РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТАНЫМДЫҚ ПОРТАЛЫ
НЕГІЗГІ БЕТ
6 қазан 2016
283
0

Қазақстанда ЖОО-ның ақылы бөліміне түсетіндер ҰБТ-дан босатылуы мүмкін

Мектеп бітіруші түлектер жоғары оқу орнының ақылы бөліміне бұдан былай Ұлттық бірыңғай тест тапсырмай-ақ түсуі мүмкін, деп хабарлайдыХабар24.

Білім және ғылым министрлігі осы бастаманы талқылап жатыр.

«Мұндай жеңілдікке барсақ, абитуриенттер шетелдік оқу орындарына ағылмай, өзіміздің білім ордаларына түсер еді», - дейді мамандар.

Министрлік өкілдері осы мәселені қолға алып, ұлттық және мемлекеттік университеттердегі білім беру жүйесіне бірталай өзгеріс енгізуді ойластырып отыр. Мәселен, университеттер коммерциялық емес акционерлік қоғам ретінде жұмыс істеуі мүмкін. Оған сәйкес, білім ордалары нарық сұранысына қарай өздерінің оқу жүйелерін құруға міндетті болады. Өз-өздерін дамытуды қолға алатын жоғары оқу орындары қоғамда бәсекеге қабілетті кадрлар даярлап, сапалы мамандар шығаруы тиіс.

«ҰБТ-ның нашарлығы бар деп көп адам сынға алып жүрді. Сондықтан да біздің министірліктен сұрап жүргеніміздің де себебі бар. Ендігі жылдан бастап ақылы бөлімге алатындарды оқу орындары өздері қабылдасын. Ғалымдар да, мамандар да жеткілікті. Өздері де емтихан қабылдауға шамалары жетеді деп ойлаймыз», - дейді ҚР Жоғары оқу орындары қауымдастығының президенті Рахман Алшанов.!

Baq.kz 

 

Мақаламен бөліс

Ілмектер:ҰБТ, ЕНТ, ЖОО
Пікір беру
Пікіріңіз:
Полужирный Наклонный текст Подчёркнутый текст Зачёркнутый текст | Выравнивание по левому краю По центру Выравнивание по правому краю | Вставка смайликов Вставка ссылкиВставка защищённой ссылки Выбор цвета | Скрытый текст Вставка цитаты Преобразовать выбранный текст из транслитерации в кириллицу Вставка спойлера
Суреттегіні еңгізіңіз:*
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив