РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТАНЫМДЫҚ ПОРТАЛЫ
Технология
16 ақпан 2018
611
0

Сымдарды көтеру,реттеу және оқшаулатқышқа бекіту.

 

   Қармақшы аграрлы-техникалық колледж

Арнайы пән оқытушысы: Ақмарал Тажибаева Жұматайқызы

 

Сабақтың тақырыбы:  Сымдарды көтеру,реттеу және оқшаулатқышқа бекіту.

Сабақ / оқу мақсаттары:

Білімділік  :  Студенттерге   сымдарды көтеру,реттеу және оқшаулатқышқа бекіту жұмыстарын,  пайдалану орнын түсіндіру арқылы білімдерін жүйелеу.

Дамытушылық:  Студенттердің  шығармашылық қабілеттерін дамыту, логикалық ойлау қабілеттерін қалыптастыру.

Тәрбиелік:  Студенттердің өз бетімен жұмыс жасауға, ізденіске,жауапкершілікке, ұқыптылыққа, таңдаған мамандығына деген қызығушылықтарын арттыру.

Сабақ әдісі: сұрақ-жауап, ой-қозғау, тапсырма,сын тұрғысынан ойлау.

Сабақ түрі: аралас сабақ

Сабақ типі: жаңа  тақырыпты түсіндіру

Сабаққа қажетті:

Оқулықтар/әдебиеттер : Электромонтер, Село электригінің серігі

Құрал-жабдықтар: интербелсенді тақта, сым  түрлері,оқшаулатқыштар, макет түрлері

Сабақ/оқу барысы

І. Ұйымдастыру кезеңі:

А) Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру

Б) Журналға белгі соғу. Назарларын сабаққа аудару.

ІІ. Өткен сабақтар бойынша білім деңгейлерін тексеру

                    ( үй тапсырмасын сұрау)

  1. Тест жұмысы
  2. Суреттер сөйлейді-Өткен тапсырмалар бойынша суреттер арқылы тақырыпты ашу

             

ІІІ. Жаңа сабақ

Сабақтың жоспары:

  1. Сымдарды көтеріп,ілу жұмыстары.
  2. Әуе желілері сымдарын оқшаулатқышқа бекіту.
  3. Әуе желі сымдарын ғимаратқа  енгізу.
  4. Техника қауіпсіздік ережелерін сақтау.

Желі бойымен тартылған сымдары ағаш таяқтармен көтеріп,тіректердің  ілмешектеріне іледі. Сымдар шиеленіспеу үшін алдымен ең жоғары сымды,сонан соң қалғандарын кезегімен көтеру керек. Сымдарды тірекке керіп ілу кезінде белгілі тәртіпті сақтау керек.Қоршаған ортаның температурасы өзгерген кезде әр түрлі материалдардан жасалған сымдардың салбырап төмендеуі де әр түрлі болады: алюминий сымдары ауаның температурасына бейімделгіш келеді,ал болат сымдардың тартылуы алюминий сымдарына қарағанда берік. Осыған байлаысты алюминий сымдарды тіректің басқа сымдарынан жоғары тарту керек, ал болат сымды төмен орнату керек. Сымдарды әр анкерлі өткінде бөлектеп тартады. Сымның бір ұшын тұзақпен тірктің оқшаулатқыштарына,ал басқа ұшын дөңгелек жалпақ қысқышты құралмен немесе монтажды бұрандамалы қысқышпен ұстап бекітеді. Сымдарды тартып бекіту үшін ең жетілдірілген әмбебап монтаждау қысқышы қоланылады. Анкерлі өткіндерде барлық сымдарының салбырау бойы  бір мөлшерде болу керек. Әр түрлі қимлы сымдар үшін ымдардың салбырау бойы  қимасы ең төмен деңгейлі сыммен алынады.

 Алюминий және алюминий болатты сымдарды бекіту орындарында олардың бұзылуын болдырмау үшін алдын ала алюминий таспасымен орайды. Тіректердегі сымдар тік орналасқан кезде реттеу жұмыстарын жоғары сымдардан, ал көлденең жағдайда ортаңғы сымдардан бастайды. Аралық тіректерде сымдарды оқшаулатқыштың бос ұшына, ал бұрышты тіректерде –мойнына орнатады.

13.10 –сурет. Оқшаулатқыштың бос ұшына сымдарды екі байлау сымымен бекітеді. Сымды оқшаулатқыштың мойнына бекіту кезінде байлау сымдары сымның тұрағын және оқшаулатқыштың мойнына бекіту кезінде байлау сымдары сымның тұрағын және оқшаулатқыштың мойнын қамтиды, содан кейін байлау сымының бір ұшын сымның айналасына бір бағытта,ал келесі ұшын қарама-қарсы бағытта орайды.  Мотаж жұмыстары аяқталған соң тіректерді таңбалап белгіейді,әр бөренеге желі нөмірн,осы желідегі тіректің реттік нөмірін және тіректің орнатылу мерзімін көрсетеді.  Сандарды тіректерге қара бояумен 3-4 м биіктікте жазады.

                                                                                                                          

Тас қабырғалы ғимаратқа бірнеше сымдарды енгізу үшін бір ортақ саңылау,ал ағаш қабырғаларға әр сымға арнап бөлек саңылау бұрғылап,теседі. Панажайларға сымдарды енгізу оқшауланған сымдармен орындалады, сол себепті әр сымды бөлек резеңкелі, поливинилхлоридті немесе басқа оқшауланған түтікпен жүргізеді. Сымдарды енгізу үшін ғимараттың сыртына фарфор төлкелерді қондырады. Воронка мен төлке саңылауға кірген орнын битуммен тығыздап,бітейді. 13.11-сурет. Ғимаратқа кіретін сымдарды,оқшауламаға бекітілген сымды орауышқа қосады. Ғимарат қабырғаларында қондырылған кіру оқшауламалары мен жер бетіне дейінгі арақашықтық 2,75 м-ден кем болмауы керек. Шатыр арқылы ғимаратқа сымдарды кіргізу үшін болат бағаналар мен құбырларға орнатады,ол үшін құбырға су кірмеу үшін саңылауды 180 С төмен қарай майыстырады.

 Қажет болған жағдайда бағаналарды кергішке бекітеді. Оқшауламадан шатырға дейінгі арақашықтық 2,5 м-ден кем болмауы тиіс.

 

 

 

Техника қауіпсіздік ережелері

  1. Электромонтердің бас киімі,когти,монтер белбеуі берік, сенімді болуы.
  2. Тіректердің түзу орналасуы.
  3. Оқшаулатқыштардың сынық болмауы.
  4. Желіні пайдалануға берілу кезінде: желінің барлық элементтерін,траверстің бекітілу беріктігінің дұрыстығы.
  5. Құрал-жабдықтардың оқшаулануы.

Ү. Өтілген сабақты (материалды бекіту)

  1. Әуе желі сымдарын ғимаратқа енгізу, есептегіш арқылы бөлме сұлбасы. (дәптермен жұмыс)
  2. Сөзжұмбақ шешу. (Монтаж)
  3. Сергіту сәті. Ия немесе жоқ

ҮІ. Үйге тапсырма . 13.8. Сымдарды көтеру, реттеу және оқшаулатқышқа бекіту.338-339 бет

Мақаламен бөліс

Пікір беру
Пікіріңіз:
Полужирный Наклонный текст Подчёркнутый текст Зачёркнутый текст | Выравнивание по левому краю По центру Выравнивание по правому краю | Вставка смайликов Вставка ссылкиВставка защищённой ссылки Выбор цвета | Скрытый текст Вставка цитаты Преобразовать выбранный текст из транслитерации в кириллицу Вставка спойлера
Суреттегіні еңгізіңіз:*
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив