РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТАНЫМДЫҚ ПОРТАЛЫ
Мақал-мәтелдер / Ұлағатты сөздер / МЕРЕКЕЛЕР / Алғыс айту күні (1 наурыз)
8 ақпан 2018
1020
0

Қазақша Мақал - Мәтел: Алғыс, Ризашылық

Алғыс алған арымас,

Қарғыс алған жарымас.

 

Алғыс алған жігіттің аты бәйгеден келеді.

 

Алтын алма, алғыс ал: алтын деген жер сыйы, алғыс деген ел сыйы.

 

Бедеу мінсең бел аласың, Алғыс алсаң көп жасайсың.

 

Бота алғанша — бата ал. Ел алғысын алсаң елеулісі боларсың.

 

Қағынған қарғыс алар,

Қарасқан алғыс алар.

 

 

Құр алғыс азық болмайды.

 

Сілеу алма, тілеу ал.

Қарғыс алма, алғыс ал.

 

 

Көп дұғасы — көл.

 

Қайырымдылық жасасаң,

Қайырын өзің көресің.

 

Қонағыңның алтынын алма, алғысын ал.

Мақаламен бөліс

Пікір беру
Пікіріңіз:
Полужирный Наклонный текст Подчёркнутый текст Зачёркнутый текст | Выравнивание по левому краю По центру Выравнивание по правому краю | Вставка смайликов Вставка ссылкиВставка защищённой ссылки Выбор цвета | Скрытый текст Вставка цитаты Преобразовать выбранный текст из транслитерации в кириллицу Вставка спойлера
Суреттегіні еңгізіңіз:*
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив