РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТАНЫМДЫҚ ПОРТАЛЫ
НЕГІЗГІ БЕТ / ҚҰТТЫҚТАУ-ТІЛЕКТЕР / Ұстаздар күні (5 қазан) / Слайдер
30 қыркүйек 2017
369
0

Құрметті ұстаз! (Ұстазды шәкірттерінің мерекесімен құттықтауы)

Құрметті ұстаз!

(Ұстазды шәкірттерінің мерекесімен құттықтауы)


Сіз мәнді де мағынаға толы, ұлағат пен ұжданды жанына серік қылған, ой мен ақыл және парасат пен пайымды жүрегіне жақын еткен, руханият пен білімді жас ұрпақтың тәрбиесіне қарай бағыттап отыратын Ұстаздық деп аталатын игі мамандықтың жолын қалап алған жансыз. Сіздің Ұстаздық қызметтегі әрбір жылыңыз Сізге абырой мен табыс, бақ пен береке әкелді, сонымен бірге тағы да жаңа әрі жарқын мүмкіндіктерге жол ашты.

Әрбір басталған жаңа бір оқу жылының күміс қоңырауының сиқырлы үні Сізге қуаныш сыйлады. Бұл нағыз ұстазға ғана тән сезім еді. Сол күміс қоңыраудың үнімен бірге балдырған күлкілері жараса мектепке енген қаншама бүлдіршін Сіздің алдыңыздан тәлім көрді, ұлағатыңызды тыңдады, өз мектебінен қанат қақты. Олар қазір еліміздің әр түкпірінде жүр.

Сіз үнемі ұстазға тән сергек ойдың иесі болдыңыз. Әрбір табыстарыңызға тоқмейілсу мен тоқырау сізге жат еді, керісінше жаңа ізденістерге жол ашты. Сіз өз қоғамыңыздың ұрпақтан не талап етіп отырғандығын жіті аңғара алдыңыз. Өз бойыңыздағы білім мен білік дариясын солай қарай бұрдыңыз, жас шыбықты солай қарай идіңіз. Егер Сіз осы жылдардың ішінде мақтау мен құрмет көрсеңіз, ұстаздық жолыңызда, шынында да, осыған лайықты істер атқара алған едіңіз.

Сіздің өткен құрметті жолыңыздың әрбір иірімінде шәкірт жүрегінің алғыс сезімі жатыр. Олардың әрқайсысы бір әлем еді, олардың әрқайсысы жаңадан ашылар бір дүние еді. Міне, сіз осы бір балдырған жүректердің риясыз досы, ертеңге деген үміті бола алдыңыз. Сізге осы үшін де өз шәкірттеріңіз алғыс айтады.

Сізді шәкірттеріңіз бүгінгі мерекеңізбен құттықтай отырып, мықты денсаулық, отбасыңызға бақыт, ұстаздық жолыңызға шығармашылық табыстар тілейді. Ұстаздық қызметіңізде әруақытта шәкірттеріңіздің алғысына бөлене беріңіз!

Айтсақ сөздің әділін,
Ұстаз жанын біліп ұқ.
Сізде жатыр тағылым,
Сізде жатыр ұлылық.

Білім - қанат, кереге,
Керек дедік бүгінге.
Сізде жатыр өнеге,
Сізде дедік білім де.

Ашып білім сандығын,
Жамандықтан жирендік.
Жақсылықтың барлығын,
Ұстаз, Сізден үйрендік.

Әр сынақтың төрінде,
Білімменен жалғанды із.
Оқуда да, өмірде,
Сізден тәлім алғанбыз.

Ұстаздық жол тұрақты,
Болды сізге бақыт күн.
Жаныңызды қуантты,
Алғыстары шәкірттің.

Сіз көрсеткен қияға,
Ұмтылдық біз жетпекке.
Ұстаз сөзі - ұяда,
Жаңғырады мектепте.

Құрмет бар деп білімге,
Таңдадыңыз жолды шын.
Шәкіртіңіз бүгінде,
Айтар Сізге алғысын.

Көрінердей әлі алыс,
Арманға жол ұстадым.
Мерекеңіз қашанда,
Құтты болсын, ұстазым!


Авторы:
Ғабиден ҚОЖАХМЕТ,
Қызылорда қаласы

Мақаламен бөліс

Пікір беру
Пікіріңіз:
Полужирный Наклонный текст Подчёркнутый текст Зачёркнутый текст | Выравнивание по левому краю По центру Выравнивание по правому краю | Вставка смайликов Вставка ссылкиВставка защищённой ссылки Выбор цвета | Скрытый текст Вставка цитаты Преобразовать выбранный текст из транслитерации в кириллицу Вставка спойлера
Суреттегіні еңгізіңіз:*
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив