РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТАНЫМДЫҚ ПОРТАЛЫ
НЕГІЗГІ БЕТ / Соңғы қоңырау (25 мамыр)
13 мам 2018
833
0

Сыңғырла, соңғы қоңырау!

«Сыңғырла, соңғы қоңырау!»
Өтетін күні: 25 мамыр 2016 жыл
Өтетін уақыты: Сағат 10. 00
Өтетін орны: Мектеп алаңы

Безендірілуі: Мектеп алаңын түрлі - түсті шарлармен, жалаушалармен безендіру. Мектепке кіре беріс жерін доға тәріздес, ал екі жақ бөлігін шармен өрнектеп қосу.
Орналасуы: Мектеп алаңында сағат 9.00 - ге дейін сол жақ пен шығыс жақ бетінде оқушылар, алаң төрінде мектеп бітіруші түлектер , алаңның оң жақ төрінде мектеп бітіру салтанатына шақырылған қонақтар орналасады.
Ән: «Мектебім» / 9 сынып қыздары/
І жүргізуші: Құрметті қонақтар, аяулы ұстаздар, ата-аналар, мектеп бітіруші түлектер!
Бүгінгі күн жас жеткіншек ұрпақтар үшін ұмытылмас сәт. Бүгінгі таңда Ш. Уәлиханов атындағы Торғай орта мектебінің оқушыларының білім көкжиегінде көрсеткен жетістіктері көңілге сенім ұялатарлықтай. Дәл осы сәт білім ошағының мектеп бітіруші түлектері жаңа өмірге қадам басқалы тұр. Олай болса «Сыңғырла, соңғы қоңырау» атты салтанатты жиынымызды ашық деп жариялаймыз.
І жүргізуші: Оқушылар, түзел, тік тұр! Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы салтанатты түрде енгізілсін.
Батырлыққа уызынан жарыған
Ер қазақты жалауынан таныған.
Өзі батыр, өзі әнші халыққа
Жарасады жігер берер әнұран.
Қазақстан Республикасының әнұраны орындалсын.
ІІ жүргізуші: Кеше ғана тұлымдары желбіреп, жүректері лүпілдеп, мектеп қабырғасын имене аттаған ұл-қыздарымыз ойы толып, бойы өсіп, алтын ұя мектебімен қоштасқалы отыр.
Жас жүректің өмірлік құштары гүл,
Бағбан ұстаз баулыған құстары бұл.
Қоштасып бүгінгі күн ұясынан,
Сол құстардың бір тобы ұшқалы тұр.
І жүргізуші: Нұрлы үмітін арқалаған арқаға
Жан сәулесін тарататын баршаға
Шын пейілмен құрметімізді көрсетіп
Түлектерді шақырайық ортаға
Тәжірибелі ұстаздар Зарыпбай Динара Ғалымбекқызы және Нұрмағанбетова Айымторы Серікбайқызы жетекшілік ететін сыныпта 31 оқушы бітіргелі тұр.
ІІ жүргізуші: Бүгінгі таңда мектебіміздің мерейін үстем етіп, ұстаздардың үкілеген үмітін ақтағалы отырған 2 алтын белгіге үміткерлеріміз бар.
І жүргізуші: Сонымен қатар 11 жыл бойы алған білімдерін талай білім додаларында сынап оза шауып бәйге алған оқушыларымыз жеткілікті.
«Алтын белгіге» үміткер үздік оқушымыз Қарекен Гүлфайруз – 2014 жылы өткен Халықаралық «Ақ көгершін» фестивалінен І орын, 2015 жылы Республикалық «Рауан» фестивалінің І орын иегері.
ІІ жүргізуші: Шаймерден Аида - Республикалық пәндік олимпиадасында аудандық кезеніңде биология пәнінен жүлделі І-орын иегері ,«Алтын белгіге» үміткер үздік оқушы.
І жүргізуші: Құлжанова Жансая - Халықаралық «Ақ көгершін» фестивалінен І орын иегері
ІІ жүргізуші: Баязи Әйгерім- Аудандық “Жарқын болашақ” атты сайыста көркем сөз оқудан І-орын,
география пәнінен аудандық пәндік олимпиада жүлделі І-орын иегері.
І жүргізуші: Арықпи Гүлім- қазақ тілі мен әдебиет пәнінен аудандық пәндік олимпиадада жүлделі І, ІІ –орын иегері.
ІІ жүргізуші: Мектебіміздің атын ауданға, облысқа, республикаға шығарып жүрген спортшыларымыз да аз емес. Олар Кәдірбек Бекжан, Атбасар Жәнібек, Кенжебек Нұрбол,Қабылшақ Ұлан және Қабден Айгүл.
І жүргізуші: Болат Хамзин атындағы өнер мектебінің шәкірттері Төлеухан Парасат, Сейткерей Ақнұр, Тұрғын Абылайдың қол өнер бұйымдары өзінің ерекшеліктерімен көздің жауын алады. «Өнерлерің өрге жүзсін» жас түлектер! Оқушыларымыз елінің үміті мен сенімін ақтар жаңа заман түлектері ертеңгі күннің көшбасшысы болады деген сенімдеміз.
ІІ жүргізуші: Қазекем қонақ десе көсіледі,
Мұндайда жай түйіні шешіледі.
Ақ тілеулі ырыс қой қонақ деген
Өзімен ала келер несібені – демекші бүгінгі салтанатты жиынымыздың қадірлі қонақтарымен таныс болыңыздар:
1._______________________________________________________________________________________
2._______________________________________________________________________________________
3._______________________________________________________________________________________
4._______________________________________________________________________________________
І жүргізуші: Дарындылар елдігімнің айғағы
Дарындылар мектебіміздің айбары
Марқайтады намысы бар қазақты
Дарындының қанатын кең жайғаны
Алдарыңызда 2014-2015 оқу жылын үздік оқыған оқушылары. Жарайсыңдар! Мектебіміздің мәртебесін әрқашан биікке көтере беріңдер! /үздіктер шығады/
ІІ жүргізуші: Білімді шәкірттерін аялаған,
Жақсылығын ешкімнен аямаған,
Саялы бақ жанашыры жас ұрпақтың,
Ұстаз-деген – аяулы, ардақты адам, дей келе келесі сөз кезегі мектебіміздің директордың міндетін атқарушы Әбдірахманов Қанат Бақытұлына беріледі.
І жүргізуші: Жақсы ғой бата алған ағалардан
Жол көрсеткен ақ ниет даналардан
Ақ тілегін білдірсін жас ұрпаққа
Шарықтасын өшпесін саналардан,- дей отырып, соңғы қоңырау салтанатының алғашқы құттықтау сөзі _________________________________________________________________________________________
Ән: «Бала махаббаты» Гүлфайруз
І жүргізуші: Ажырамай мектептен бір елі сіз,
Жақсылыққа жаралған жүрегіңіз.
Сөз берелік құрметпен өзіңізге,
Шәкірттерге арналсын тілегіңіз,-дей келе келесі сөз кезегі ______________________________________________________________________________________

Аманжол : Парасат кеше ғана 1-ші сыныпқа қабылданып гүл сыйлаған едік. Міне 11 жылда әп- сәтте өте шықты.
Парасат: Дұрыс айтасың, Аманжол қазір міне 11 жылымыз артта қалып алтын ұя мектебімізді қимас сәтте келіп жетті. Осы 11 жыл бойы білім нәрімен сусындатқан ұстаздарымызға, бірге күліп, бірге ойнаған сыныптастарымызға айтар алғыстарымыз шексіз.
Аманжол: Олай болса мынау гүл шоқтарын өз анамыздай бола білген жан жылуын сыйлаған аяулы ұстаздарымызға табыстайық.
Сынып жетекшілері: Кеше ғана тұлымдарың желбіреген бүлдіршін едіңдер. 11 жыл деген қас -қағым сәт секілді зулап өте шықты. Бүгін міне үлкен өмірге қадам басқалы тұрған қимас түлектерге айналдыңдар. Болашақта тәуелсіз елдің тірегі болар айбынды азаматы болыңдар.
Парасат: Аманжол, 11 жыл бойы білім нәрімен сусындатқан аяулы ұстаздарымыздың да еңбегі ұшан-теңіз. Ұстаздарға айтар алғысымыз шексіз. Аяулы ұстаздарымызға құрметімізді көрсетейік. / мұғалімдерге алғыс хат/
Ән: «Ұстазым» Гүлім
ІІ жүргізуші: Мектеп маңы толыпты жарасымға,
Ізгілік те, мейірім бәрі осында.
Өмірге қанат қақты жас өрендер,
Асыл арман гүл атып санасында– деп жүректері лүпіл қаққан,қимастық пен қуаныш,аңсау мен арман сезімдері араласқан,осынау сәтте шәкірттік сәттің соңғы,өмір жолының алғашқы қадамында тұрған жас түлек,ендігі сөзді сіздерге береміз. /түлек сөйлейді / Әйгерім
І жүргізуші: Көрмеген артық сөйлеп артық күліп,
Шәкірттерін баулыды тәртіпті қып.
Шақырайық вальске түлектерді,
Қоштасудың вальсін айтып тұрып.
Ән: «Қош бол, ұстазым» Нұрбол /Ортаға бітірушілер ән әуенімен шығып, вальске билейді./

ІІ жүргізуші: Жақсы шәкірт азамат атанады,
Халқынан ата-анадан бата алады.
Ұрпағына айтсын деп ақ тілегін,
Ортаға шақырайық ата-ананы.
Сөз кезегі құрметті де қадірлі ата-аналарымыз атынан ___________________________________________
І жүргізуші: Алдарыңнан арман жолы ашылады.
Түлектерге бақыт гүлі шашылады.
Қимастықпен 11-дің алтын кілтін
Ізін басар сыныпқа тапсырады, - деп, білімнің алтын кілтін «Алтын белгіге» үміткерлерлер Гүлфайруз бен Аида 10-сынып оқушылары , оқу озаттары Әмірхан Гаухар мен Қойшан Жансаяға тапсырады.
Гүлфайруз: Білімді құйып санаңа
Шәкірт болыңдар білікті
Орынымызды басар деп
Тапсырамыз алтын кілтті
Аида: Ақ үмітті ақтадық кеше біздер
Білім қуған әрқашан көкке өрлер
Шын пейілмен сіздерге ұсынамыз
Сөндірмеңдер біз жаққан отты сіздер
10 сынып оқушылары: Біз барлық үміттерді ақтауға, ұлт намысын сатпауға, ел тұғырын биік ұстауға, мектебіміздің мәртебесін көтеруге ант етеміз.
/музыка ойнап, туды қабылдау 10 сынып оқушылары/
Ән: Школьная пара. Жансая мен Баянсұлу
ІІ жүргізуші: Үздік оқушыларды марапаттау үшін сөз кезегі оқу ісінің орынбасары Сейдахметов Сәбит Балтабайұлына беріледі.
І жүргізуші: Түлектердің қанаттары талмасын
Көк аспанда қыран болып самғасын
Ақ жол тілеп, барша мына ұл қызға
Ата - ана ақ батасын арнасын – дей келе ________________________ ақ батасын түлектерге арнайды.
«Флешмоб» түлектер билейді
І жүргізуші: Оқушылар, түзел, тік тұр! Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы салтанатты түрде шығарылсын.
ІІ жүргізуші: Қоңырау мектеп өміріндегі құлаққа жағымды шәкірт жүрегінде сақталатын ұмытылмас үн. Жүректері лүпіл қағып қимастық пен қуаныш, аңсау мен арман сезімдері араласқан осынау сәтте мектебімен қоштасып өмірдің екінші белесіне қадам басқалы тұрған сіздер, осыдан 11 жыл бұрын қоңырау үнімен мектеп табалдырығын аттаған болсаңдар сол сыңғырлаған қоңырау үнімен болашаққа аттанғалы тұрсыздар.
Хор /Түлектер айтады/
І жүргізуші: Аттанарда ұрпағым бақ жолына,
Түссін деп тура жүрер нақ жолына ,
Арнайы ақ матадан жол төседік,
Ырым қып түлектердің ақ жолына!
ІІ жүргізуші: Көгершіндей самғаңдар, түлектерім,
Орындалсын өмірде тілектерің.
Үнімен соңғы естіген қоңыраудың.
Дірілдеді - ау ерекше жүректерің.
І жүргізуші
Қағылды міне сыңғырлап нәзік
Қағылды соңғы қоңырау
Көңілді тербеп,мұңды әуен түзіп,
Қағылды соңғы қоңырау
/ қоңырау дауысы. Түлектер шығып кетеді/
І, ІІ жүргізуші: / хормен/ Ұлттық біріңғай тестіде жоғарғы көрсеткішке ие болыңыздар! Үлкен өмірге аттаған қадамдарыңа нұр жаусын, талаптарың оң болсын! Жас түлектер!!!
І жүргізуші: Осымен 2014-2015 оқу жылының салтанатты соңғы қоңырау жиынын жабық деп жариялаймыз, келесі оқу жылында амандықпен жолыққанша сау-саламатта болыңыздар.

Мақаламен бөліс

Пікір беру
Пікіріңіз:
Полужирный Наклонный текст Подчёркнутый текст Зачёркнутый текст | Выравнивание по левому краю По центру Выравнивание по правому краю | Вставка смайликов Вставка ссылкиВставка защищённой ссылки Выбор цвета | Скрытый текст Вставка цитаты Преобразовать выбранный текст из транслитерации в кириллицу Вставка спойлера
Суреттегіні еңгізіңіз:*
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив