РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТАНЫМДЫҚ ПОРТАЛЫ
МЕРЕКЕЛЕР / Ұстаздар күні (5 қазан)
30 қыркүйек 2017
218
0

«Ұстаздық ұлы қызмет» мерекелік ардагер – ұстаздармен кездесу

Мақсаты: Оқушыларды ұстазды құрметтеуге, сыйлауға үйрету, ұстаз мамандағының қыры мен сырларын түсіндіру. Ұстаз еңбегін әрқашан бағалай білуге үйрету. Оқушылардың бойына дамыту әрі дарыту.
Көрнекіліктер: Қанатты сөздер, гүлдер, шарлар.
Жүргізуші. Армысыздар құрметті қонақтар, ардақты ұстаздар, оқушылар! Бүгінгі ұстаздар күні мерекесіне арналған «Ұстаздық ұлы қызмет»мерекелік ардагер - ұстаздармен кездесуге қош келдіңіздер!
1 оқушы:
Ұлылықтың ұйытқысынан жаралған, өнегеңнен барлық шәкірт нәр алған.
Шапағатты шуақ сепкен ұстаздар, өздеріңнен бастау алар бар арман.
Ұстаздар жақсылықтың жол ашары, қолыңда шәкіртіңнің бала шағы.
Өмірді алға қарай өрлететін, сендерде Ұлы Отанның болашағы.
Енді бүгінгі кеш қонақтары осы мектептің ардагер ұстаздарын қошеметпен қарсалайық. Асемова Сайлаугүл 32жыл ұстаздық қызметте болған, 1 санатты орыс тілі мен орыс әдебиетінің мұғалімі. Республикалық, облыстық білім жүйесіндегі білім беру мен тәрбие үрдісін ұйымдастырудағы және жетілдіруде шығармашылық еңбегі мен табысы үшін құрмет грамоталарымен және алғыс хаттармен марапатталған.

Бозанова Даметкен 33 жыл ұстаздық қызметте 1санатты. Білім беру саласындағы ұзақ жылғы жемісті еңбегі және жас ұрпақты оқыту мен тәрбиелеудегі жетістіктері үшін аудандық, республикалық құрмет грамоталарымен марапатталған.
Жүргізуші: Ұстаз! Қандай қасиетті сөз! Әр адамның жүрегіне ерекше жылулық нұрын себетін аяулы тұлға бейнесімен өзектес ұғым.
Ұстаз ұлағатты есім. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт бағдар беруде еңбегі зор. Олай болса, құрметті ұстаздар төл мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз! Сіздердің шәкірттерді тәрбиелеп, білім беру жолындағы еңбектеріңіз жана берсін. Еңбектеріңізге табыс, отбасыларыңызға бақыт, мерейлеріңіз үстем болсын демекпіз.
Ән: «Ұстазым» орындайтын 10сынып оқушысы Тұралина Ақнұр.
2оқушы: «Мектеп - білім тірегі, ұстаз оның жүрегі» - деп ғұламалар айтқандай, кез келген адам ұстаз бола алмайды. Себебі, ұстаздық - өнер, тағылымы терең өнер. Ал өнерлі болу кез келген адамға қона бермейді. Олай болса, шын ұстаз болу үшін табиғи дарын, ізгілікті ізденіс пен ерен еңбекке ұштастырылуы шарт.
Жүргізуші: Келесі сөз кезегін бүгінгі кеш қонақтарына берейік. Өз өмір жолдары, ұстаз болуының қыры мен сыры туралы айтып берсе.
Сұрақ – жауап.
Жүргізуші: Көп рахмет.
Ұстаз жолы қиынырақ басқадан,
Сырлары мол әлі сыртқа шашпаған.
Шаршаса да, осы жолдың бойында,
Қандай жақсы шын бақытын тапса адам.
3оқушы:
Ұстаздар, ұлағатты зиялылар, сендерде ғалымдардың қиялы бар.
Бүгінгі кеш сіздер үшін арналады, шәкірттердің сәлемін қабыл алыңыздар.
11оқушыларының ұстаздар туралы жазған шығармаларын тыңдайық.
Жүргізуші: Ұлы ғұлама, ғалым, ұстаз Әбу – Насыр Әл – Фараби сөзінде:
«Ұстаз... жаратылысынан өзіне айтылғанның бәрін жете түсінген, көрген, естіген және аңғарған нәрселердің бәрін жадында жақсы сақтайтын жақындарына да, жат адамдарына да әділ, жұрттың бәріне жақсылық пен ізгілік көрсетіп, қорқынышпен жасқану дегенді білмейтін батыл, ержүрек болуы керек»
Ұстаздарымызға сұрақ – жауап.
Жүргізуші: Бүгінгі кешімізге 5 сынып оқушылары «мұғалім»сөзіндегі әр әріпке шешуін жазып, ұстаздарға арнап өлең әкелген екен. Тыңдайық.
М – мейірімді
Ұ – ұлағатты
Ғ – ғазиз
А – ақылды
Л - лайықты
І – іскер
М – маман
1 оқушы: Анамдайсыз менің асыл ұстазым,
Өтті бізбен көктем, күз, қыс, жазың.
Жылдар бойы тәрбиелеп, аялап,
Болашаққа бір жол нұсқадың.
2 оқушы: Кем көрмейміз сізді асыл анамнан
Сізге ұқсап қудық бізде сан арман
Сіздей адам дүниеде көп болса,
Балалардың бақыты үшін жаралған.
3оқушы: Ұстаздың оттай ыстық алақаны,
Болған соң ойлайтыны бала қамы.
Баладан ұстазыма мың сан алғыс,
Өйткені ол ұстазымның ақ арманы.
4оқушы: Ұлы өмірге жетелеп, ашқан білім есігін.
Құрметтейік мәпелеп ұстаздардың есімін.
5оқушы: Біздер әлі өтелмеген парызбыз,
Сары далада сайрап жатқан сан ізбіз.
Аттары да аталмаған ұстаздар
Алдарына мәңгілікке қарызбыз.
6оқушы: Нұрын төккен көк аспан күмбезіне,
Күлімдеуің ұқсайды күн көзіне.
Қолда болса ұстаздарға сыйлар ем,
Бар байлығын әлемнің бір сіздерге.
7оқушы: Ұстаз сөзін айтып жүрдік ән қылып,
Одан басқа жүрген кім бар жанды ұғып.
Ұстаз деген ұлылардың ұлысы,
Қасиетіне бас иейін мәңгілік.
Жүргізуші:
Ұстаз - ол дос, ол шәкірттеріне тек жақсылық ойлап, қиындықта қымсынбай көмек көрсетеді, жанын салып жақсылық жасайды.
Ұстаз – ол жолдас, ол әрқашан да шәкірттерімен бірге, көпшілікпен араласып жүреді, қатар құрбысындай қатарлас өмір сүреді.
Ұстаз – ол әке, шәкірттеріне алаламай қамқорлық жасайды.

Ұстаз – ол ана, шәкіртін туған анасындай баурап, өмір өрнектерін, қиындықтармен қызықтарын сезіндіріп, баулудан жалықпайды.
Айта берсек ұстазға тіл жетпеген,
Кімге ұстаз білім нәрін төкпеген?!
Айтыңдаршы, адам бар ма өмірде,
Ұстаздарға қарыздар болып өтпеген.
Құрметті ұстаздар!

Бүгінгі күн
Дендеріңнің саулығы мықты болсын
Білімімен суарған шәкірттерін,
Төл мерекең ұстаздар құтты болсын!
Бүгінгі ұстаздар күніне арналған кездесу кешіміз аяқталды. Уақыт бөліп келгендеріңізге көп рахмет.
Ән «АНА»

Мақаламен бөліс

Пікір беру
Пікіріңіз:
Полужирный Наклонный текст Подчёркнутый текст Зачёркнутый текст | Выравнивание по левому краю По центру Выравнивание по правому краю | Вставка смайликов Вставка ссылкиВставка защищённой ссылки Выбор цвета | Скрытый текст Вставка цитаты Преобразовать выбранный текст из транслитерации в кириллицу Вставка спойлера
Суреттегіні еңгізіңіз:*
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив