РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТАНЫМДЫҚ ПОРТАЛЫ
НЕГІЗГІ БЕТ / Соңғы қоңырау (25 мамыр)
13 мам 2018
635
1

Соңғы қоңырау сценарий

Алаңда музыка ойнайды.

1 жүргізуші:  Мира  (фон)

Құрметті ұстаздар, қадірлі оқушылар! Қиындығы мен қызығы мол тағы бір оқу жылы артта қалды. Алда жайдары, жарқын жаз, көңілді демалыс сендерді асыға күтуде.

2 жүргізуші: Әдемі

Бұл күн өздерінің алғашқы оқу жылын табысты аяқтап отырған 1 сыныптың оқушылары үшін ерекше күн. Бұл күн енді бірер күннен кейін қолдарына орталау білім алғаны туралы куәлік алатын 9 сыныптың оқушылары үшін, әсіресе «Соңғы қоңырау» мерекесіне соңғы рет жиналып отырған 11 сынып оқушылары үшін мәңгі есте қаларлық күн.

Мира:

Мазмұнына өрнегі жарасқан, тәуелсіздіктің қасиетті туы мәңгі желбіресін,-дей отырып, салтанатты жиынымызға мемлекеттік туымызды ендіреміз.

Әдемі.

Назар аударыңыз!  Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы енгізілсін.     (фон ойналады)  Күй «Көргулы».

  Мектебіміздің  белсенді және озат  оқушылары Жамшит Асылжан, Бралина Асем, Асқарова Айгерим.

 ( Сол кезде ту ұстаған 1 ұл, 2қыз шығады да 1 айналып келіп қақпаның алдында тұрады.)

Мира. Оқу жылының аяқталуына арналған салтанатты жиын «Соңғы қоңырау» мерекесін ашық деп жариялаймыз.

 (әнұран ойналады)

Әдемі.

Салтанатты мерекемізге келіп отырған қонағымыз  ауыл әкімі Байкенов Мақажан Мұхамеджанұлы.

Мира.

Бұл мереке – дүрліктірген ел ішін,

Бұл мереке - жас түлектер  сен үшін.

Кең болсыншы қанат жаяр кеңісің,

Көрсін ұстаздар еңбегінің жемісін.

Әдемі

Жас жүректің өмірлік құштары-бұл,

Бағбан-ұстаз баулыған құстары- бұл.

Қоштасып бүгінгі күн ұясынан,

Сол құстардың бір тобы ұшқалы тұр,- деп алтын ұя мектебінің табалдырығынан үлкен өмірге ұшқалы отырған мектеп бітіруші түлектерді құрметпен ортаға шақырамыз. Қарсы алыңдар!

      (Музыка ойнап тұрады. Ортаға 11 сынып оқушылары шығады)

Сынып жетекшісі: Кантарбаева Алия Сайлауқызы.

  1. Енглес Мадиана
  2. Серікбай Айнур
  3. Төлеубай Аблайхан
  4. Аманжолова Арайлым
  5. Шакенов Газиз
  6. Есильбаева Алия
  7. Жақып Қобыланды
  8. Рустем Ақбота
  9. Зарлыханов Дамир
  10. Кенжегузинова Айгерім

Осы кезде 1 сынып оқушылары әзірлеген тақпақтарын айтады.

Арлан

11 жыл бойы оқыған,

Ойға білім тоқыған.

Ағалар мен апалар,

Орындалды ойыңыз,

Құтты болсын тойыңыз.

 Дияр

Дамир мен Қобланды  ағаларым , мен сіздей,

Спортшы боламын.

Барлық сайысқа қатысып,

Облыстан орын аламын.

 Айнур

Еш уақытта сенбіліктен қалмайсыз,

Еңбек десе құлшынып жайнайсыз.

Білемін мен, Айнур апаөмірде,

Адалдықты, жақсылықты қолдайсыз.

               Озария

Арайлым апа, мен сізді сыйлаймын,

Өзіңізді қоштасуға қимаймын.

Оқуға түс, білім алып, еңбек қыл,

Тек жақсы сөз ертеңіне арнаймын.

         Мариям

Абылайхан аға, өзі қандай сымбатты,

Ұлы ғой анасының қымбатты.

Оқуға түсіп қуантыңыз бізді де,

Өміріңіз болсын ұзақ, айбатты.

   Әліби

Газиз аға, 

Қаржыгер болуды армандайсыз,

Ер жігіт боп бүгін сіз қалғандайсыз.

Мектеп берген білімнің арқасында,

Асқақтап болашаққа қол бұлғайсыз.

     Дилназ

Білім, өнер, еңбек бәрі егіз,

Жана берсін әрқашан еңбегіңіз.

Еңбекқор деп атайды бәрі сізді,

Тек биіктен Мадиана апа көрініңіз.

    Камила

Тәртіпті де, тіл алғыш, 

Айгерім ападай боламын.

Сабақтан себепсіз қалмаймын,

Салт – дәстүрлі сақтаймын.

    Аделя

Өзімнен кішкентайларға, 

Мейіріммен қараймын.

Ақбота  апа мен сіздей,

Әдепті қыз боламын.

 Дидар 

Өзі қандай ұқыпты қарашы,

Жақсының  ол сүйкімді баласы.

Барлық іске тиянақты қарайды,

Мақтан етем мен Алиядай апамды.

 

 (1 сынып оқушылары 11 сыныпқа арнаған сыйлықтарын табыс етеді).

Мира.

Білімді шәкірттерін аялаған,

Жақсылығын ешкімнен аямаған.

Саялы бақ жанашыры жас ұрпақтың,

Ұстаз деген аяулы, ардақты адам.

Әдемі.

   Өмірде өшпейтін іс-балаға берген білімнің, мейірімнің, қамқор пейілің. Ол-болашақ. Болашақтың бүр жарған сабағына құйған білім нәрі- мәңгілік. Осынау мәңгілік борышты ауырсынбай, аянбай, өзімнің адамгершілік парызым деп түсінген мектебіміздің директоры Раисов Арғынбек Кукетайұлына  алғашқы құттықтау сөз кезегін береміз.

Ж-ші: Мира

Он бір жыл бойы мектеп өміріне атсалысып, өздерінің жақсы жақтарымен көріне білген мектеп бітіруші түлектерге арнап, ескерткіш ретінде ленталар тағу рәсімі мектеп директоры Раисов Арғынбек Кукетайұлына  беріледі.

Арайлымға

Өзі көркем, ақылымен дара қыз,

Сүйсінумен  өзіне көз саласыз.

Өнерде де, білімде де ынталы,

Жақсы біздің Арайлым  деген баламыз.

 

Алияға

Тәрбиенің нұры ескен  бойынан,

Ақындықтың барын көрем ойынан

Алияның    болашағы ақ болсын,

Кедергілер кездеспесін жолынан.

Мадианаға

                                            Ән де салар мерекеде жез таңдай

                                              Оза шабар білімде де ол қалмай

                                              Мұғалімдік мамандығын таңдаған

                                           Мадианаға  да  қол соғайық таңғалмай

Айгерімге

Ұмтылмас ешқашанда бала шағың,

Ойын ойнап, еркелеген дара шағың.

Ерке қыз, елім деген  Айгерімнің де,

Жарқын болсын, мәңгілік болашағы.

 

Абылайханға

Бақытты ғой бүгінгі күн түлегі,

Жүзінде шаттық, көздерінде нұр еді.

Абылайхан  деген әп-әдемі оқушы,

Өнер десе  дүрсілдейді жүрегі.

Айнурға

Айнур да тау нұрындай шашыраған,

Өсірген ата-анасы асыл адам.

Келешекте бір маман  ол да болар,

Болсыншы болашағың асыл қадам.

 

Ақботаға

Ақботаның   да орны бөлек сыныпта,

Талапты, еңбекшіл ол сабақта.

Талабыңа нұр жаусын деп тілейміз,

Студент боп, жеңіске жет сынақта.

Дамирге

Өмір сыйлар өз үлесін еселеп,

Бақыт пенен қуанышты жетелеп.

Дамирде  болашақтың маманы

Көрсетейік қане халқым қошемет.

Қобыланды

Ақылымен оза шапқан жарыста,

Спорттан да алда жүрген қалыспай.

Қобыланды  жігіттердің төресі.

Көркіменнен нұр шашатын алыстан.

Газизге

Тірлігіңді тербетеді сан арман,

Көңіл-айдын ақ тілекпен тазарған.

Ақыл-ойдың жетегіне жете бер,

Газиз деген болашақта бір маман

                                                                  

Мира. Сөз кезегі ауданнан келген қонағымыз ауыл әкімі Байкенов М. М.

Әдемі

2012-2013   оқу жылының қорытындысы туралы мектеп басшысының бұйрығын таныстыру үшін сөз оқу ісінің меңгерушісі Шапиев Ерік Рамазан ұлына  беріледі.

Мира.

2012-2013 оқу жылында ерекше көзге түскен және мектеп өміріне белсене араласақан ұстаздар мен оқушыларды марапаттау үшін ортаға мектеп директоры Раисов Арғынбек Көкетайұлын ортаға шақырамыз.

Әдемі

Келесі құттықтау сөз кезегі ауыл әкімі Байкенов Мақажан Мұхаметжанұлына беріледі.

Әдемі

Бүгінгі күн бір ерекше арайлы,

Шұғыласы жарты әлемге тарайды.

Ең үлгілі оқушылар жиналып

Ұстаздарға жылы сөзін арнайды.

9-11 жыл бойы оқытқан ұстаздарына жылы лебіздерін білдірмекші болған 11 сынып оқушысы Төлеубай Абылайхан мен 9 сынып оқушысы Бекова Айданы ортаға шақырамыз.

Мира

Мерекеге тілектерін арнауға,

Ұлы сөзді ұлағатқа жалғауға

Сөз керегін қонақтарға берейік

Қанат бітсін балалық бал арманға.

Құттықтау сөз кезегін спорт мектебінің  (тренері) бапкері ----------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------

Ж-ші: Әдемі

         Алтын ұя, алтын бесік- мектебім,

         Мәңгі есімде анам болып өткенің.

         Парызыңды өтедің мен білемін,

        Ал, қарызым саған берер көп менің.

Олай болса кезекті мектеп бітіруші түлектерге береміз.

11 сынып оқушыларының бағдарламасы

1-сынып ортаға 11-сынып оқушыларын алып шығады.

Ғазез:  Құрметті бүгінгі соңғы қоңырау салтанатына жиналған қадірлі ұстаздарымыз ата-аналарымыз,сыныптас достарымыз.

Айгера: міне,  біз бүгін тардай болып кіріп,таудай болып шыққан алтын ұя мектебімізбен

Дамир: бізді 11 жыл  оқытып білім нәрін  сіңірген аяулы да  ардақты  ұстаздарымызбен

Ақбота : құлын тайдай тебіскен,бірге оқыған достарымызбен қоштасқалы  отырмыз.

Қобланды: енді  біздің құлағымызға күмбірлеген күміс  қоңыраудың үні естілмейді .

Айнур:  енді біз ең қызықты сәттерімізді  өткізген мынау мектеп  ауласында жарыса жүгіріп , сынып  парталарына таласа тармаса  отырмаймыз.

Абылай   енді бізді 11 жыл  бойы  еркелігіміз бен тентектігімізді көтерген ұстаздарымыздын сабақтарында отырмаймыз,  тақтаға шығып сабақ айтпаймыз

Алия:   Бізге алғаш рет әліппені ұстатып әріптерді танытқан алғашқы ұстазымыз Написа Жақылыққызына, Алмагүл Серікқызына

Мадиана:  Және біз десе ішкен асын жерге қоятын жанашыр жетекшіміз Қантарбаева Алия апайға

Арай:  Осы уақытқа дейін білім мен тәрбие беріп үлкен өмір жолына дайындаған қымбатты ұстаздар қауымына  ата- аналарымызға үлкен алғысымызды білдіреміз.

 

Ән “МЕКТЕБІМ” орындайтын 11- СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫ ХОР.

Мұғалімдерге арналған өлең жолдары.

1-оқушы . (Ақбота)

Мектепке алғаш келгенде,

Мейірлі жандарды көргенде

Шарықтап биік қиялым,

Шаттанып шексіз сый алдым

Анадай ұстаз мектебім

Алғысым айтар көп менің.

2-оқушы. (Арайлым)

Бірге жүрдік,11 жыл, бірге ойнадық,

Бірге оқыдық 11 жыл, бірге ойладық

Келді бүгін қоштасатын кезіміз,

Ақтық рет мектеп тойын тойладық.

3-оқушы: (Дамир)

Мектеп, мектеп, менің жарқын көңілім

Мектеп, мектеп, шаттық толы өмірім

Мектеп, мектеп, әнім болып төгілдің

Мектеп, мектеп,ана болып та көріндің

4-оқушы (Мадиана)

Мектеппен бүгін қоштаспақ,

Қоштаспақ мәңгі сан түлек

Айтылып жатыр сан тілек

Егіле-берді сан жүрек

Барлығы отыр есіне алып

Мектепте өткен жылдарды

Мініп алып бір-бірден

Білім деген тұлпарды.

5-оқушы: (Абылайхан)

Сенен ыстық алтын ұя таппадым

Өзінде өтті балғын бала шақтарым

Қоштасамын қимастықпен мен енді

Бетке алған соң балалақтың бақтарын

1-оқушы (Ақбота)

 Алмагуль апай, Нафиса апайларға

Анашымдай сыр шерткен,

Ақыл, білім үйреткен,

Ана тілін оқимын

Ерекше зор құрметпен.

5-оқушы: (Абылайхан)

 математика сабағын

Жақсылап ұғып аламын

Сәулесі де сананың

Мәніне ой табамын.

4-оқушы: -(Мадиана)

Маржангүл апайға

 Бізбен бірге мұңайып, бізбен бірге қуанған,

География, биология маманы, Маржангүл апай ізгі жан.

Біз тілейміз ұстазым әрқашанда,

Алдыңыздан күліп атсын аппақ таң!

2-оқушы: (Арайлым)

 Ұлтын сүйген баламын,

Ұлтым тілі- анамның-

Қазақ тілі – ортақ тіл,

Тілімнен ой аламын.

7-оқушы: (Алия)

Оқушының сүйікті бір пәндері.

Сурет, еңбек, музыка өнері

Айбек, Ләззат, Қуаныш ұстаздар,

Шәкірттерің сіздерге табыс тілейді.

8-оқушы. (Айгерім)

Ағылшын тілі жаңа заман талабы,

Шет елден білім алу, әр баланың арманы.

Осы жолдың тілеушісі

Айтбала апай, сол саланың маманы!

9-оқушы. (  Қобланды )

Іздемпаз мұғалім Әдемі апай,

Шәкірттері қалған емес жүлде алмай.

Ұстаздардың алды болып жүріңіз,

Жетістіктер біз алатын бар талай.

10-оқушы.( Дамир)

Өміріме қажетті орыс тілі,

Көп тіл білу артық емес бұл күні.

Мақпал апай ұстазым әрқашан,

Қиын тілдің үйретті қыр мен сырын.

(оқушылар гүл шоқтарын сыйлайды. )

Би. Папури

Мадиананың орындауында «Аяулы мектебім» әні.

(Пән мұғалімдеріне гүл шоғын тапсыру).

Мира.

«Болашақтай» қол бұлғайды жарық күн

Өмір өзен, тағдыр жолы алыс тым

Қоштасады ақ түлектер досымен

Ең соңғы рет билеп, мектеп вальсін.

«Қоштасу вальсі». Ортаға бітірушілер ән әуенімен шығып , вальске билейді.

Ж-ші: Әдемі.

                         Қоңырау сыңғыры көңілді тербейді,

                         Бал дәурен балалық айналып келмейді.

                         Алғашқы ұстазың әліппе ұстатқан,

         Жүректе ешқашан сөнбейді-дей отырып,  алғашқы рет «Мектеп», «Ұстаз», «Отан» деген ұғымды санаға сіңіріп, білім нәрін берген, әріп танытып, достыққа жетелеген алғашқы ұстаздары  Дуйсенбаева Написа Жақсылыққызы  Жаңабергенова Алмагүл  Серікқызы    белгілі себептермен  бүгінгі мерекемізге келе алмай қалды. Дегенмен де  түлектерімізге деген жылы лебізі мен шынайы тілектері бізбен бірге.

Ән. «Ұлы ұстазым» Аяжан және Айжан 5 сынып.

Ж-ші:Мира

Сыныпты келдің басқарып,

Көрмедің ойлап бас қамын.

Шәкірттер жатыр ұшқалы,

Өмір дегенің қас-қағым.

Еңбегім жанып, күні ертең,

Көрінсін арман асқары.

Ж-ші: Әдемі

Бірге өткізген күндерін қыс-жазына,

Жазып шықты қаншама  іс-қазына.

Балапанын ұшырған ұясынан,

Сөз берейік жетекші ұстазына.

Кантарбаева Алия Сайлауқызын    ортаға шақырайық.

Ж-ші: Мира

Қандай ғажап, қарашы жан-жағына,

Күміс күлкі сыймай тұр, қара мұнда.

Ата-анадан бақытты бар ма екен жан,

Қол жеткізген аңсаған арманына.

Сөз кезегін 11 сыныптың ата-аналары атынан  Газиздің анасына   беріледі.   

Ж-ші: Әдемі

Гүлге толы омырау,

Әр түрлі әркім ойлайды.

Соғар соңғы қоңырау,

Соқтырмай өмір қоймайды,-деп ақын жырлағандай зымыраған уақыт жаңа бір оқу жылының аяқталғанынан хабар беріп тұр. Кешегі алғашқы қоңырау сыңғыры оқушы мен мектепті табыстырса, бүгінгі соңғы қоңырау орта мектепті бітірушілердің алтын ұя мектебінде соңғы рет еститін қоңырау үні «Соңғы қоңырау» соғу рәсімін

11 сыныптың белсенді оқушысы   Енглес Мадиана  және 1 сыныптың озат  оқушысы  Төлеген Дидарға  беріледі.              

Ж-ші: Мира.

Ақ тілеу, аямайтын баталарын,

Өздеріңнен күш қуат от аламын.

Сынығындай асылдың ардақтысың,

Ақ жүрек  қасиетті паналарым- дей келіп 11 сынып оқушысы Енглес Мадиананың атасынан   бата сұрамақпыз.

Әдемі.

Назар аударыңыз! Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы шығарылсын.

Күй «Көргулы».

Ж-ші: Мира.

Қоштасады алтын ұя-мектебің,

Маңдайыңнан сипап өтер көктемің.

«Сәт сапар!»-деп қол бұлғаймыз бәріміз,

Тілейміз біз армандарға жеткенін.

Ж-ші: Әдемі

Келешек өмір қандай болса да, қуанышы мен реніші қатар келсе де, еліміздің қай түпкірінде болсаңда сен міндетті түрде алтын ұя мектебіңді, бірге өскен достарыңды, осы салтанатты толғандырар минутты естен шығарма, жолдарың болсын!

   Осымен салтанатты соңғы қоңырау жиынын жабық деп жариялай отырып, жазғы демалысты жақсы өткізіп, келесі жаңа оқу жылында амандықпен жолыққанша сау болыңыздар!

 

Мақаламен бөліс

Мақалаға пікір
Dataregjaply
Привет.

Расскажу полезную информацию про заработок в интернете — 17 популярных способов заработать деньги в сети без вложений опоздание по тк рф выгодные цены на бензин от компании «Газпром нефть». Заправка по безналичным топливным пластиковым картам. Для уточнения вопросов обращайтесь по телефону:
Пікір беру
Пікіріңіз:
Полужирный Наклонный текст Подчёркнутый текст Зачёркнутый текст | Выравнивание по левому краю По центру Выравнивание по правому краю | Вставка смайликов Вставка ссылкиВставка защищённой ссылки Выбор цвета | Скрытый текст Вставка цитаты Преобразовать выбранный текст из транслитерации в кириллицу Вставка спойлера
Суреттегіні еңгізіңіз:*
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив