РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТАНЫМДЫҚ ПОРТАЛЫ
Технология
16 ақпан 2018
748
0

Ағашты көркемдеп өңдеу. Ағашқа күйдіріп өрнек салу. Асүй аспаптарын жасау

Күні:

Сыныбы:   

Сабақтың тақырыбы:

               Ағашты көркемдеп өңдеу. Ағашқа күйдіріп өрнек салу. Асүй аспаптарын жасау

Сабақтың мақсаты:

  • Білімділік: оқушыларға ағашты көркемдеп өңдеу, ағашқа күйдіріп өрнек салу және ас үй жабдықтарын ұлттық ою-өрнекпен күйдіріп әрлендіру технологиясын игерту;
  • Дамытушылық: сый кәделік бұйымдарды күйдіріп өрнектеудің тарихымен таныстыру, қолданбалы қолөнер бұйымдарын ұлттық нақышта күйдіріп әшекейлеуде икемділігін арттырумен қатар жаңа технологиялық жетістіктерді оқу барысында пайдалану;
  • Тәрбиелік: өнерде шеберлікке деген ынта-қабілетін арттырып, өздігінен сапалы бұйым жасауға, әсемдікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа тақырып, аралас сабақ

Сабақтың әдісі: алған білімдерін практикада қалыптастыру

Көрнекіліктер: ас үй тақтайшасы мен оқтау жасаудың технологиялық картасы, сызбалар, дайын тақтайшалар, интерактивті тақта.

Сабаққа қажетті құрал –жабдықтар:

  1. Мультимедиялық проектор
  2. Слайдтар
  3. Технологиялық карталар
  4. Ағаш өңдеу станогы Стд-120М
  5. Электркүйдіргіш аппараты

Пәнаралық байланыс: тарих, математика, химия, бейнелеу өнері, сызу.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

  • Жұмыс үстелінде құрал-саймандарды, керекті материалдарды дайындап қою;
  • Оқушылармен амандасу,кезекші тағайындап, оқушылар құрамын анықтау, сабаққа дайындығын тексеру;
  • Сыныпты екі топқа бөлу.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау

  1. Ағаштан қандай музыкалық аспаптар жасауға болады?
  2. Шертер мен домбыраның айырмашылығы неде?
  1. Музыкалық аспаптар жасауда ағаштың қандай түрлері қолданылады?

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру. Түсіндірме баяндау.

Ағашты күйдіріп әрлендіруді пирография деп атайды. Күйдіріп өңдеу аппараттары жетілдірілмеген кезде былай өңдеу өте қарапайым болды.Бензинді қолдана отырып, соның көмегімен платина ине қыздырылатын, иненің қызуын бәсеңдетпес үшін шебер бензинді ауық – ауық аяқ басқышпен үрлеп тұруға мәжбүр болатын.

Ағашті күйдіріп өрнектеуді электр бізбен жасаудың әдісін ойлап тапқаннан кейін пирография ағашты көркемдеп өңдеудің ең қарапайым тәсіліне айналды. Күйдіріп өрнек салуда әртүрлі таңба штифттер жасауға болады. Электр күйдіргіштен басқа кейбір көмекші аспаптарды қолданамыз.Оған нихрон сымын ұстап тұру үшін тістеуіктер, штифттерді майыстыруға арналған қысқыштар мен дөңгелек қысқыштар, қысатын бұрандамаларды бұрау үшін байтесе, балға мен сымды қаптауға арналған төс темір жатады.

            Күйдіріп өрнек салуға ағаштың жұмсақ түрлері (жөке, терек, қандыағаш, балқарағай)  пайдаланылады. Күйдіру жиектік, сызықшалы, нүктелік болып үш топқа бөлінеді.

Күйдіріп өрнектеу кезінде суретті ағаш бетіне дұрыс көшіру өте маңызды. Ол үшін таңдап алынған суретті, не өрнекті жылтыр қағазға көшіріп ағаштың бетіне түсіреміз.

           Біз бүгінгі сабағымызда сыныпты екі топқа бөліп: І- топ тағам турайтын тақтайша әзірлесе, екінші топ оқтау жасайды.

Тақтайдың  үлгілері:

Оқтау – қамыр жаю үшін қолданылатын  ас үй құралдарының бірі. Бұйымның мөлшерін өзгертуге болады.Бұйымды толық әзірлеп болған соң. Оны әдемілеп ажарлайды.

 

 
   

 

 

 

 

Ү. Тақырыпқа сай қауіпсіздік ережесін ескерту.

  • Электркүйдіргіш аспабын тек мұғалімнің рұқсатымен қосу қажет.
  • Жұмыс барысында күйдіргіш бізді қатты басып ұстауға болмайды;
  • Қызып тұрған бізді киімге, денег, тигізіп алудан сақ болу керек
  • Күйдіріп сурет салатын ағаштың келесі шетін көтеріңкі ұстап, көз алдынан 25-30 см қашықтықта ұстайды. Сурет салатын бұйымның бетіне жарық мейлінше мол керек.
  • Ағашқа күйдіріп сурет салғанда көз тез қарығады. Сондықтан 15-20 мунит сайын үзіліс жасап отыру керек.
  • Штифт өте қатты қызарған кезде ағаш жана бастайды. Оған жол беруге болмайды.
  • Қосылған аппаратты қараусыз қалдыруға болмайды.
  • Жұмысты жақсы желдетілген орында істеу керек.

Ү. Сарамандық жұмыс

І- топ. Тағам турайтын тақтайша жасау

ІІ- топ. Оқтау жасау

                 Екі топқа да бұйымның технологиялық картасы беріледі.

Сабақты бекіту:

  1. Ағашты күйдіріп өрнектеу не деп аталады?
  2. Күйдіріп өрнектеуде қандай ағаш түрлері қолданылады?
  3. Ағаштан қандай бұйымдар жасауға болады?

ҮІ. Қорытындылау, бағалау.Жасалған бұйымдарды қарап шығу, кеткен кемшіліктерді атап, жөндеуге нұсқау беру.

ҮІІ. Үйге тапсырма: тағам турайтын тақтайшалардың басқа да түрлерін ойлап табу және бейнелерін салып келу.

 

 

 

 

 

 

 

 

Көрнектілік құралдың сызбасы. Көлемі 60-80

 

Күйдіргіш аппарат:

  1. Тірек
  2. Тұтқа
  3. Электр сұқпа, шанышқы
  4. Тоқ реттегіш

 

 

 

 

 

 

 

Жұмыс бөлігі:

1.      Тұтқа

2.      Электрод сым

3.      Бұранда

 

 

Таңба штифттер

 

 

 

 

 

Ою үлгілері

 

 

Мақаламен бөліс

Пікір беру
Пікіріңіз:
Полужирный Наклонный текст Подчёркнутый текст Зачёркнутый текст | Выравнивание по левому краю По центру Выравнивание по правому краю | Вставка смайликов Вставка ссылкиВставка защищённой ссылки Выбор цвета | Скрытый текст Вставка цитаты Преобразовать выбранный текст из транслитерации в кириллицу Вставка спойлера
Суреттегіні еңгізіңіз:*
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив