РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТАНЫМДЫҚ ПОРТАЛЫ
НЕГІЗГІ БЕТ / ҚҰТТЫҚТАУ-ТІЛЕКТЕР / Тұңғыш президент күні (1 желтоқсан)
21 қараш 2017
6578
0

Тұңғыш Президенті күніне арналған құттықтау

Күнтізбелік мерекелер бойынша биыл біз елімізде Тұңғыш Президент күнін алғаш рет мерекелейтін боламыз. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев мемлекеттің бірлігін, Конституциясын, адам мен адамзаттың құқықтарын және бостандықтарын қорғауды қамтамасыз еткен жаңа тәуелсіз мемлекеттің негізін қалаушы болып табылады. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жетістіктері Қазақстан халқының орасан зор шынайы құрметі мен сеніміне ие болды.

Шындығында, мемлекет басшысының елімізді аяғынан нық тұрғызып, әлемге танытудағы еңбегі ұшан-теңіз. Осы егемендігіміз арқасында тарихымыз түгенделіп, тіліміз, дініміз қайта оралып, мемлекетіміздің ұлттық рәміздері қабылданды. Міне, халық сайлаған Елбасы әрқашан осындай жарқын істердің шыңынан табылып отырды. Қазақстан өз Тәуелсіздігін жариялап, егемендік алғаннан бері де жиырма жылдан асты. Осы уақыт аралығында Қазақстанды барша әлем таныды. Әлемдегі жоғары дамыған өркениетті мемлекеттермен тәуелсіз Қазақстан терезесі тең, беделі жоғары, болашағы зор мемлекет болып қалыптасты. Мәдениетіміз, өнеріміз, экономикамыз, білім мен ғылымымызбен өркениетті мемлекеттердің қатарына қосылдық деп барша қазақстандықтар сияқты оралдықтар да мақтанышпен айта алады. Қазіргі таңда кең байтақ елімізде Елбасының бастамасымен атқарылып жатқан игі істер тәуелсіз Қазақстанды бұдан да биік шыңдарға көтереріне біздің ешқандай күмәніміз жоқ.
Мерекелеріңіз құтты болсын, қадірменді жерлестер!

 

***

 

Қадірлі жерлестер!

 

Баршаңызды өз тарихымызда алғаш рет тойланғалы отырған жаңа мемлекеттік мереке – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнімен құттықтаймын!

Айтулы күннің барша халқымыз үшін маңызы мен мазмұны ерекше екендігі сөзсіз. Бұл - ғасырлар тоғысында ата-бабалар аңсаған аңсарлы әлем Азаттықтың алауын жағып, Тәуелсіздіктің тұсауын кескен, қазақ жұртын әлемге бейбітсүйгіш ел, толерантты ұлт ретінде танытқан Елбасының таққа отырған, Алаш баласының басына бақ орнаған күн болып тарихта қалатыны шындық.

Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев сындарлы шақта бірлік пен елдікті, татулық пен достықты ту етіп, тәуелсіздікті баянды, егемендікті еңселі ете білді.

Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлының толассыз еңбегі мен көреген де сарабдал саясатының арқасында ғасырда жасалар ғаламаттар екі онжылдықта жүзеге асты.

Халық алдында, мемлекет алдында осындай толағай тірлік атқарған Президент күнін атап өту Сіз бен біздер үшін үлкен қуаныш, зор мәртебе.

 

Ардақты ағайын!

«Елі еріне, ері еліне» сенген еліміз бен Елбасымыздың мәртебесі әлем елдері алдында мәңгілік биіктей берсін!

 Мемлекеттілік тарихымыздың мерейлі мерекесі - Тұңғыш Президент күні құтты болсын!        

Баршаңызға мерекелік көңіл-күй, жанұялық бақыт, игілік, табыс тілеймін!

 

 

***

 

Сіздерді 1 желтоқсан – Елбасы күнімен шын жүректен құттықтаймыз. Қазақ тарихында Әз Жәнібек пен Керей, Қасым мен Абылай, Хақназар мен Кенесары сынды халқын ақылмен, парасатпен басқарған хандар болған. Солардың сара жолымен, сындарлы саясатымен егеменді елімізді басқарып келе жатқан Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың  орны ерекше. Елбасы есімі Егемендік, Тәуелсіздік, Қазақстан, Отан, Бірлік сияқты ұғымдармен қатар айтылады. Елбасы – татулығымыздың, береке-бірлігіміздің, тұрақтылығымыздың кепілі. Тұңғыш Президентіміздің еңбек жолы - жас қазақстандықтар үшін үлгі мен тағылымның мектебі. Ел болашағы үшін жасалып жатқан игі істер табысты болып, еліміз, елін сүйген, ел қамқоры азаматтарымыз аман болсын! Баршаларыңызға табыс, сәттілік, сәулелі ғұмыр тілеймін.

 

***

 

Сіздерді келе жатқан мемлекеттік мереке – Қазақстанның алғашқы Президенті Күнімен құттықтаймын!

 

        Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстанның бірлігін, Конституцияның панасын, адамның құқығын және бейбітшілігін қамсыздандырған, жаңа тәуелсіз мемлекеттің негізін салушы болып табылады. Қысқа мерзім ішінде Қазақстан қанатын кең жайған саяси, экономикалық және әлеуметтік реформаларды жүзеге асырған, өзінің даму жолын тапқан жаңа замаңғы бәсекеге қабілетті ел болып таңылды.

        Тұрақтылық және қоғамдық келісім, сыртқы саяси жауапты бағамы – елдің халықаралық беделінің өсуі үшін берік негіз болды. Біздің Президентіміз ең жаңа тарих жолын анықтайтын әлем көшбасшыларының шеңберіне кірді және бүгін оны әділетті түрде ұлт Көшбасшысы – Елбасы деп атайды. Күшті стратегия және мақсаттылықтың арқасында біз жолымызда тұрған әр кедергіні жетістікпен жеңіп аламыз.

         Осы айрықша мәнді күні елдің игілігі үшін барлықтарыңызға зор денсаулық, мол бақыт, береке тілеймін!

 

***

 

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің күні мемлекеттік мерекесімен құттықтау 

Құрметті блогты пайдаланушылар! 2012 жылдың 1 желтоқсанында елімізде алғаш рет Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің күні мемлекеттік мерекесі атап өтіледі. Мұндай елеулі күн Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Қазақстан халқына және мемлекетіне сіңірген орасан зор еңбегіне деген құрмет болып табылады. Ұлт Көшбасшысының тұрақты және жүйелі негізде атқарып келе жатқан өлшеусіз еңбегінің нәтижесінде Қазақстан серпінді даму жолына түсті, саяси, экономикалық және әлеуметтік, оның ішінде денсаулық сақтау саласы жаңғыртылуда. Әлемдегі экономикалық дағдарысқа қарамастан, елімізде әлеуметтік салаға бөлінетін шығын көлемі қысқартылмай, керісінше ұлғайып келеді. Елбасы бекіткен «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы табысты іске асырылуда. Ұлттық скринингтік бағдарлама енгізілді. Алғашқы медициналық-санитариялық көмек деңгейінде әлеуметтік-психологиялық көмек қызметі құрылды. Трансплантология дамуда. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі кеңейтілуде. Көлік медицинасы халыққа қызмет көрсетуде. Президентіміз әрбір қазақстандық үшін өз денсаулығы ең жоғары құндылық екенін әрқашан айтып келеді. Мемлекет басшысының жан-жақты қолдауының арқасында еліміздің денсаулық сақтау саласында инновациялар, озық технологиялар енгізілуде, жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсететін қазіргі заман талаптарына сай медициналық орталықтар мен клиникалар пайдалануға берілуде. Бұл іс-шаралардың барлығы халыққа көрсетілетін медициналық қызметтің сапасын көтеруге мүмкіндік береді. Біз – қазақстандықтар өз еліміздің жеткен орасан зор жетістіктеріне қуанамыз және мақтанамыз. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Күні мерекесін атап өте отырып, Елбасымызға, мемлекетіміздің қалыптасуы мен дамуына қосқан тарихи еңбегіне құрмет көрсетеміз. Барлықтарыңызды осы мерекемен құттықтай отырып, сіздерге және жақындарыңызға мықты денсаулық, ұзақ өмір және ел игілігі үшін атқарып жатқан еңбектеріңізге табыстар тілеймін.

**********

 

Поздравление с государственным праздником-Днем Первого Президента Республики Казахстан! 

Уважаемые посетители блога! 1 декабря 2012 года в Казахстане впервые отмечается государственный праздник - День Первого Президента Республики Казахстан. Празднование такой знаменательной даты является выражением Главе государства уважения за его заслуги перед казахстанским народом и страной. В результате постоянных и системных мер, предпринимаемых Лидером Нации Н.А. Назарбаевым, Казахстан динамично развивается, осуществляется политическая, экономическая и социальная модернизация, в том числе и в системе здравоохранения. Несмотря на продолжающийся мировой кризис, расходы государства на социальную сферу не сокращаются, а наоборот увеличиваются. Успешно реализуется Государственная программа «Саламатты Қазақстан», утвержденная Главой государства. Внедрена Национальная скрининговая программа. На уровне первичной медико-санитарной помощи созданы службы социально-психологической помощи. Развивается трансплантология. Расширяется гарантированный объем бесплатной медицинской помощи. Создана транспортная медицина. Президент страны всегда подчеркивает, что для каждого казахстанца высшей ценностью является его здоровье. Внедрение инноваций, передовых технологий в системе здравоохранения, ввод в эксплуатацию современных медицинских центров и клиник, оказывающих высокоспециализированную помощь, больниц, поликлиник осуществляется благодаря поддержке Главы государства. Все эти меры позволяют повысить качество медицинского обслуживания населения. Мы - казахстанцы гордимся достижениями своей страны. Празднуя День Первого Президента, отдаем дань уважения нашему Елбасы, его историческим заслугам в становлении и развитии государства. Поздравляя Вас с праздником, желаю крепкого здоровья, долгих лет жизни, благополучия Вам, Вашим родным, близким и успехов в труде на благо нашей республики.

 

***

 

Құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы!
Сізді 1 желтоқсан – Тұңғыш Президенттің күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
Сіздің Қазақ еліне сіңірген еңбегіңізді, мемлекетімізді дамытуға жұмсаған қажыр-қайратыңызды тілмен айтып жеткізе алмаспыз. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында еліміз қиын-қыстау кезеңді бастан өткерген сәтте халықтың еңсесін көтеріп, жүрегіне болашаққа деген сенімін ұялатқан Өзіңіз едіңіз. Айтқаныңыз айдай келіп, Қазақстан іргесі берік ірі мемлекетке айналды. Қай сала да қарқынды дамып, толайым  табыстарға кенелді. Қазақ елі әлемге танылды. Тәуелсіз мемлекетіміздің күллі табыстары мен айқын жетістіктері Сізбен тығыз байланысты, құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы! Сіз халықтың сенімін ақтап, Қазақстанды мықты мемлекетке айналдыра білдіңіз. Саяси және экономикалық салада жүргізген салиқалы реформаларыңыз Қазақстанды қазіргі деңгейге жеткізді.
Сіздің бастамаңызбен дүниеге келген Президенттік «Болашақ» бағдарламасы да еліміздің жетістіктерінің бірі. 1993 жылы экономикалық ауыр кезеңге қарамастан Өзіңіз әлемнің алдыңғы қатарлы оқу орындарында жоғары санаттағы мамандар даярлау бағдарламасын жасауды тапсырған едіңіз. «Болашақ» бағдарламасы тәуелсіз Қазақстанға әлемдік дәрежедегі алғашқы буын мамандарын қалыптастыра білген ірі инвестициялық жоба болды. Бүгінде бағдарлама бойынша дүниежүзінің әйгілі оқу орындарында білім алған жастар еліміздің түрлі салаларында жемісті еңбек етуде. «Болашақ» стипендиясының түлектері Сіздің идеяларыңызды қоғамға жеткізіп, жүзеге асыруына өз септігін тигізуге әрдайым дайын.
Сізге қазақстандықтардың игілігі жолында табысты еңбек және халықаралық аренада Сіздің еліңіздің беделі мен рөлі одан әрі арта беруін тілейміз. Денсаулығыңыз мықты, өмір жасыңыз ұзақ болсын. Елдің шапағатына бөленіп жүре беріңіз!
Ізгі тілекпен,
«Болашақ»  стипендиясының иегерлері
***
Құрметті әріптестер!
Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті күнімен құттықтаймыз!
Жаңа тәуелсіз мемлекеттің іргетасын қалаушы Нұрсұлтан Назарбаев – барлық қазақстандықтар және халықаралық қоғамдастық мойындаған ғаламдық бастамалардың бастаушысы, отандастарымыздың құқықтары мен бостандықтарының қорғаушысы, елді кемел келешекке жетелейтін игі істердің қолдаушысы.
Мемлекетімізге одан әрі өрлеу мен өркендеу, әрбір қазақстандыққа – мол табыс, бақ-дәулет тілейміз!

Уважаемые коллеги!
Поздравляем с Днем Первого Президента Республики Казахстан!
Основатель нового независимого государства Нурсултан Назарбаев – автор глобальных инициатив, получивших признание всех казахстанцев и уважение международного сообщества.
Желаем мира и дальнейшего процветания нашему государству и счастья и благополучия каждому казахстанцу!
***
Мақаламен бөліс

Пікір беру
Пікіріңіз:
Полужирный Наклонный текст Подчёркнутый текст Зачёркнутый текст | Выравнивание по левому краю По центру Выравнивание по правому краю | Вставка смайликов Вставка ссылкиВставка защищённой ссылки Выбор цвета | Скрытый текст Вставка цитаты Преобразовать выбранный текст из транслитерации в кириллицу Вставка спойлера
Суреттегіні еңгізіңіз:*
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив