РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТАНЫМДЫҚ ПОРТАЛЫ
Технология
16 ақпан 2018
442
0

Тұрғын үйге электр жұмыстарын жүргізу

Пәні: Технология

Күні:

Сыныбы:

Сабақтың тақырыбы:  Тұрғын үйге электр жұмыстарын жүргізу

Сабақтың мақсаты:

  1. Білімділік: Оқушылар сарамандық жұмыс жасау арқылы тұрғын үйге электр тогын жүргізуді  үйрету;
  2. Дамытушылық: Электр тогымен жасау барысында олардың қолданылар орнымен таныстыру, жаңа технологиялық жетістіктерді оқу барысында пайдалану;
  3. Тәрбиелік: Өнерде шеберлікке деген ынта-қабілетін арттырып, өздігінен сапалы бұйым жасауға, әсемдікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: сарамандық сабақ

Сабақтың әдісі: алған білімдерін практикада қалыптастыру, миға шабуыл әдісі

Көрнекіліктер: электр тогымен жұмыс жасауға арналған құрал-жабдықтар, жұмыс үстелі, киіз үй макеті, слайд көрсетуге арналған проектор;

Пәнаралық байланыс: тарих, математика, химия, бейнелеу өнері, сызу.

Сабаққа қажетті құрал-жабдықтар:

  • Мультимедиялық проектор
  • Слайдтар
  • Технологиялық карталар
  • Еңбек құралдары

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі -2 минут

ІІ. Видеоролик көрсету -5 минут

ІІІ. Жаңа сабақ -7 минут

ІҮ. Тұрғын үйге жүргізілетін электр тогының сызбасын сызу - 5 минут

Ү. Электр тогына қатысты терминдерді 3 тілде үйрету -        5 минут

ҮІ. Қауіпсіздік ережесін айтып түсіндіру – 2 минут

ҮІІ. Сарамандық жұмыс. Киіз үйге электр тогын жүргізу және оқушылар өздігінен жұмыс жасап үйрену - 12 минут

ҮІІІ.Қорытынды. Бұйымның экономикалық есебі - 2 минут

ІХ. Сәйкестендіру тесті – 3 минут

Х. Үйге тапсырма беру - 2 минут

 

І. Ұйымдастыру кезеңі:

  • Оқушылар оқу шеберханасына кірмес бұрын көрнекілік сызбаларды ілу.
  • Жұмыс үстелінде құрал-саймандарды, керекті материалдарды дайындап қою;
  • Оқушылармен амандасу, кезекші тағайындап, оқушылар құрамын анықтау, сабаққа дайындығын тексеру;
  • Сыныпты екі топқа бөлу.

ІІ. Видеоролик көрсету

ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру.

Тұрғын үйдегі электр жабдықтары сақтандырғыш қалқан топтамасына электр энергиясын санауыш, пәтерішілік электр тартылымы, розетка және қосып-ажыратқыш кіреді.  Топтама қалқанға сақтандырғыштар, пакеттік ажыратқыш және тұтынған электр энергиясын санайтын санауыш орнатылады. Пәтерде электр жабдықтармен жұмыс істегенде, пәтерішілік электртартылымдарды электр тораптан пакеттік ажыратқыш арқылы ажыратады. Электр тораптарды қысқа тұйықталудан қорғау үшін автоматты сақтандырғыштар қолданылады.

Автоматты сақтандырғыштар электромагниттен, биметалл тіліктен және жұмыстық түйіспедан тұрады.

Сақтандырғыш өшкенде, оны іске қоспастан бұрын пәтерде электр тізбегі жүктемесінің артуынан туған қысқа тұйықталудың себебін тауып, жөндеу керек.

 

ІҮ.  Терминдер:

 

Қосып ажыратқыш             Выключатель                                       switch

Электр шамы                       лампочка                                              bulb

Ағытпа                                  розетка                                  powersocket

Электр қорабы                электрическая коробка             electricalbox

Электр сымы             электрический провод                      electricwire

Оқшаулағыш лента            изолента                                  insulating tape

Қысқыш                           плоскогубцы                                    pliers

Бұрауыш                            отвертка                                     screwdriver

 

Тақырыпқа сай қауіпсіздік ережесін ескерту.

  1. Жұмыс істегенде арнайы қолғап, арнайы киім кию.
  2. Тек жарамды құралмен жұмыс істеуге болады, оны қатаң түрде мақсатты пайдалану керек.
  3. Электр сымымен жұмыс істеп тұрған адамның ту сыртында тұруға болмайды.
  4. Жұмыс істеп болғаннан кейін сымдарды міндетті түрде оқшаулағыш лентамен орау керек

 

Ү. Сарамандық жұмыс.

- Оқушылар біз бүгінгі сабағымызда электр тогына қатысты құрал-жабдықтармен жұмыс жасаймыз. Ол үшін барлық оқушылар екі топқа бөлініп, кезек-кезек электр тогына жалғауды үйренеді.

 

ҮІ. Оқушылардың өз – өздерін бағалауы, жұмыстарына талдау жасау

Екі топтан екі оқушы шығып, бұйым құрастырылғанда кеткен кемшіліктерді айтады, сабақ үстінде белсенді қатысқан оқушыларды өздері айтады.

 

ҮІІ. Қорытынды.

экономикалық есебі.

  • Электр сымы – 12метр – 500тг
  • Розетка – 3дана - 900тг
  • Изолента – 1дана -  100тг
  • Қосып-ажыратқыш – 1 дана – 300тг
  • Кабелегон – 2дана - 200тг
  • Электр қорабы – 2 дана - 500тг
  • Сақтандырғыш – 2 дана – 600тг

Жалпы сомасы : 3100 тг

 

ҮІІІ. Үйге тапсырма беру.

  Өзіміздің тұрғылықты үйіміздегі электр тогының сызбасын сызып келу

 

 

 

Мақаламен бөліс

Пікір беру
Пікіріңіз:
Полужирный Наклонный текст Подчёркнутый текст Зачёркнутый текст | Выравнивание по левому краю По центру Выравнивание по правому краю | Вставка смайликов Вставка ссылкиВставка защищённой ссылки Выбор цвета | Скрытый текст Вставка цитаты Преобразовать выбранный текст из транслитерации в кириллицу Вставка спойлера
Суреттегіні еңгізіңіз:*
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив