РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТАНЫМДЫҚ ПОРТАЛЫ
Әйелдер күні (8 наурыз) / Слайдер
8 ақпан 2018
271
0

8 НАУРЫЗ. СҮЙІКТІМІЗГЕ НЕ СЫЙЛАЙМЫЗ?

8 наурыз. Сүйіктімізге не сыйлаймыз?


Жылдың ең көрікті де қуанышты мезгілі 8 Наурыз Халықаралық әйелдер күні де таяу қалды. Бұл − құшақ-құшақ гүл арқалаған ерлер сабылып, нәзік жандыларды құттықтауға асығатын күн. Ал сіз әлі күнге дейін сүйіктіңізге не сыйлайтыныңызды білмей жүрсіз бе? Мүмкін сіз massaget.kz порталы ұсынған кеңестерге құлақ түрерсіз.
Сүйіктіңізді таңертенмен құттықтау маңызды әрі бұл күтпеген тосын сый болады. Егер сіз сүйіктіңізді кешкісін құттықтайтын болсаңыз, онда мереке бұзылды дей беріңіз. Себебі ғашығыңыз күні бойы сіздің құттықтауыңызды күтіп, жалғызсырайды. Әрине, барлық қыз бірдей емес, әрқайсысы жеке тұлға. Алайда сыйлық таңдауда ескерілетін ортақ дүниелер бар.
Ең тиімді шешім, әрине, гүл сыйлау. Арнайы уақыт бөліп, сүйіктіңізге гүлді өзіңіз келіп сыйласаңыз, қуанып қалары сөзсіз. Ал уақытыңыз болмаған жағдайда хат жазып, гүлді таңертенмен курьер арқылы жіберуге болады.
Классикалық сыйлықтардың бірі − әдемі әшекей бұйымдар. Қымбат тастардан болуы міндетті емес. Арзан емес, бірақ сапалы металлдан жасалған кішігірім сақина немесе алқа сыйлап, әдемі қорапшаға салуға болады. Әйелдер қауымы үшін сыйлықтың безендірілуі және сіздің көңіліңіз маңызды.
Романтикалық кеш. Сүйіктіңізді мейрамханаға немесе кафеге шақырып, көзіне қарап, оны қалай бағалап, ұнататыңызды айтыңыз. Егер ақындық қасиетіңіз болса, жарыңызға арнайы өлең шығарсаңыз болады.
Ерекше сый. Сүйіктіңіз суретке түскенді жақсы көрсе, оған кәсіби фотосессия ұйымдастырыңыз. Осылайша сіз оның сұлулығына қызыға қарайтыңызды көрсетесіз.
Күтпеген тосын сый. Сұлуыңыздың жұмысына немесе оқу орнына үлкен гүл және шармен келіп, оны барлығының көзінше сыйлаңыз. Айналадағылардың көңілі мен көзқарасы қызыға түскенде, ол бақытты болып, сіздің қалай бағалап, сүйетіңізді біледі. Көпшілік назарын ұнатпайтын қыздар да бар, сүйіктіңіз бұл әрекетке көзқарасын алдын ала анықтаңыз.
Бұл кеңестерден кейін жарыңызға 8 наурызға не сыйлау керек екенін жақсылап ойластырыңыз. Сонымен қатар сүйіктіңізге әрдайым көңіл аударып, қамқорлық көрсетуді 8 Наурыз мерекесінде жылына бір рет қана еске алмай, басқа күндері де қуантып тұрыңыз. Сонда ғана сіздің сүйіктіңіз гүлдей жайнап, жарқырап жүреді.

massaget.kz
Мақаламен бөліс

Пікір беру
Пікіріңіз:
Полужирный Наклонный текст Подчёркнутый текст Зачёркнутый текст | Выравнивание по левому краю По центру Выравнивание по правому краю | Вставка смайликов Вставка ссылкиВставка защищённой ссылки Выбор цвета | Скрытый текст Вставка цитаты Преобразовать выбранный текст из транслитерации в кириллицу Вставка спойлера
Суреттегіні еңгізіңіз:*
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив