РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТАНЫМДЫҚ ПОРТАЛЫ
НЕГІЗГІ БЕТ / Баяндама, мақала
12 тамыз 2017
63
0

Абайдың рухы-елдің рухы

Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы, Шетпе кенті,

А.Меңдалыұлы атындағы орта мектептің

қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Жұмаева Әсемгүл Сейтенқызы        

 

                             

                                                Абайдың рухы-елдің рухы.

                                                Абайдан артық,

                                                 Абайдан киелі ұғым

                                                Болмауға тиіс-деп елбасы Н.Ә.Назарбаев айтқанындай,Абайдың жолы жүрегіңді жылытып қоймай,әлемдегі ақыл-ой қайнарларынан асыл құндылық ұсынады.Ол құндылық биік таудың белесіндегі алтын сандықша тәрізді.Сол сандықшаның кілтін кім таба алса,бақытты жан болмақ.Себебі қазақ даласының  тарихын,ұлттық мұрасын,ғибратын Абайдан табамыз.

     Абай  шыншылдығымен,суреткерлігімен,сыршылдығымен,сыншылдығымен,ойшылдығымен ерекше нұрлы.Қазақ руханиятының алтын тамыры десем қателеспеймін.Рухани жаңғыру үшін болашақ ұрпақ Абайдың кітаптарын,әндерін,аудармаларын,қарасөздерін бағалы қазына деп ұғуы керек.Бүгінгі жас ұлан күні-түні смартфонға үңілуден басын көтеріп,рухани азық іздесе,Абайды оқысын.

     Ең бірінші қазақтың бетін дұрыс жолға бағыттар кеңесі-ғақлиялары.Оны қазағым оқып,өмір ұстанымына айналдырса,нұр үстіне нұр болар еді.Себебі: қара сөздерінің 37 сі афоризм,45 і шығарма,38 і дін,мораль мәселесі,25 і Сократ пен Аристодимнің әңгімесі болып келетін өсиетнамалардан тұрады.

   «Ғылым-адамды топастықтан,әдебиет-дөрекіліктен құтқарады»-демекші,бүгінгі таңда ата-аналарға өз балаларыңды руханилыққа тәрбиелеңдер дегім келеді.Әдебиет-сұлулық әлемі.Барлық ғылым әдебиеттен бастау алады.Абайдың өлеңдерінен,математика,физика, философия заңдылықтарын айқын көруге болады.Мысалы: «Бір қайғы-жүз қайғыны қозғайды»Қозғау-дененің әсер етуі.Жиырманшы сөзінде  «Дүние бірқалыпты тұрмайды»-деп,қозғалыс заңын айтады.

     Абай ұсынған рухани азықтың тағы бірі-дін мәселесі. Дін-адамның адамшылығының басты көрсеткіші. Ислам діні-адамдарды еңбек етуге,сабырлылыққа,қайырымдылыққа,қажырлы болуға шақырады.Біздің пайғамбарымыз көркем мінезді мадақтап отырған.Абай да сол діннен нәр алып,гүлдеген шынар тәрізді.

     Абайдың бізге ұсынар құндылығының тағы бірі-ақыл.Ақыл-адам баласының ең үлкен сыйы.Ақыл-иманның,діннің тірегі.Иман дегеніміз-сенім.Адамда сенім,ғылым,білім болғанда болады.Сондықтан бүгінгі қазақ даласына ұжданы сау адам керек.Ұжданы бар адам-тың ойлайды.

   Пайғамбардың хадистерінде «бір пенде,басқа бір пенденің айыбын жапса,Алла тағала қиямет күні оның айыбын жасырады»деген сөз бар.Бұл адамға жақсылық ойла дегенді меңзеп тұрғандай.

   Абай атамыздың отыз сегізінші сөзінде «күллі адам баласын қор қылатын үш нәрсе бар дейді»

                        Әуелі-надандық,екіншісі-еріншектік,үшіншісі-залымдық.Осы үшеуінен сақтансаң,өнер мен кәсіп үйренсең,адам боласың деп тұрғандай.

     Жиырма жетінші  сөзінде көзді-көрсін деп, мұрынды жақсы иіске ғашық болсын деп,тілді дүниеде не тәтті,не қатты білсін деп жаратқанын, сайып кегенде, бұлардың бәрі-жаратушының адамзатты махаббатпен дүниеге әкелгенін дәлелдеп береді.Олай болса,мынау адамзат жаратушыға қарыздар.

   Қырық бірінші сөзінде қазаққа ақыл берем,түзеймін деп қам жегендерге екі түрлі нәрсе керек дейді.Әуелі-бек зор үкімет,екіншісі-ол адам бай болу керек.Бай дегенде,рухани байлықты айтады.Қырық бесінші сөзінде қазақтың жаманшылыққа үйір болуының себебі-жұмысының жоқтығында екендігін дөп басып,әшкерелейді.Қырық төртінші сөзінде адам баласының ең жаманы-талапсыз деген тұжырым жасайды.

    Расында да,бүгінгі таңда да Абай айтқан жаман қасиеттер өршіп барады.Қазақ елі Мәңгілік елге айналу үшін,біз жамандықпен күресуіміз керек.Сол жамандықпен күресте бізге сүйеніш болатын тағы да Абай айтқан:махаббат,ғаділет,сезім.Олар жаратқан тәңірінің ісі.Сондықтан мемлекетімізді көркейтеміз десек,алдымен рухани жаңаруымыз керек. Абай әлемі барлық азаматтардың рухани игілігіне,алтын қазынасына айналуы тиіс.Себебі Абайдың рухы-елдің рухы.

    Ұрпақ ауысады,заман өзгереді.Бірақ елдік құндылық,мемлекеттің асыл арқауы тіліміз өзгермейді.Елбасы негіздеген «Мәңгілік ел»болу үшін,Абай аманаттаған ақыл мен қайратты ұмытпайық.

    Адамның адам болып қалыптауына ең бірінші алтын қазық-аналар.Имандылық негізі де ана сүтінен дариды.Қоғамды тәрбиелейтін-әйел.Сондықтан адам тәрбиелеуде Абайдың ойларын рухани мұра етейік.

 

 

Жұмаева Әсемгүл Сейтенқызы.Алшын Меңдалыұлы мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі.

Мақаламен бөліс

Пікір беру
Пікіріңіз:
Полужирный Наклонный текст Подчёркнутый текст Зачёркнутый текст | Выравнивание по левому краю По центру Выравнивание по правому краю | Вставка смайликов Вставка ссылкиВставка защищённой ссылки Выбор цвета | Скрытый текст Вставка цитаты Преобразовать выбранный текст из транслитерации в кириллицу Вставка спойлера
Суреттегіні еңгізіңіз:*
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив