РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТАНЫМДЫҚ ПОРТАЛЫ
Блог
9 ақпан 2017
522
0

Журналистикаға қыздардың келгенін құптамаймын...

Мәншүк Сайфуллина Журналистикаға қыздардың келгенін құптамаймын... Шәмші әнді, Мұқағали өлеңді қалай сүйсе, журналист журналистиканы солай сүюі тиіс. Бірақ бұл «махаббат» «құрбандықты» талап етеді. Иә, журналистиканың жолы қатал. Қыздардың  бұл саланы таңдағанын аса құптамайтыным да осы себептен.

 

Қазақ тілі мен әдебиетті сүйіп оқып, шығармадан «бестік» алып жүрген бала Мәншүкке көгілдір экраннан «жылт» етіп шыққан әпкелерінің барлығы бақытты көрінетін. «Отбасында бір журналист жоқ, қайда барасың?!» деген анамды да тыңдамадым. Ол кезде қайда бара жатқанымды түсінетіндей көріндім. Бірақ...

 

Еш қиындықсыз оқуға түстім, қиналмай-ақ бес жылды тәмамдап, қолыма «қызыл» дипломды алдым. Журналистиканың тарихын білем, қазақ журналистикасын қалаушыларды жаттап алғам, «Дала уәлиаты» қашан шыққанын түнде оятып сұраса да айтып берем. Бірақ бұл мәліметтердің практикада біреуі де іске аспады. Есесіне, «зкт», «снх», «кодировка» дегендердің не екенін білмей жергілікті телеарнаға барған мен үшін қызықтың көкесі басталды.  Жыладым, құладым, талай сөз естідім.

 

Солай 10 жылда, көп нәрсеге жылай қоймайтын, кез келгенге жауап қайтара алатын, құласа қайта тұратын, адаммен 10 минут сұхбаттасып, шамамен болмысын тани алатын Мәншүкке айналдым. Бойымдағы кемшілік те, артықшылық та осы мамандықпен келді.  «Журналист болсам...» деп армандайтын әсіресе қыздар қауымы.  Өйткені, барлығы әдемі боянып, сәнді киініп, теледидардан көрінгісі келеді. Бірақ журналистика мұнымен шектелмейді. Журналистика жынысқа бөлінбейді. Мұнда ешкім саған «нәзік жанды» деп қарамайды. Әңгімемнің басында «құрбандық» туралы айтқанмын. Ол нендей «құрбандық» дерсіздер. Ендеше, мейрамдарды отбасыңмен дастарқан басында емес, көшеде, алаңдарда өткізуге, түнімен монтажда отырып, үйіңізге ұрланып кіріп, таңертең күйеуіңіздің шытылған қабағын ашу үшін барыңызды салуға дайын болсаңыз, қажетті сұхбатты алу үшін отқа да, суға да түсуге шыдаймын десеңіз, мархаббат! Журналистикаға қош келдіңіз!))

24.kz

Мақаламен бөліс

Пікір беру
Пікіріңіз:
Полужирный Наклонный текст Подчёркнутый текст Зачёркнутый текст | Выравнивание по левому краю По центру Выравнивание по правому краю | Вставка смайликов Вставка ссылкиВставка защищённой ссылки Выбор цвета | Скрытый текст Вставка цитаты Преобразовать выбранный текст из транслитерации в кириллицу Вставка спойлера
Суреттегіні еңгізіңіз:*
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив