РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТАНЫМДЫҚ ПОРТАЛЫ
НЕГІЗГІ БЕТ / Қаржыгерлер күні (15 қараша)
15 қараш 2017
211
0

15 қараша – Ұлттық валюта күні

Бүгін Ұлттық валюта - теңге күні. 1997 жылы ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен 15 қараша – төл валютамыздың туған күні әрі қаржыгерлер күні болып белгіленді.

Ұлттық валютаны теңге деп атауды ұсынған - Халықаралық Инженерлер академиясының академигі, Қазақстанның белгілі ғалымы, КСРО Мемлекеттік сыйлығының иегері, «Құрмет» орденінің иегері Сауық Тәкежанов еді.

Төл валютамыздың алғаш пайда болуы, өзгеруі және түрленуі тарихы

  • 1992 жылдың 27 тамызы күні Ұлттық банк теңге купюрасының үлгілерін бекітті. Ертесіне қазақ валютасын өмірге келтірген суретшілер Тимур Сүлейменов, Меңдібай Алин, Ағымсалы Дүзелханов, Қайролла Әбжәлеловтер Англияға аттанды.
  • 1992 жылы теңге дизайнындағы портреттер бекітілді.
  • Теңге Ұлыбританияда басылып шықты.
  • 1993 жылдың 12 қарашасы күні Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан Республикасында ұлттық валюта енгізу туралы» Жарлыққа қол қойды.
  • 1993 жылдың 15 қарашасында Тәуелсіз Қазақстан Республикасының төл валютасы айналымға енді.
  • Ескі ақшаны қазақстандық теңгеге айырбастау 1993 жылы 15 қарашада сағат 8.00-де басталып, 20 қарашада сағат 20.00-де аяқталды.
  • Ұлттық банк бастапқыда 1 теңгені сол кездегі мың рубльге бағалаған болатын. Дегенмен, еліміздің саяси, әлеуметтік мәселелері және мемлекетаралық қатынастар ескеріліп, 1 теңге 500 сомға бекітілді.
  • Теңге бірінші айналымға кірген күні 1 доллар 4,75 теңге болып бекітілді.
  • 1994 жылы қағаз тиындардың орнына жезден жасалынған 2, 5, 10, 20 және 50 теңге номиналды монеталар шықты.
  • Ұлттық валюта банкнот және монета түрінде айналысқа енгізілді. Қазір банкнот - Ұлттық банктің Алматы қаласындағы Банкнот фабрикасында, ал монета - Өскемендегі Монета сарайында шығарылады.
  • Ел Президентінің Жарлығымен 1997 жылдан бері 15 қараша төл валютамыздың туған күні әрі қаржыгерлер күні болып белгіленді.
  • 2006 жылы 15 қарашада жаңа үлгідегі банкноттар айналысқа енгізілді.
Мақаламен бөліс

Пікір беру
Пікіріңіз:
Полужирный Наклонный текст Подчёркнутый текст Зачёркнутый текст | Выравнивание по левому краю По центру Выравнивание по правому краю | Вставка смайликов Вставка ссылкиВставка защищённой ссылки Выбор цвета | Скрытый текст Вставка цитаты Преобразовать выбранный текст из транслитерации в кириллицу Вставка спойлера
Суреттегіні еңгізіңіз:*
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив