-қуатты үнемдеу дегенді қалай түсінесіңдер?

«Күш-қуат» деген сөзді өмірімізде сирек пайдаланамыз, бірақ онсыз ештене істей алмаймыз. Күш-қуат деген ол күш барлық заттарды іске қосады.

Болашақ энергиясы

       Елбасы 2012 жылдың 5 қыркүйегінде Назарбаев университетінде оқыған интерактивті дәрісінде: кәсіби, білімді, ойлы, жаңалыққа құмар маман болып шығуды міндеттеді. Инновациялық жобаларды жүзеге асыру арқылы біз еліміздің бәсекеге қабілетті экономикасын қалыптастыруға жағдай жасаймыз. Бұл істе Елбасы жастарға үлкен үміт артуда. Қазіргі заманға сай өмір сүру үшін инновациялық жобаларды өзімізде ойлап табу қажет.

         2017жылы  елімізде Астана қаласында ЭКСПО  көрмесі  өтеді. Көрменің тақырыбы : « Болашақ энергиясы ». ЭКСПО  көрмесі    бүкіл әлемде 1851 ж бастап өтілуде  және әлемде  үлкен  шара болып саланады Олимпиада ойындарынан , әлемдік футбол Кубогі  ойынан  кейін  үшінші орында тұр.

1930 жылы бүкіл әлемде 300 млрд кВт-сағат энергия өндірілсе, ал қазір

60 000 млрд кВт-сағат энергия  өндірілуде.  Бұл - өте үлкен көрсеткіш! Адамның энергетикалық сұранысы күннен-күнге өсуде.

Бүгін біздің пайдаланып отырған энергия көздері — жер асты пайда қазба қорлары — мұнай, көмір, табиғи газ барлық энергоқорлардың 90% құрайды. Американдық зерттеушілердің айтуынша жер бетіндегі мұнай 2025 жылға дейін жетеді. Қашан болса да, ол бітеді және әрі қарай не болады?          Жаһандану дәуірінде энергетикалық сұранысты қанағаттандыра алатын энергия көзі – күн энергиясын қолдану

Күн – энергияның аса қуатты көзі, оның энергиясы электромагниттік толқындар спектрінің барлық бөлігінде – рентген және ультракүлгін сәулелерден бастап радиотолқындарға шейін ұдайы сәуле шығарып, таратып тұрады. Бұл сәулелер Күн жүйесіндегі барлық денелерге күшті әсер етеді: оларды қыздырады, планеталардың атмосферасына  әсер етеді, жердегі тіршілікке қажетті жарық пен жылу береді. Күннің орташа температурасы 8·106 К-ге жақын, ал Күн бетінде  6000 К-ге тең.

Күн әр секунд сайын жүздеген миллион ядролық бомбаның жарылысына тең энергия бөліп шығарады. Күннің ірі болғаны соншалық, оның ішіне біздің Жеріміз сияқты 1 300 000 планета сиып кете алады. Күннің бір килограмм затының бір секундта шығаратын энергиясы, бір қарағанда 2·10-4 Вт/кг – ға тең

Қазіргі мәліметтерге қарағанда Күн 5 млрд жыл шамасында өмір сүрді.Күн затының ішкі энергиясын-дағы қор әлі миллиардтаған жылдарға жетуге тиіс.

Қазіргі кезде Күн энергиясы халық шаруашылығында – гелиотехникалық құрылғылар (жылыжай, саяжай, суқайнатқыш, сужылытқыш, кептіргіш сияқты әр түрлі қондырғылар) өте жиі қолданылады

Біздің заманымызда табиғи таза энергия қоры – Күн энергиясын пайдаланудың негізгі екі бағыты бар: 1) күн энергиясын ішкі энергияға түрлендіру арқылы жылумен қамтамасыз ету;

       2) күн энергиясын электр энергиясына түрлендіру.

      Бұрыннан пайдаланып келе жатқан көмір, мұнай, табиғи газ сынды энергия көздерінің сарқылуы немесе қорының азаюы, қоршаған ортаға тигізетін зиянды әсерінің күн санап артуы адамдарды бей-жәй қалдырмады. Бүкіл әлем Энергия тапшылығынан құтылып, қоршаған ортаны ластамайтын альтернативті энергия көздеріне қол жеткізуге кірісіп кетті. Бүгінгі таңда әлемнің ғалымдары энергияның жаңа көзін жыл өткен сайын іздестіріп келуде.

        Көгілдір отын және көмірмен жұмыс істейтін стансаларда өндірілетін қуат арзан, бірақ олардың қоры шектеулі. Сондықтан күн батареялары мен жел стансаларының қымбаттығына қарамастан, энергия өндіру бағытында жаңғыртылатын қуат көздерін құру бүгінгі және болашақ үшін өте маңызды.

        Қазақстанның географиялық қоныстану аймағы жел, күн және су энергиясын молынан пайдалануға мүмкіндік береді. Сонымен бірге, қазақ даласында геотермальдық энергия көздері де жетерлік. Дүние жүзінде энергетикалық қуат көздерінің Алматы облысындағы Сарыбұлақ ауылында күн электростанциясы салынып болып, іске кірісіп кетті.Құрылыс БҰҰ-ның қолдауымен жүргізілді.

        1 гектар жерді алып жатқан гелиостанция 20 метрлік 6 панельден құралған. Станция сағатына 52 киловатт электр энергиясын өндіріп тұр.

        Қуат жетіспеушілігі  мәселесін шешудің бір амалы – қуатты үнемдеу. Қуатты үнемдеуге бағытталған шаралар Қазақстандағы нағыз балама қуат көздері болып табылады. Энергия мен қорларды үнемдейтін технологияларды дамыту барған сайын өзекті мәселеге айналып барады.

Көмірімнің жүз килосын мен жандырамын

деп айтады жанып тұрған бір күн  шам.

Жанып тұрса бұл босқа

Үнемділік кетті біздің далаға

Қарапайым шам 100 Вт·сағ электрқуатын жұмсайды, ал электрқуатын қорғаушы шам -20 Вт сағ жұмсайды. Электрқуатын қорғаушы шам  неше есе ұнемдейді?

Үй үлкен бір домалақ

Тұрады оның ішінде бір жарықтық,

Таңмен ұйықтап, тура салып

Жарық отпен жана қалады.

Есеп 2:  Біздің оқу орнымызда 10 қарапайым шам 100Вт сағ электрқуатын жұмсайды. Егер 20 Вт сағ жұсайтын электрқуатын үнемдеуші шаммен алмастырса, онда бір күнде қанша теңге үнемдеуге болады? (тариф 1кВт/сағ  — 25 теңге)

Сендердің алдарында колледждің 1 жылдағы электрқуатының шығыны көрсетілген диаграмма

«квартал бойынша есебі»

 

Есеп :

Оқу бөлмесіндегі энергияны үнемді қолдануын санайық ,егер қонырау уақытында светті сөндірсек. Бір күнде  қанша свет энергиясын үнемдеуге болатынын.

  1. Неше оқу бөлмесі бар екенің қарастырайық (5)
  2. Неше жарық шамы   әр оқу бөлмесінде?
  • жарық шамында 2 қызу лампасыдан болса 8*2= 16 қызу лаппасы
  1. Барлық үзілістің ұзақтылығы қоссақ 10 мин +15 мин+15 мин+10 мин + 10 мин =60 мин=1 сағ

1 лампаның  қуат күші 20Вт

Есептеу.

  1. Оқу бөлмедегі барлық қызу лампасының саны

8*2*5=80

  1. Энергия шығыны қандай

80*20*1сағ = 1600Втсағ = 1,6 кВтсағ

  1. Тарифқа байланысты электроэнергия  құны қанша?
  2. 1,6 кВтс *25теңге= 40 теңге

Жауабы: Энергия үнемділігі  40 теңге

 

Білесіндер ме  :

1 кВт электр энергиясы 38 кг нан пісіруге немесе 2 жұп аяқ киім  тігуге ,14 кг сыр өндіруге ,12 сағ теледидар қарауға  және 2 сағ үйді шаң сорғышпен соруға жетткілікті .

Осындай көлемдегі энергияны қолдану 10 сағаттағы  жәй жанып тұрған .  100Вт көлеміне  тең.

 Есеп:

— Кәне, санап көрейік,  қаржысын қалай азайтуға болады? Егер біз электрқуатын үнемдеу тәсілдеріне сүйенсек, жылына шыққан сомманы 20% қысқартып көрейік. Электр қуаты бізде 1кВт/сағ 25 теңге.

Тоқты үйде де, мектепте де үнемдеп отыру керек. Жарық бос қосылып тұрған кезде сөндіріп отыру керек. Әр жылдың наурыз айының соңғы сенбісі күні әлемдегі миллиондаған адамдар шамды 1 сағатқа сөндіріп отырады. Себебі оларға біздің планетамыздың болашағы маңызды. «Жер сағаты» — бұл біздің табиғатқа деген қарым-қатынасымыз бен қамқорлығымыз.

Сабақтың қорытындысы  (Рефлексия)

Бүгін біз оқу орнымыздың экономия бюджет проблемасының бір бөлігін шештік. Сендер сұрақтарыңа жауап таптыңдар, бұл бюджетті қалай сақтап қалуға болады? Ол үшін не істеу керек?

 Сабақ соңы ойтолғаумен қорытындыланады.

 

Мақаламен бөліс

Пікір беру
Пікіріңіз:
Полужирный Наклонный текст Подчёркнутый текст Зачёркнутый текст | Выравнивание по левому краю По центру Выравнивание по правому краю | Вставка смайликов Вставка ссылкиВставка защищённой ссылки Выбор цвета | Скрытый текст Вставка цитаты Преобразовать выбранный текст из транслитерации в кириллицу Вставка спойлера
Суреттегіні еңгізіңіз:*
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив