РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТАНЫМДЫҚ ПОРТАЛЫ
МЕРЕКЕЛЕР / Наурыз мейрамы (22 наурыз)
11 наурыз 2018
707
1

22 наурыз құттықтау. Мерекеге құттықтау, тілектер

 

Ұлыс бақты болсын,
Төрт түлік ақты болсын!
Ұлыс береке берсін,
Бәле-жала жерге енсін!
Ұлы халқым тоқ болсын,
Көйлектерің көк болсын!
Қайғы-уайым жоқ болсын,
Қуаныштарың көп болсын!

***********

Күн мен түн теңеліп, көктем күшін асырған Ұлы күннің жеріме, күнім көктей жайнаған! Орманда құс сайрады жалындаған жастықтай Жаса Наурыз мейрамы!
Ақ тілек бейбітшілік аман болсын!
Елім, жұртым қадірлі аман болсын!
Туғандай бір анадан жамағаттар
Достыққа берік, мықты адал болсын!
Наурыз мейрамы құтты болсын!
Ұлыс оң болсын! Ақ мол болсын!
Қайда барсақ жол болсын!
Ұлы халқым тоқ болсын!
Қайғы уайымы жоқ болсын!
Қуаныштары көп болсын!

*********

Жер-жаһанды сері самалға өткізіп, жұрттың аузын аққа жеткізіп, нұр тамшыларын аямай төккізіп, қиындықтың бәрін келер жылға өткізіп, Самарқанның көк тасын ерітіп, алтынкүрекпен жер жүзін жібітіп, тас жүректерді мейіріммен үгітіп, жеті қат жер астына дейін балқытып, жыл құстарының әнін шалқытып, Жетісуға жасылдан көйлек кигізіп, Сарыарқаны самал желге сүйгізіп, Алатаудың төбесінен көкке тигізіп, Қаратауға құт-берекені үйгізіп, ақ бұлақтарды ақтартып, шың-құздарды шаттанып, тізбектеп тырналарды, сүйгізіп сырғаларды, шоршытып балықтарды, шапшытып арықтарды, тербелтіп наз қайыңдарды, төгілтіп жаз жайында әнді, қаздарды қаңқылдатып, найзағай жарқылдатып, айтып ертегіңді, жайып желкеніңді, жетіп келген әз-Наурыз мейрамы құтты болсын!!!

 

Кең болсын қазағымның керегесі, кетпесін Алла берген берекесі, Алаштың баласына нәсіп болған, Құтты болсын НАУРЫЗ мерекесі!

 

*** 

Ақтың молаятын, Жарықтың ұзаратын, Нұрдың молығатын, Тіршіліктің жаңаратын, Өмірдің жаңғыратын, Пейілдің түзелетін,Көңілдің кеңитін кезеңі - наурыз мейрамы құтты болсын!

***

 

Көктің тынысын тыңдап, жердіңтамырын басқан, тұрмыс-тіршілігін табиғат-анамен тығыз байланыстырған халқымыз Наурызды жаңару мен жасампаздықтың бастауы, ырыc пен берекенің арқауы деп бағалаған. Олай болса, Наурыз мерекесі баршаңызға жаңа жетістіктер, молшылық пен татулық әкелсін. Жылан жылы ел тыныш, туған жер аман болып, әр отбасында шат көңіл, бақыт және береке салтанат құрсын!

 

Наурыз Наурыз – жыл басы, Ұлыстың ұлы күні. Күн мен түннің, ыстық пен суықтың, қыс пен жаздың, қараңғы мен жарықтың теңелетін, жер арқасы кеңіп, күллі тіршілік әлемі қайта түлейтін Табиғат мерекесі; Наурыз - адамдардың қыс қыспағынан, жұт апатынан аман қалып, малы төлдеп, аузы аққа жаритын Шаруа мерекесі; Наурыз - әрбір шаңыраққа шыраққа шырақ жағылып, «Қызыр түнін» күтіп, жақсылық құт-береке тілеп, ертеңгі күнге зор үмітпен қарайтын Сенім мерекесі; Наурыз – жеті дәмнен Наурызкөже жасап, адамдардың бір-біріне дәм татқызып, дастарқан басында бірге отыратын Ынтымақ-бірлік мерекесі; Наурыз – жыл бойы өткен-кеткен ренішті кедергісіз кешіріп, ән-күймен, ойын-сауықпен жанды жадыратып, сананы серпілтетін Көңіл мерекесі.

 

2 Наурыз. Құттықтау.Тілектер 22 наурыз мерекесі құтты болсын! Ата, асқар таудай ақылшым, бұл күні берген ақ батаң қабыл болсын! Немере-шөберелеріңнің қызығын көріп, көпті көрген тағылымыңмен бала-шағаның бағдаршамы болып жүре бер! Төрт түлігің ақты болсын! Өрісің малға, үйің жанға толсын! Әже, тәлім-тәрбиенің көмбесі, өнегең мен тәлімің түгесілмесін!Наурыз мерекесі саған дүниенің бар жақсылығын әкелсін!

Әке, Ұлыстың ұлы күні 22 наурызсаған көктем күнінің күшін әкелсін! Шаңырақтың сүйеуі, отбасының тірегі болған сүйікті әкем, саялы бәйтеректей алақаныңнан жылу кетпесін! Ана, 22 наурызда шаңырағымызға береке, ырыс кірсін! Әз Наурыз әлемді тербеткен ақ жүрегіңе қуаныш пен шаттық сыйласын! Бала-шағаңның қызығын көруге жазсын! Бауырым , тай құлындай тебісіп бірге өскен ардақты жан, 22 наурыз күні арманың орындалып, көктем саған бар жақсылығын әкелсін! Отбасының еркесі, жанарымыздың нұры, ата-ананың ақ үмітін ақтап, өмірден өз орныңды тапқайсың! Досым, ыстық-суықты бірге көрген жанымның бөлшегі, саған көктем күнінің шуағын тілеймін! Келесі 22 наурызда да бір-бірімізге ыстық тілектер айтып отыруға жазсын! Әріптесім, 22 наурыз құтты болсын! Жеке өміріңе бақыт, жұмысыңа шығармашылық шарықтау тілеймін!

 

Көк Тәңірі нұрыңды аяма, Жер тәңірі ырысыңды аяма! Әділ жанды тағынан тайдырма, Әз халықты бағынан айырма. Басыма бас қос, Жасыма жас қос, Асыма ас қос! Аяулы халқым, қыстан аман-есен шығып, наурыз мерекесін үлкен қуанышпен тойлап жатқан жалпақ жұрт, 22 наурыз мерекесі баршаңа жаңа бақытты өмір әкелсін! Ақ таңыңыз күлімдеп ата берсін, Қариялар кемсеңдеп бата берсін. Наурыз мерекесі күлімдеп кеп, Ұлыстың ұлы күні бақ әкелсін! Жылыстап жеткен Жаңа Жылымыз - төл мерекеміз 22 наурыз арда халықтың басына бақ құсын қондырсын! Молшылық, бақыт, береке, бірлік, бейбіт өмір тілейміз!

 

Мақаламен бөліс

Мақалаға пікір
BrusanMor
Люди кто хочет играть в современные игры на высоких настройках с динамичными теняими
даже на самых слабых ПК или ноутах. Без лагов и фризов (Но нужен более менее нормальный интернет).
Читайте статья по настройке компа здесь.
Видео по установке и настройке смотрите тут.
Играю уже пол года на ведре 2005 г. Буду рад кому помог разорить буржуев игровой индустрии!!!
Пікір беру
Пікіріңіз:
Полужирный Наклонный текст Подчёркнутый текст Зачёркнутый текст | Выравнивание по левому краю По центру Выравнивание по правому краю | Вставка смайликов Вставка ссылкиВставка защищённой ссылки Выбор цвета | Скрытый текст Вставка цитаты Преобразовать выбранный текст из транслитерации в кириллицу Вставка спойлера
Суреттегіні еңгізіңіз:*
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив