РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТАНЫМДЫҚ ПОРТАЛЫ
Технология
12 маусым 2017
123
0

Адамды адам еткен – еңбек

 

«Адамды адам еткен – еңбек»

Есенаманова Г.Б

«Жаңаөзен арнайы жалпы білім беретін және мектепке дейінгі ұйым» КММ-сы

Мақсаты: Оқушылардың білімін, бойларындағы қабілеттерін, білімі мен ой – өріс деңгейлерін көтеру. Жылдам ойлап, шапшаң жауап беруге дағдыландыру. Оқушы бойындағы жауапкершілікті, ізденісті, шыдамдылық пен төзімділікті ұштастыра отырып, алға мақсат қоюға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Ағаш материалдар, құралдар мен жұмыс жасау ережелері, ағаш түрлері, ара түрлері, шеге, балға, зімпара және басқада еңбек құралдары.

Сабақ түрі: топтық сайыс.

Сабақ барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Психологиялық дайындық.

ІІІ. Топтарға болу, сайыс шарттарымен таныстыру.

-Құрметті қонақтар, ұстаздар, оқушылар бүгінгі «Адамды адам еткен - еңбек» тақырыбындағы 7-8-9 сыныптар арасындағы ұлдарымыздың кәсіп пәндерінен алған теориялық және тәжірбиелік білімдерін сынап және үйренген шеберліктерін, қабілеттерін ортада сайыс түрінде көресіздер.

  «Адамды адам еткен – еңбек», еңбектің нәтижелі болуы әр адамның еңбекке саналы қатынасына байланысты. Олай болса, бүгінгі таңда қоғам қажеттілігі – жас ұрпақтың бойында еңбекке ынталылық пен құштарлыққа тәрбиелеу. Болашақта еңбек жолын дұрыс таңдауға бағыт-бағдар беру.    

  Бүгінгі сабағымыздың мақсаты жас ұрпақтың бойында дене және ақыл-ой еңбегіне деген дұрыс қатынасты өмірде еңбекті қажетсінуіне тәрбиелеу.

  «Дәулетім, ұлым өнерім,

өнермен арттар беделің,

өнерің болса бойыңда,

халқыңа тиер көмегің» - дей келе оқушыларымызды ізденіске, шығармашылыққа жетелейтін жүйелі түрде өтілетін сайысымызды бастаймыз. «Ата кәсібі – ұрпаққа мұра»-демекші сайысымызды ойын түрде өткіземіз.

Оқушыларымызды топтарға бөліп, топ басшылармен таныстырамыз. Екі топқа «Ұсталар» мен «Шеберлер» деген атау береміз.

Ойын 4 кезеңнен тұрады.

  1. Сұрақ – жауап.
  2. «Кім шапшаң» - ою – өрнек сызу, жасау.
  3. «Салт – дәстрім байлығым» - сұрақтар.
  4. «Шебер болар ұрпақпыз» - ұсталық өнер бойынша бұйым жасау.

Сайысымыздың әр бір кезеңдеріне баға берер әділ қазыларымызбен таныстырамыз. 1. Мектеп директоры – Қайрлиева Р.М 2. Мектеп әдіскері – Молджигитова Н.Н                3. Психолог – Утегулова А

І. Кезең. Сұрақ-жауап. 10 сұрақ қойылады. (10 минут).

  1. Ағаштан қандай заттар жасалады?
  2. Ағаштар қайда өседі?
  3. Ағаштың құрлысын айтып бер.
  4. Ағаштың діңі қандай геометриялық фигураға ұқсайды?
  5. Ағаш ұстасының қолынан қандай бұйымдар жасалады?
  6. Ұста дегеніміз кім?
  7. Ағаштан жасалған бұйымдарды қалай өрнектейді?
  8. Киіз үйді кім жасайды?
  9. Ағаш бұйымдарын жасаған кезде нелермен біріктіреміз (желім, шеге, бұрама шеге, ағаштың өзімен).
  10. Ағашпен жұмыс жасағанда қандай еңбек құралдарын қолданамыз, қауіпсіздік ережесін айтып бер.

ІІ кезең «Кім шапшаң» ою-өрнек сызу, ою.

Сымнан ою жасау, қағаздан ою. (7 минут). «Еңбек, өнер, білім, талап, кәсіп, өмір, шебер, ағаш, темір, жеті» - сөздеріне мақал-мәтел айту.

ІІІ кезең «Салт – дәстүрім байлығым» сұрақтар. (10 минут)

  1. Бата деген не?
  2. Жеті атаңды ата.
  3. Тоқымқағар қандай дәстүр.
  4. Базарлық дегеніміз не?
  5. Байғазы деген не?
  6. «Жасау» және «Енші» мағынасын түсіндір.
  7. Иткөйлек дегеніміз не?
  8. Бастаңғы дегеніміз не?
  9. «Ерулік» дегеніміз не?
  10. Тасаттық дегеніміз не?

ІV кезең. «Шебер болар ұрпақпыз»

Оқушыларға ағаштан бұйым жасау тапсырылады.

Бір бұйым жасап шығарады, еңбек құралдарын орнымен қауіпсіз жасау ережесі ескертілді.

Сайыс соңында топтардың әрбір кезеңнен жиған ұпайларына қарай бағаланып, жеңімпаз топ марапатталады.

Қорытынды: Бүгінгі сайысымыздың соңында өз өнерлерін ортаға салған қатысушыларымызға көп-көп рахмет, жеңістеріңізбен құттықтаймыз.

Халқымыздың ұлттық мәдени мұрасын өздеріне үлгі тұтса, бір өнерін үйренсе, сол өнердің шығу тарихын оқыса, ұлтының лайықты, мақтан тұтар азаматы болар. «Тіршіліктің тұтқасы мен өмірдің шамшырағы – өнер мен білім» деп ұққан халқымыз ұлттық қолөнерді балаға жастайынан үйретіп, өмірге бейімдеген. «Өнерлі өрге жүзер», «Талаптыға нұр жауар», «Шебер өлмес, өнер сөнбес», «Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей» деп ұрпағын білімге, өнерге, еңбекке, үйретіп, тәрбиелеген.

Олай болса: «Ата салтым асыл мұрам, ардағым.

                     Бабалардың жалғастырар арманын,

                     Сан ғасырға қалпын бұзбас қадірім,

                     Өткенімді, бүгінгімен жалғадым» - деп бүгінгі «Адамды адам еткен - еңбек» тақырыбындағы сайыс сабағымызды аяқтаймыз. Сайысымызға қатысқан қонақтарға уақытын бөліп келгендеріне рахмет!

Маңғыстау облысы

                                                                                                                                        Жаңаөзен қаласы

 

 

 

 

 

Мақаламен бөліс

Пікір беру
Пікіріңіз:
Полужирный Наклонный текст Подчёркнутый текст Зачёркнутый текст | Выравнивание по левому краю По центру Выравнивание по правому краю | Вставка смайликов Вставка ссылкиВставка защищённой ссылки Выбор цвета | Скрытый текст Вставка цитаты Преобразовать выбранный текст из транслитерации в кириллицу Вставка спойлера
Суреттегіні еңгізіңіз:*
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив