РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТАНЫМДЫҚ ПОРТАЛЫ
Технология
27 сәуір 2017
1179
0

Металды егеу тәсілдері

Сынып: 6 сынып

Сабақтың тақырыбы:  Металды егеу тәсілдері.

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: Оқушыларға тұрмыстық еңбек құралын қолдану тәсілін түсіндіру, түрлі құрал-сайман түрлерімен жұмыс істей білуге үйрету, шеберлік деңгейлерін арттыру.

Дамытушылығы: Ой-өрісін, дүние тануын дамыту, икемділікке баулу.

Тәрбиелігі: Оқушыларды еңбексүйгіштікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу, қолөнерге бейімдеу.

Сабақтың әдіс-тәсілі: Түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелесу.

Сабақтың көрнекілігі: Плакат, (Егеу тәсілдерінің көрінісі)

Сабақ түрі: Аралас сабақ

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.
  2. Жаңа сабақ.

Оқушылармен амандасып, сыныптың сабаққа дайындығын тексеру.

Тақырыпты түсіндіру. Кіріспе: - Ал балалар сабағымызды бастамас бұрын

"Еңбек етте мақтан

Ойнап күлде мақтан"

деген аталы сөз бар. Осы аталы сөзді жадымызда сақтап мына бір жұмбақпен бүгінгі сабағымыздың тақырыбын ашып алайық.

Ұсақты - ірі тісі бар

Тістемей -ақ істер ісі бар.    (Егеу)

- жұмбақтың шешімін табайық

 

Жаңа сабақ.  

Біздің бүгінгі өтетін жаңа тақырып "Металды егеу тәсілдері". Алдымен егеу түрлерімен танысайық.

Егеу түрлері:

- жалпы қолданатын

- арнайы қолданатын

- надфиль

- рашпиль

 

Егеудің жұмыс істейтін бөлігінде қырлары және өткір тістері болады.

Егеу жасайтын темір маркалары У-13, У-13А, ШХ-15 және 13-Х.

1) Жалпы қолданылатын егеулерді слесарь жұмысына қолданады. Егеу кезіндегі егеудің номері жасалатын материалдың нақтылы, майда және бұжырына байланысты таңдалады. Егеу дүздеріне байланысты мынандай түрлері болады.

0 және 1 номерлі егеулер өте үлкен дүзді болады. Сондықтан оны керекті металл бетінің ең бірінші беткі қабатын өңдеу үшін пайдаланамыз.

Нақты тазалайтының көлемі 0,2; 0,5 мм.

2 және 3 екінші кезеңдегі тазалау жұмысын атқарады.

Нақты тазалайтын көлемі 0,1; 0,3 мм. 4 және 5 ақырғы кезеңдегі өңдеуде қолданылады. Нақты тазалау көлемі 0,025; 0,05 мм. Егеудің ұзындығы 100, 150, 200, 250, 300, 400 мм. болады.

Егеулер жалпақ, жалпақ үшкір, төртбұрышты, үшқырлы, домалақ, ромб тәрізді.

2) Арнайы егеулер - түрлі түсті металдарды, жеңіл және темір емес материалдарды өңдеуге арналған.

 

1 сурет. Металл егеу тәсілі

а) дененің орналасуы. б) 450 денені ұстау.

в) аяқтың орналасуы

2 сурет. Егеу кезіндегі қол қимылы

а) оң.    б) сол.

3) Надфиль - ұсақ дүзді кішкене егеулер. оларды гравюр, ювелир және өте қиын қуыстарды егеуге арналған.

4) Рашпиль - жұмсақ сирек, ағаш, тері, каучук т.б. егеуге арналған. Оның екі түрі болады арнайы және етіктікі.

 

Егеулерде қол қалай тұру керек?

а) оң қолымен егеудің сабынан ұстап, алма кезек басып итереміз.

ә) сол қолының алақанымен басып итереміз.

 

Балғаның доңес және жалпақ қырын, сабының өтпелі тесіктерін жоғарыда аталған егеулермен егеулеп тазалаймыз.

Практикалық жұмыс

- ал балалар түсінікті болса іске кірісейік.

- түсінбегендерін болса сұрап алыңдар.

- еңбектің кез келген сәтінде қауіпсіздік ережесін ұмытпайық. Қауіпсіздік техникасы жөніндегі ағымдағы нұсқама.

 

  1. Егелеген металл қалдықтарын үрлеуге болмайды.
  2. Үстіге арнайы халат кию керек.
  3. Егеу дүздерін камтып барлық алақанымен ұстауға болмайды.

 

Сабақты бекіту: "Көз қорқақ - қол батыр" Еңбек ету бәріміздің қолымыздан келеді.

Үйге тапсырма: Қаңылтырдан қалақ жасау тақырыбына техникалық карта сызып келу.

Қорытынды бөлім:
Сабақты қортындылай келе оқушылардың жұмысын тексеру, мадақтау, бағалау. Бүгінгі күннің талабы – оқушының бәсекеге қабілетті болуы.

Мақаламен бөліс

Пікір беру
Пікіріңіз:
Полужирный Наклонный текст Подчёркнутый текст Зачёркнутый текст | Выравнивание по левому краю По центру Выравнивание по правому краю | Вставка смайликов Вставка ссылкиВставка защищённой ссылки Выбор цвета | Скрытый текст Вставка цитаты Преобразовать выбранный текст из транслитерации в кириллицу Вставка спойлера
Суреттегіні еңгізіңіз:*
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив