РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТАНЫМДЫҚ ПОРТАЛЫ
НЕГІЗГІ БЕТ / Әйелдер күні (8 наурыз)
8 ақпан 2018
1173
1

АНА МӘҢГІЛІК КӨКТЕМ! 8 НАУРЫЗ

Қызылорда қаласы.
№ 5 көзі нашар көретін балалардың
арнаулы (түзету) мектеп-интернаты
Тәрбиеші Асанова Айгүл Сайлаубайқызы

Тәрбие сағатының тақырыбы: Ана мәңгілік көктем! 8 наурыз


Сабақтың мақсаты:
Аналарды, әжелерді, қыздарды халықаралық 8- наурыз мерекесімен құттықтау;
Дамытушылық: жанұядағы ана мен бала арасындағы қатынасты нығайту. Баланың бойындағы өнері мен дарындылығын дамыту;
Тәрбиелік: анаға деген сүйіспеншілікке, ананы құрметтеп, сыйлауға тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: әсем безендірілген зал, суреттер, шарлар.
Сабақтың барысы:
І жүргізуші: Мадихан Құрметті ұстаздар, аяулы аналар, көктем күніндей құлпырған қыздар! Сіздерді 8 - Наурыз халықаралық әйелдер мерекесімен құттықтаймын. Дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, еңбектеріңізге табыс тілеймін.
ІІ жүргізуші: Динара
Адам бойындағы барлық жақсы қасиет, күннің нұрынан, ананың сүтінен жаралған. Сондықтан құрметті аналар, қадірлі апайлар, қызғалдақ қыздар бүгінгі көктемгі күндей жарқырап, гүлдей құлпырған мерекелеріңіз құтты болсын!
І жүргізуші: Мадихан
Құтты болсын ардақты анам
Асыл анам мерекең
Құтты болсын ұстаздарым
Қуанышты берекең
ІІ жүргізуші: Динара
Той пердесін ашайық
Аналарды құрметтеп
Ән маржанын шашайық
Ән: Жарылқасын Ұлдай « Анашым »
І жүргізуші: Мадихан
Мың бұралып билеген
Аруды кім сүймеген
Күміс көмей аруларға
Кімдер басын имеген-дей отырып келесі кезекті биге береміз
Би: Сағатбек Зарина « шығыс биі »

І жүргізуші: Мадихан
Мейрімің күннің шуақ шақтарындай.
Қалайша аяулы ана тына алармын,
Ән болып сағыныштан ақтарылмай,- деп абзал аналарымыз бен құрметті ұстаздарымыздың құрметіне Динараның өзінің арнап шығарған өлең жолдарына берейік.
Ән: « Анаға хат» Хабибулла Дүрдана
ІІ жүргізуші: Динара
-Мадихан , менің таң қалатыным, анам үйде барлық тірлікті істеп, одан қала берсе жұмысқа да барып үлгереді ғой.
І жүргізуші: Мадихан
-Иә, мен сабақтан үйге келгенде, тамағым да дайын , үй де жинаулы мұның бәрін қалай үлгереді екен?
ІІ жүргізуші: Динара
-Біздің аналарымыз бәрін өз қамқорлығына алады , олар барлық шаруаны бітіреді,сонымен қатар олар біздің әр ойымызды айтқызбай табады, біздің бар сырымыз оларға әрқашан да белгілі.
І жүргізуші: Мадихан
- Олай болса аяулы аналарымызды бір сынап көрелік.
Ойын : « Аялы алақан » аналардың қатысуымен.
Аналардың көзін байлап, оқушылардың ішінен өз балаларын тапқызу.
Ән: « Жан гүлім » Тұрсынбек Аружан
ІІ жүргізуші: Динара
Әйел-ана отбасы жылуын сақтаушы, қоғамның ертеңі болашақ балаларды тәрбиелеуші. " Анасы бар адамдар ешқашан қартаймайды" дегендей, кезекті әнге берейік.
Ән: « Сәулем-ай » Өміртай Әкімжан
Ән: " Қара домбыра " Бибінұр, Ләйлә
І жүргізуші: Мадихан
Десек те уақытпен жарыспайды,
Қиялға қиялменен қарыштайды.
Шәкірттер шын жүректен тебіреніп,
Жырларын аналарға бағыштайды. Олай болса шәкірттеріңіздің аналар жайлы өлең шумақтарын тыңдайық.
Арайлым
Жан ана, құтықтаймын мерекеңмен,
Көктемнің құлпыра бер нар гүлімен.
Төрлесін елдің берген бақыт бағы,
Жазбасын шат көңілің, ақ күніңмен!
Ана десем алғыс алам халқымнан,
Ана десем теңіз болам шалқыған.
Ана десем ашылады қабағым,
Ана десем әділдікті ұғамын.
Әсел
Анам менің панам ғой,
Содан қорған табам ғой
Асықпа, ана, ертең – ақ
Отың болып жанам ғой.
Нұртөре
Құрметтейік, о адамдар аналарды,
Бізді өмірге әкелген даналарды.
Себебі, ана деген асыл жан ғой,
Ойлауменен істейтін әр қадамды.
Сәния
Әлпештеген баласын,
Ана бақыт – ана күн.
Әркім сүйіп өзінің
Мақтан етер анасын!
Жасұлан
Аналар – ау менің шалқар көлдерім,
Көлдерім мен асқар – асқар белдерім.
Мына өмірде қуанышты жүргенім,
Сенің арқаң бұл өмірге келгенім.
Нұрайым
Ерлік, еңбек атқарған,
Еңбегімен мақтанған.
Ел сенімін ақтаған,
Айналайын ақ мамам.
Зарина
Ана – бақыт, ана күн,
Ана – өмір тірегі.
Ана – өмір себуші,
Ана – сарқылмайтын бұлақ.
Индира
Сенен өскен балалар,
Сенен Өскен даналар.
Мақаламен бөліс

Мақалаға пікір
Ganmazjar
Люди кто желает играть в современные игры на самых высоких настройках с динамичными теняими
даже на самых слабых ПК или ноутах. Без лагов и фризов (Но нужен более менее нормальный интернет).
Читайте статья по настройке компа здесь.
Видео по установке и настройке смотрите тут.
Играю уже пол года на ведре 2005 г. Буду рад кому помог разорить буржуев игровой индустрии!!!
Пікір беру
Пікіріңіз:
Полужирный Наклонный текст Подчёркнутый текст Зачёркнутый текст | Выравнивание по левому краю По центру Выравнивание по правому краю | Вставка смайликов Вставка ссылкиВставка защищённой ссылки Выбор цвета | Скрытый текст Вставка цитаты Преобразовать выбранный текст из транслитерации в кириллицу Вставка спойлера
Суреттегіні еңгізіңіз:*
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив