РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТАНЫМДЫҚ ПОРТАЛЫ
НЕГІЗГІ БЕТ / Соңғы қоңырау (25 мамыр)
13 мам 2018
421
0

Сыңғырла, соңғы қоңырау!

Сыңғырла, соңғы қоңырау!

Өтетін күні: 

Өтетін уақыты: сағат 11.00

Өтетін орны: мектеп алаңы

                                                                                                            Музыка орындалады.

Жүргізуші:

  Құрметті ата-аналар, аяулы ұстаздар, қымбатты оқушылар, қадірлі жас түлектер!

Міне, бүгін қызығы мен қиыншылығы мол, әр оқу жылы қайталанбас тарихқа толы мектептің мерекесі, оқушылардың сыныптан-сыныпқа көшіп, асыға күткен жазғы демалысқа шығарып, салатын – соңғы қоңырау салтанаты!

   Кеше ғана тұлымдары желбіреп, жүректері лүпілдеп, мектеп қабырғасын имене аттаған ұл-қыздарымыз ойы толып, бойы өсіп, алтын ұя мектебімен қоштасқалы отыр. Бұл күн – мектеп тарихында, мектеп бітіруші түлектер есінде мәңгі өшпесі анық.         

     Өзіңменен өлшеусіз нарқым менің,

    Асқар тау, арқа тұтар алтын белім.

    Ұядан ұрпағыңды ұшырмаққа,

    Қош келдің, айналайын, халқым менің!

 

    Өлшеулі ар-намыс пен нарқымыздың,

    Қорғаны адамдық пен салтымыздың.

    Армысыздар аяулы ұстаздарым,

    Сенері сендерсіндер халқымыздың.

 

    Өмір берер ертеңгі бағаларын,

    Ұядан ұшпақ бүгін балаларың.

     Халқыма ұрпақ берген, өмір берген,

    Қош келдің әкелер мен аналарым.

                                          

Музыкалық сәлем: 4 сынып оқушыларының әдеби монтажы

    Жас жүректің өмірлік құштары – гүл,

    Бағбан – ұстаз баулыған құстары – бұл.

    Қоштасып бүгінгі күн ұясынан,

    Сол құстардың бір тобы ұшқалы тұр, - деп алтын ұя мектебінің табалдырығынан үлкен өмірге ұшқалы отырған мектеп бітіруші түлектерді құрметпен ортаға шақырамыз.

Қарсы алыңыздар!

 

    Бәрі де баласындай бір ананың,

    Өз елі қазағының ұғады әнін.

    Қызы ибалы, ұлы ер, шықсын кәне,

    Он бірінші «А» класы Клара апайдың.

 

    Даламдай кең түсінігі, ұғымы,

    Қазаққа тән мінезі мен қылығы.

    Шара апайдың сом алтындай ұл-қызы,

    Алдарыңызда он бірінші «Ә» класы.  

 

    Тоғызыншы «А»десе ағылармын,

    Демеймін бұл сыныптан табылар мін.

    Қанекей көзбен көріп,бағалайық

    Сұңқарларын Қасымова Гүлбаршынның.

 

   Бұл сынып қай сында да тартынбады

   Мектептің өмірінде жарқырады.

   Тоғызыншы «Ә» сыныбы қайдасыңдар

   Әзинәнің еркесі, алтындары?!

                                                                     ( Бәрі орындарына тұрғаннан кейін:)

 

 

    Алдарыңда сан тарау жолдары тұр,

    Бәрі ертеңгі азамат болғалы тұр.

    Үлкен өмір есігін ашпақ, міне,

     Келген қауым, қол соғып, қолда бүкіл!   

 

Жүргізуші:

М.Ғабдуллин атындағы Зеренді қазақ орта мектебінің 2007-2008 оқу жылындағы соңғы қоңырау салтанатын ашық деп жариялаймыз.

    Мектеп қой Еліміздің қаны, жаны,

    Мектептен басталады бәрі-бәрі.

    Бүгінгі мектеппен қоштасу салтанатында,

    Шырқалсын Қазақстан әнұраны!

                                                                         (Әнұраны  орындалады)

Жүргізуші:

    Қонақ деген ырысың мен мерейің,

    Енді аяңдап қонақтарға келейін.

    Алғашқы қоңырау  салтанатына ортақ болған,

     Қонақтарды таныстырып өтейін!

  1. Аудан әкімінің орынбасары Әлия Аманжоқызы Таласбаева

2.........................................................................................................

3 ........................................................................................................

Жүргізуші:

     Ажырамай мектептен бір елі сіз,

    Жақсылыққа жаралған жүрегіңіз.

    Сөз берелік құрметпен өзіңізге,

    Шәкірттерге арналсын тілегіңіз,- дей отырып  мектебіміздің директоры Халелова     Эльмира Майданқызына сөз береміз.

                                                              

                                                  Оркестрдің орындалуында «Балбұлақ» күйі

Жүргізуші:

 

   2008-2009 оқу жылының басталуы туралы мектеп басшысының бұйрығын таныстыру үшін сөз оқу ісінің меңгерушісі Темірбаева Рысжан Әлімқожақызына беріледі.     

                                                        

Жүргізуші:

    

   

 «Ауылына қарап азаматын таны», демекші, ендігі сөз кезегін әкім орынбасары Таласбаева Әлия Аманжолқызына береміз .............................................................................................................................................

 

Жүргізуші:

   Арнап келер мерейтой, мейрамдарда,

   Мәртебең де биік қой мейрам барда.

   Бүгінгі мектеп кешіне тілек айтсын,-дей отырып, сөз кезегі қонақтарда.

.....................................................................................................................................................

  

Жүргізуші:

   Жақсы шәкірт Азамат атанады,

   Халқынан, ата-анадан бата алады.

   Ұрпағына айтсын деп ақ тілегін,

   Ортаға шақырайық ата-ананы 11 «а», 9 «а»:.............................................................................

 

Жүргізуші:

    Ұшырса  да өмірдің сан түлегін,

    Ұстаз-ғалым, толастамас мәңгі сын.

     Тыншымайтын асыл жандар аяулы,

     Тыңдаңыздар шәкірттердің алғысын.

                                              ( 11 сыныптардың әдеби-әуендік монтажы).

Жүргізуші:

     Мойытпасын қиындықтар сендерді,

     Батылдықпен асыңдар сан белдерді.

     Біліміңмен қуантсаңдар мектепті,

     Жақсы іспен қуантыңдар елді енді.

   Құрметті қауым! Ендігі оқу жылындағы 11 сынып оқушыларын – мектепті бітіріп кетіп бара жатқан оқушыларының орнына шақырамыз.

                   ( Аманат тапсыру үшін бітіруші түлектерге сөз кезегін береміз. )

Жүргізуші:

Аманат тапсыру құрметін мектеп бітіруші түлек Ерғали Еркебекке тапсырылады, аманат қабылдап алу құрметі 10 сыныптың  үздік оқушысы Қабаева Жазираға беріледі.

                                             ( Ортаға түлек шығып аманат тапсырады).

 

Жүргізуші:

   Ұстазсыз шәкірттерге бақ берген бе?

   Бапкерсіз тұлпарларға бап келген бе?

   Он бір жыл сыныбы үшін жанын салған,

   Сөз кезегі – жетекші бапкерлерде.

                (сынып жетекшілері Шара Жатайқызы мен Әзина Сексенқызы

                                                                            өз шәкірттерін құттықтауы)                                      

Жүргізуші:

Ұрпақсыз мына өмірде кім түледі,

Жақсы ұрпақ –Еліміздің шын тілегі.

Ортаға шығып, қанекей, тілек айтсын,

Бірінші сыныптың «Мен» деген әр түлегі.

                                               ( 1сыныптардың әдеби-монтажы)

                       Ән «Ұстазым» орындайтын 4 сынып оқушысы,1 сынып 11 сыныпқа және   

                                         11 сынып 1 сыныпқа  сыйлықтар беріледі.

                      4 сынып оқушыларының вальсі.

 

 Жүргізуші:

     Түлектердің бақыт гүлі ашылсын,

      Ақылына әлем халқы бас ұрсын.

     Деген асыл ниетпенен, ағайын,

     Ақ жолына той шашуы шашылсын!  ( Шашу шашылады)

                                                          

                                                           (Мектеп бишілерінің орындауында«Шашу биі»)

Жүргізуші:

Қымбатты мектеп бітіруші жас түлектер! Мектепте 11 жыл ішінде 20 мыңнан аса қоңырау үнін естідіңдер. Оны алғаш қолыңа гүл алып, мектеп табалдырығын аттағанда естідің, 45 минут бойы өзің сүйіп оқитын сабағың аяқталғанда. Ал, бүгінгі қоңырау үні ерекше. Ол мектеппен қоштасар соңғы қоңырау. Ол балалық шақтан мектеп белесіне асыратын қоңырау.

 

 

 

 

       Бәрі – сын, араласың, өмір аулың,

       Бәрі – шын, қоштасарда қоңырау мұң.

       Мәнісін ұғасыңдар өткен күннің,

       Дауысын естігенде қоңыраудың.

Соңғы қоңырау соғу рәсімі 1 сынып оқушысы                                                         

және мектебіміздің «Алтын белгіге» үміткер түлегі  Бейсебеков Алмазға беріледі.  

 

Жүргізуші:

   Қоштасады ұшқан ұяң – мектебің,

   Маңдайынан сүйіп өтер көктемің.

   «Сәт сапар» -деп қол бұлғаймыз бәріміз,

   Тілейміз біз армандарға жеткенін.

 

           Музыкалық нөмір: «Сәт сапар , түлектер!»орындайтын Шәріпхан Бақытнұр

 

 Осымен салтанатты соңғы қоңырау жиынын жабық деп жариялай отырып, жазғы демалысты жақсы өткізіп, келесі жаңа оқу жылында амандықпен жолыққанша сау  болыңыздар.

 

        Мәлік Ғабдуллин атындағы Зеренді қазақ орта мектебі

 

                                                                                  Дайындаған:

                                                                                  Зеренді қазақ орта мектебінің

                                                                                  тәрбие ісінің меңгерушісі Б.Д.Айдосова

Мақаламен бөліс

Пікір беру
Пікіріңіз:
Полужирный Наклонный текст Подчёркнутый текст Зачёркнутый текст | Выравнивание по левому краю По центру Выравнивание по правому краю | Вставка смайликов Вставка ссылкиВставка защищённой ссылки Выбор цвета | Скрытый текст Вставка цитаты Преобразовать выбранный текст из транслитерации в кириллицу Вставка спойлера
Суреттегіні еңгізіңіз:*
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив