РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТАНЫМДЫҚ ПОРТАЛЫ
НЕГІЗГІ БЕТ / ОҚУШЫЛАРҒА
15 қазан 2016
597
0

Жақсы мұғалім қандай болуы керек?

Жақсы мұғалім қандай болуы керек?

Қоғам  күрделі. Заман талабы жоғары. Адам үшін қажетті жағдай барынша тиімді жағына қарай жасалынған. Соған қарамастан, мұғалімнің алар орны да, берер білімі де бәрінен биік. Жақсы мұғалім білім беріп қана қоймайды. Біліммен қатар тәрбиені де ту етіп ұстауы шарт. Алғаш мектеп табалдырығын аттаған бүлдіршін үшін әріптен бұрын мейірім маңыздырақ. Мұғалім толыққанды тұлға болса, алдына келген шәкірт те белгілі бір деңгейдегі тұлғалық ерекшелігі бар, өмір баспалдығының сатысына албырттықпен аттап бара жатқан жас буын. Осы орайда, шәкірттің де толық тұлға болып қалыптасуына бірден-бір еңбек сіңіретін жан – мұғалім.

Оқытудың жаңа технологиясын меңгеру, теориялық білімді жан-жақты нұсқада үйрете алу, шығармашылық әлеуеттің мол болуы, оған қоса «қаталдық» деген принципке негізделіп, арақашықтық сақтау жақсы мұғалім болу үшін жеткіліксіз факторлар. Мұғалім алдына келген әр оқушымен еркін қарым-қатынас орната алуы керек. Әр оқушының жеке психологиясына педагогтік көзқараспен қарай алуы шарт.

Оқытушы танымында  «жақсы оқушы» және «нашар оқушы» деген жіктелімнің өзі қате түсінік. Әр шәкірттің ішкі әлемі бар. Әр баланың ашылмаған құпиясы, қыр-сыры бар. Осы тұрғыда, «жай мұғалім хабарлайды, жақсы мұғалім түсіндіреді, керемет мұғалім көрсетеді, ұлы мұғалім шабыттандырады»,– деген тіркестер ойға оралады. "Мұғалім талантты болса, шәкірт талапты болады". Ұлы қызметтің ұлылығын арттырып жүретін де шәкірт.

Кемелді ұлт болашағы – білімді ұрпақ қолында. Бұл факторды жүзеге асырушы субъект – ұстаз. Қай заманның ғалымын да, ақынын да, басшысын да, басқасын да «тұлға» ретінде қалыптастыратын бір-ақ дүние немесе педагогикалық методика: оларды ұлттық құндылықтарға (ар-ұят, иба, т.б) сай тәрбиелеу. Бүгінгі қоғамның басты талабы – қолдан жасалған «ХХІ ғасырдың ғажайыптарын» тамашалау емес, еңселі ел тағдырын аманаттайтын тарландарды өсіру.

 

massaget.kz

Мақаламен бөліс

Пікір беру
Пікіріңіз:
Полужирный Наклонный текст Подчёркнутый текст Зачёркнутый текст | Выравнивание по левому краю По центру Выравнивание по правому краю | Вставка смайликов Вставка ссылкиВставка защищённой ссылки Выбор цвета | Скрытый текст Вставка цитаты Преобразовать выбранный текст из транслитерации в кириллицу Вставка спойлера
Суреттегіні еңгізіңіз:*
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив