РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТАНЫМДЫҚ ПОРТАЛЫ
НЕГІЗГІ БЕТ / Баяндама, мақала / Қазақ тілі әдебиет
14 қаңтар 2018
509
0

Қазақ әдебиетіндегі махаббат дастандары

Павлодар облысы

Ақсу қаласы

Жаяу Мұса атындағы Ақсу колледжі

Қазақ тілі және әдебиет пәнінің оқытушысы Кенжегалиева Мадина Баймурзаевна

Колледж директоры Хайргелдин Зада Аскарович

 

Қазақ әдебиетіндегі махаббат дастандары

Қазақ халқының бай ауыз әдеби қорындағы ең мол саланың бірі – лиро эпостық жырлар. Лиро-эпостың негізгі мінездемесі жайында да құнды пікірлер айтылған. Бұл топтағы жырлардың негізгі ерекшелігі – ғашықтықты мадақ еті, халықытың тұрмыс салты, өмірдің реалистік суреттері, жеке қаһармандардың психологиясын ашуға бағытталады.

Р.Бердібаев эпос жайында : «Халқымыздың ғасырлар бойы жаратқан эпикалық мұрасының бір саласы – романдық немесе ғашықтық эпостар. Ғашықтық эпостарда отан қорғау есем, адамның жеке басының мүддесі, махаббат мәселесі қарастырылады және осылар алға қойылады. Романдық эпостарда – адам арасындағы түрлі байланыстың достық, өшпенділік, ата-ана, бала арасындағы түрлі мәселелер қарастырылады. Бұл эпос түрінде драмалық, лирикалық ағым көп орын алады. Романдық эпостарда ауыз әдебиетінің түрлі жанрларының үлгілерін кездестіруге болады. Көптеген жырларда жар-жар, көңіл айту, қоштасу, жоқтау, жұбату, айтыс жанрларын байқауға болады.» [1.133]

Романдық эпостар -  кіршіксіз сүйіспеншілік, адамның ең асыл сезімдерінің тәңірі тұтып жырлауымен, адамзатты пәктік, адалдық үлгісінде тәрбиелеумен ғана емес, көркемдік қасиетімен де құнды рухани мұра.  М.Жолдасбеков, С. Қасқабаев ғашықтық эпос жайында: «Ғашық эпостың басты мақсаты – ерлікті емес, махаббатты жырлау, шайқысты емес, сүйіспеншілік үшін күресті дәріптеу, сол себепті мұнда ел ішіндегі бейбіт өмір, халықтың тұрмысы әдет-ғұрпы молыпақ көрініс табады.» [2.38]

Қазақ ақындары  шығармаларындағы үндестік, шеберлік сырларын ашу мақсатында М.Ж.Көпейұлы, Ә.найманбаев, И.Байзақов шығармаларын қарыстыруды жөн көрді. М.Ж.Көпейұлының «Гүлшат -Шеризат» дастанын негізге ала отырып, басқа бірнеше нұсқалармен салыстырдық. Жалпы дастанның оннан аса нұсқасы бар. Дастанды жырлап айтып, қағазға түсіргендердің  ішінде Қ.Байболв, Б.Бектұрғанов, Е.Құнанбаев, Ә.Найманбаев т.б. ақындарымыздың есімдерін айтуымызға болады. Б.Әзібаеваның ғылыми еңбектеріне сүйене отырып, дастанның ең көне нұсқасы 1870-80 жылдары қағазға түскендігін байғаймыз. Мысалы, өткен ғасырдың 1870-80 жылдары дастанның бір нұсқасын жырлап қағазға түсірген М.Ж.Көпейұлы және Омбы маңында табылған нұсқаны жырлаған адам да, парсы тілінде қара сөзбен жазылған нұсқамен таныс болғандары сөзсіз. 1870-80ж.ж. (Омбы нұсқасы) түпнұсқадан сөзбе-сөз ешбір өзгеріссіз өлеңге айналдырылған.

Ал М.Ж.Көпейұлы болса, дастан кейіпкерлерінің кейбір іс-әрекеттеріне сын-баға берумен қатар, белгілі бір жағдайға байланысты ғибрат, уағыз-насихат айтып, ғашықтық тақырыбын баса жырлап, «әділ патша» мотивіне кішкене назар аударған. Б.Бектұрғанов нұсқасында негізгі арқау – Шеризаттың батырлығы мен екі жастың ғашықтығы. Сондай-ақ, бұл нұсқада кейбір эпизоттар күлдіргі сипатта суреттелген.

М.Ж.Көпейұлының нұсқасы ең көне нұсқаның бірі болғандықтан басшылыққа алып,  басқа да бірнеше нұсқалармен салыстыра отырып, үндестігі мен сарындастығын ашуға тырыстық. Мәһшүр –Жүсіп нұсқасында экспозиция басталмас бұрын, оқырманның назарын аудару үшін ақын арнау түрінде алғы сөзін айтады:

 

Жігітке құдай берген қиын емес,

Болғаным менің ақын биыл емес

Бетіне ақ қағаздың салып шимай,

Қиссасын «Гүлшат-Шеризат» қылдым кеңес.

Сөзімді естіген жан ұғып алсын,

Қапалы ғапірлердіңмейірі қансын.

«Байғұстың бір сөйлеген сөзі гой»- деп,

Кейінгі бозбалаға мирас қалсын. [3.202]

Содан кейін барып сюжеттің басталуы сөз болады. Мәһшүр-Жүсіп нұсқасында сюжет Көркін патшаның бір перзентке зар болуы; бүкіл ел болып тілеген тілегінің қабыл болып, әйелінің жүкті болуы; жауларының жүкті әйелді зорлықпен өлтіруінен басталады. Сюжет арқауында ақын тартыс басталмас бұрын, оқырманды оқиға өткелі отырған елмен, жермен, негізгі оқиғаға қатысар кейіпкерлердің өмір тіршілігімен таныстырып өтеді. Бұл ретте, Көркін патшаның аңға шығып мерт болуы, елімен қоштасып, аманат айтуы, Парахзат уәзірі мен Барыс қазнашайы жайында айтылады. Осыған байланысты бірнеше мысалды келтіріп өткенді жөн көрдік. Елін жинап Алладан перзент  тілеген тілегі қабыл болды:

Құдайға ғарип пенде қылады наз,

Жалғанда кім бар дейсің қайғысы аз.

Кедейдің ол күндегі тілегіоң ғой,

Қатыны патшаның болды буаз. [3.203]

Жүкті әйелдің зорлықпен қаза табуы:

Құлдарын бір тоғайға алып барды,

Қол-аяғын ханымның байлап салды.

Басын кесіп, қылышпен бір-ақ тартып,

Ағызып жүре берді қызыл қанды,- деп берілген [3.208]

Ә.найманбаев нұсқасында да сюжет басталуы Мәшһүр-Жүсіп нұсқасымен үндеседі. Мұнда Елкөргенше патша бір перзенттің зарынан Мәдина қаласына барады, сонда жүргенде тұсінде бір әулие аян беріп, тілеген қабыл етеді:

Елкөргенше бір ай жүрді,

Меккеден Мәдинаға барып кірді.

Сол күні раузаға қонып жатты,

«Қылқай, деп, -қуанышпен сапар жолды!

Сол түні бір әулие түсіне еніп,

Түсінде халифаға аян берді. [4.255]

Бұл нұсқада ханымды өлтіруге жіберген Таһмас уәзір-Елкөргенше патшаның жақын досы деп берілген. Оқиғаның байланысы Мәшһүр-Жүсіп нұсқасында бір Алланың көмегімен дүниеге келген нәрестенің төңірегінде өрби түседі. Ә.Найманбаев нұсқасында да нәресте аман-есен дүниеге келеді. Осы кезден бастап оқиғаның өрбу жолы басталады.

Оқиғаның шиеленісі – сюжеттік дамуымен тікелей байланысты. Мәшһүр-Жүсіп нұсқасында нәрестенің үш жасқа дейін өлген анасының сүтімен қоректенуі, екі жыл шерілердің туған баласындай асырауы баяндалады.керуенмен келген Сағит қожаның баланы асырап алуы, әлпештеп өсіруі, Шеризаттың он төрт жасқа толған кезде керуенмен саудаға аттануы сөз болады. Сапар кезінде Фердаус шарбағындағы Гүлшат қызды көріп, ғашық болады. Қыз сарайының күзетшісі бағбан шал арқылы екі жас табысады. Гүлшатқа сырттай ғашық бір күзетшінің қыз әкесіне өсек айтуы, шеризаттың Алмас, Қоймас батырларымен шайқасып жеңіске жетуі-дастанның шытырман оқиғаға толы шиеленісі. Ә.Найманбаев нұсқасында жас нәрестені Ғабдолла бай асырап алады. Өсе келе Шеризат туған елін Шын-Машын әскерінен ерлікпен қорғау сөз болады. Шеризаттың Гүлшат қызбен кездесуі, патшаның Арыс, Қарыс батырларымен жекпе-жегінде сарындыстық бар.

Оқиғаның шарықтау шегі: Мәшһүр-жүсіп нұсқасында қыз әкесі жасаған жауыздығын мойындап, шеризаттың алдына бас иіп келеді. Ә.Найманбаев нұсқасында Шаһмас патшаның жасаған жауыздығын естіген елі оны таспен атып өлтіреді.

Оқиғаның шешімі: Мәшһүр-Жүсіп нұсқасында Гүлшаттың «Ақтараяр-Маһиманзал» әңгімесін айтып, Шеризаттың ашуын басады. Болған істің бәрі Алланың әмірі дегенді айтады. Шеризат елімен, жерімен табысады, қыз әкесіне кешіріммен қарайды. Ә.Найманбаев нұсқасында қыздың әңгіме айтуы жері берілмеген. Шеризаттың Шам қаласындағы Ғабдолланы туған еліге көшіріп алып, сүйіктісімен бақытты өмір сүруімен аяқталады. Мәшһүр-Жүсіп нұсқасының тағы бір құндылығы- ақынның уағыз, ақыл-кеңес айтып отыруында. Оқырмандарды тек дастан сюжеті ғана қызықтырып қоймай, нақылға толы ғибрат сөздер адамды ойландырып, өзінің өмір тіршілігіне назар аудартады. Адамның жасаған жақсылық-жамандығының бәрі алдына келетіндігіне  сөз етіп, жаман істерден аулақ болуға шақырады. Дастанның тағы бір құндылығы ақынның зұлымдық жасаған адамы өзінің қателігін мойындайды.

Мәшһүр-Жүсіп, Ә.найманбаев нұсқаларының өзара үндестігімен қатар, ерекшелктері де бар Екі нұсқаның үндестігі мен ерекшелігін төмендегі хронология арқылы беруді жөн көрдік.

Үндестігі:

  • ақынның алғы сөзі
  • екі патшаның бір перзенке зар болуы
  • тілеген тілектерінің қабыл болуы
  • аңға шығып, арыстанмен арпалысы
  • өлер кездегі айтқан аманаты
  • уәзірдің патша тағына отыруы
  • зорлықпен өлтірілген патша әйелі
  • нәрестенің бір Алланың жебеуімен аман-есен дүниеге келуі, балаға тағылған гауһар тас
  • нәрестені шерілердің асырауы,онан кейін круенге жолығуы
  • Шеризаттың ел көруге аттануы, Гүлшат қызбен кездесуі
  • жауларымен шайқасуы
  • елімен, жерімен табысуы, мұратына жетуі.

 Ерекшелігі:

  • Мәшһүр-Жүсіп нұсқасында бүкіл ел болып перзент тілесе, Ә.Найманбаев нұсқасында Мекке-Мәдинаға барады, түсінде әулие аян береді.
  • Мәшһүр-Жүсіпте патша қырық жігітімен аңға шықса, Ә.Найманбаевта әскерімен шығады.
  • Мәшһүр-Жүсіп нұсқасында Шеризат үш жасқа келгенше өлген ансының сүтімен қоректенеді, Ә.Найманбаев нұсқасында бала бір-екі ай шерінің сүтімен қоректенеді.
  • Мәшһүр-Жүсіп нұсқасында қыз әкесі өзінің жасаған күнәсін мойындайды, ал Ә.найманбаев нұсқасында өз қатесін мойндау жоқ.
  • Мәшһүр-Жүсіп нұсқасында Шеризат керуенмен жол жүргенде Гүлшат қызға жолықса, Ә.Найманбаевта әдейілеп туған жерін іздеп шыққан кезде жолығады. Осы нұсқада Шеризаттың Шын-Машын әскерімен шайқасы берілген.
  • Мәшһүр-Жүсіп нұсқасында Гүлшат қыздың «Ақтараяр-Манзал» хикаясын айтуы бар.
  • Ә.Найманбаев нұсқасында 

 

ТОЛЫҚ ЖҮКТЕУ

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сайтқа тіркелуіңіз қажет.

Мақаламен бөліс

Пікір беру
Пікіріңіз:
Полужирный Наклонный текст Подчёркнутый текст Зачёркнутый текст | Выравнивание по левому краю По центру Выравнивание по правому краю | Вставка смайликов Вставка ссылкиВставка защищённой ссылки Выбор цвета | Скрытый текст Вставка цитаты Преобразовать выбранный текст из транслитерации в кириллицу Вставка спойлера
Суреттегіні еңгізіңіз:*
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив