РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТАНЫМДЫҚ ПОРТАЛЫ
Жаңа жыл
16 ақпан 2017
709
0

Қыс қызығы

Қыс қызығы

 

          Мақсаты:  Қыс мезгілі жайынжа балалардың білімін одан әрі жетілдіру. Өз ойларын жеткізе білуге үйрету, сөздік қорын молайтып, тілін дамыту. Балалармен бірге қатысып отырған ата- аналарға балаларының оқу іс-әрекетіне деген ынтасын, қызығушылығын, білімге деген құштарлығын бақылату. Өлеңді мәнерлі, әдемі айта білуге дағдыландыру. Ата-ана мен балалардың арасындағы қарым-қатынасты нығайту.

          Көрнекіліктер: Қыс мезгілінде шанамен сырғанап жүрген, хоккей ойнап жатқан, шаңғы, коньки теуіп дүрген балалардың суреттері, қол моторикасын дамытуға арналған күннің бейнелерін құрастыру, доптар, аспанға жауып тұрған ақша қарлар, тақырыбы жазылған плакат, екі топтың атаулары, көңілді және көңілсіз күннің бейнесі.

          Әдіс-тәсілдер: Жаттау, сұрақ-жауап, ойындар, ойнау, әңгімелесу, суретпен жұмыс, музыка.

Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс - әрекеті

Баланың іс - әрекеті

Мотивациялық қозғаушы

 

 

 

 

 

 

Ұйымдастырушылық-қозғаушылық

Балалар, «Сәлем – сөздің анасы», амандасу-адамгершіліктің, әдептіліктің баспалдағы. Сондықтан да, алдымен қонақтармен амандасып алайық.

         Қайырлы күн, досым,

         Қайырлы күн болсын!

         Бүгінгі күн, міне,

         Сәлеметсіздер ме, қонақтар!

Балалар, мен бүгінгі оқу іс- әрекетімді жұмбақ жасырумен бастағым келіп тұр. Менің жұмбағымды шешуге дайынсыңдар ма?

                  Аяз қысып,

                  Өрнек сызып,

                  Терезеңді торлайды.

                  Қарға омбығып,

                  Бет домбығып,

                  Сырғанап балалар ойнайды.

                  Кейде ұлып,

                  Кейде ысқырып,

                  Ұйтқып боран соғады.

                  Бөбектерім, айтыңдаршы,

                  Бұл қай кезде болады?

-Балалар, топ қай жыл мезгіліне байланысты безендірілген?

-Қыс мезгілінде қандай өзгерістер болады?

-Қыс мезгілінің неше айы бар және қазір қандай ай?

-Қыс мезгілінде қандай киімдер киеміз?

(Осы кезде топқа ақырып аю кіріп келеді)

Аю:Қайсысың мені тәтті ұйқымнан оятқан? Ой, мынау балалар ғой, балалар, мен қайда келдім?

Ал, енді мені тәтті ұйқымнан оятқан екенсіңдер, маған қыс мезгілі қандай болатынын айтып беріңдер. Балалар, мені танитын боларсыңдар, мен қандай аңмын?

-Жарайсыңдар, балалар, біз әрқашан да бәріне көмектесуге дайынбыз!

Онда балалар, біз бір қызық ойын ойнайық..

Ойын: «Қыс мезгілі»

-Балалар, мынау ненің суреті? Көңілді, күліп тұрған және көңілсіз тұрған күннің суреті екен. Артында қорапша бар. Шарты:Қыс мезгілінің қандай болатынын айтып, мына көңілді күннің қорапшасына өзіне ұқсайтын күліп тұрған белгіні, ал ұнамайтын жағын айтсаңдар, көңілді, көңілсіз тұрған күннің қорапшасына өзіне ұқсайтын белгісін саласыңдар.

-Бүгін біз осы көңілді қыс мезгіліне байланысты әртүрлі тәсілдер арқылы тақпақ жаттайтын боламыз. Оқу іс-әрекетімізге балалар ғана емес, ата-аналарымыз да қатысып, білімдерін сынағысы келіп отыр екен. Балалар, үйде аналарың тақпақ жаттауға көмектесе ме? Олар сендердің тақпақтарыңды жаттап ала ма?

Ендеше, балалар, аналарымызбен екі топқа бөлініп, тақпақ жаттап көрейік.

Балалардан құралған «Аққала» тобы

Ата-аналардан құралған «Аққырау» тобы

«Қыс мезгілі көңілді» жаттау

        Қыс иезгілі көңілді,

        Аспаннан ақ қар төгілді.

        Шанамен біз ойнаймыз,

        Шаңғы теуіп зырлаймыз!

Балаларға және қатысып отырған ата-аналарға бірге қайталады.

Тақпақ 5 тәсілдің көмегімен жатталады.

1-тәсіл: «Суретке қарап айт»

Суретті көрсете отырып, жаттайтын тақпақтың жолдарын табуға болатынын айтып, түсіндіреді.

1.Қыс мезгілі көңілді (көңілді қыс мезгілінің суреті)

2.Аспаннан ақ қар төгілді (аспаннан ақ қардың жауып жатқан суреті)

3.Шанамен біз ойнаймыз (шанамен ойнап жатқан балалардың суреті)

4.Шаңғы теуіп зырлаймыз (шаңғы теуіп жүрген балалардың суреті)

Ата-аналар мен балалар осы суреттерге қарап,тақпақтың жолын тауып айтады.

2-тәсіл: «Көңіл-күймен айт»

Қол моторикасын дамытуға арналған жұмыс.

Екі топқа күннің суреттерін береді (күннің шуақтары болмайды)

-Балалар, күн бізге шуағын шашып тұру керек екен. Ал мына күннің шуақтары жоқ.. Күннің шуақтарын ілгекке қадау керек.

 

 

 

 

 

 

«Аққала» тобы тақпақты көңілді, күліп айтады.

«Аққырау» тобы тақпақты таңданып айтады.

3-тәсіл: «Адымдап жүріп айт»

Мұнда топтан бір ата-ана мен бала қол ұстасып шығып, әр адым аттаған сайын тақпақтың әр сөзін адымдап жүріп айту керек.

Сергіту сәті: Мимикалық ойын.

Ата-аналарға қыс қызықтарына байланысты сөздер жазылған қағазды береді.Ата-аналар оны оқып,мимика арқылы балаларға көрсету керек.

4-тәсіл: «Доп лақтырып айт»

Мұнда да екі топтан бір бала мен ата-ана шығып, тақпақтың жолдарын бір-біріне доп лақтыру арқылы кезек-кезек айтуы керек.

5-тәсіл: «Ән айту арқылы жаттау»

-Балалар, жаңа жылда айтатын «Жасыл шырша жаңында» өлеңін есімізге түсіріп, бір шумағын айтып көрейікші.

 

 

-Міне, балалар, ата-аналар, біз «Қыс мезгілі көңілді» тақпағын әртүрлі тәсілдердің көмегімен жаттап алдық. Қай топ суретке қарамай, тақпақты мәнерлі, әдемі, көңілді айтып бере алады?

Аю да риза болып, орманнан теріп алған ақша қарларды сыйға тартады.

-Балалар су қыста қатып қалса неге айналады?

 

 

 

 

Шаттық шеңберіне тұрады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

-Қыс мезгілінде

 

Сұрақтарға жауап айтады

 

 

 

 

 

 

 

 

Ия, аю

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Балалар көңілді күннің бейнесін, ал ата-аналар таңданып тұрған күннің бейнесінің шуағын салады. Әр топ өздерінің құрастырған күнінің көңіл-күйіндей тақтадағы суретке қарап тақпақты айтып беру керек.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Балалар ойланып, оның қандай ойын екенін айтып беруі керек.

 

 

 

 

 

 

Музыка жетекшісімен бірге осы өлеңнің музыкасымен жаттап жатқан тақпақты өлеңдетіп айту керек. Әр топ хормен айтады.

 

 

 

Екі топта тақпақты айтып береді.

 

 

-Мұзға айналады

Рефлексивтік-түзетушілік

- Дұрыс айтасыңдар, балалар.Даладағы мұзды жеуге болмайды екен, ол мұздай. Ал, мен сендерге, балалар, мұзда ұқсайтын тәтті мұз кәмпиттерді сыйға тартқым келеді (таратып береді)

 

 

Күтілетін нәтиже:

  • қыс туралы түсінік
  • тақпақтың мазмұнын дұрыс түсініп қайталау
  • ата-аналар мен балалар арасындағы қарым – қатынас жасай білу керек.

                                                                                                             

Мақаламен бөліс

Ілмектер:БАЛАБАҚША
Пікір беру
Пікіріңіз:
Полужирный Наклонный текст Подчёркнутый текст Зачёркнутый текст | Выравнивание по левому краю По центру Выравнивание по правому краю | Вставка смайликов Вставка ссылкиВставка защищённой ссылки Выбор цвета | Скрытый текст Вставка цитаты Преобразовать выбранный текст из транслитерации в кириллицу Вставка спойлера
Суреттегіні еңгізіңіз:*
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив