РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТАНЫМДЫҚ ПОРТАЛЫ
НЕГІЗГІ БЕТ / ОҚУШЫЛАРҒА / Ұстаздар күні (5 қазан)
30 қыркүйек 2017
323
0

Талаптан бұрын талғамға жүгін

Талаптан бұрын талғамға жүгін

Мектеп табалдырығын аттаған жас бүлдіршіннің санасында айтарлықтай қалыптасқан қағида болмайды. Ол оны уақыт өте келе, қоғаммен тығыз қарым-қатынасқа түскеннен кейін ғана қалыптастыра бастайды. Тұлға болу үдерісінде оқушыға кімнің ықпалы зор?! Ұстаздың ба? Ата-ананың ба?

Жан-жақты көзқараста сараптайтын болсақ, екі жақтың да тәрбиесі маңызды. Біздің мемлекетте білім беру жүйесі жақсы дамыған. Соған сай технологиялық ақпараттар да жетілдірілген. Бірақ, жыл сайын жүрек қалауынсыз оқуға түсетіндер өте көп. Не себепті?! Бұл жағдайға кім кінәлі?

Әр отбасының жазылмаған заңы болатыны белгілі. Ережеге бағынғың келмейтін де кездер болады. Ішкі пікір ата-ана ақылына қарсы тұра алмайды. Осы орайда мектеп бітіруші түлектерде өте ауыр психологиялық кезең басталады. Қазақтың ұлттық болмысында, соның ішінде бала тәрбиесінде белгілі бір шектеулер бар. Ұстазбен қарым-қатынаста да шекара ұстанамыз. Осы олқылықтың орнын толтыру мақсатында арнайы жоғары оқу орындарынан мамандар келіп, үгіт-насихат жүргізеді.

Оқушыға білім алудың, мамандық таңдаудың тиімді тәсілдерін жіті түсіндіреді. Соның өзінде де, пайдалы кеңестің аздығынан адасып жүргендер аз емес. Қаражат жағы қалта көтермегендіктен, қол жеткен жерде жүргендер саны қаншама. Мемлекеттік білім грантын жеңіп алып, жарытып оқып жүргендер де жетерлік. Бұл жердегі басты қателік – баланың бейімділігін байқамау. Ата-ана баласынан жоғары деңгей күтетіні анық. Сол жолда ештеңе аямайтын да сөзсіз. Бірақ, ұстаздар қауымы баланың қызығушылығын, қай пәнге бейім екенін аңғарып жүруі шарт.

Статистикаға сүйенсек, орыс мектебін бітіруші түлектер аспаз, кондитер, слесарь, тоқыма сынды өндірістерге сұраныс жібереді екен. Аталған мамандықтардың қыр-сырын мақтанышпен жеткізіп, дәл сол жолда қандай тәжірибеден өтуге болатынына дейін айтып беріпті. Ал қазақ мектебін бітіруші түлектердің басым көпшілігі инженер-технолог, экономист, заңгер сынды мамандықтарды атаған. Ал аталған мамандықтардың міндет-мақсаттарынан мүлдем бейхабар. Бұл – өзіндік таңдаудан бұрын өзгенің пікірімен санасу. Қоғам мәселесінде осы жағдай тағы да он жыл бойы орын алса, әрбір үшінші адам инженер, әрбір екінші адам заңгер болып шығады деген сөз. Бізге мұның қажеті шамалы.

Мамандық таңдау – маңызды іс. Ерекше қызығушылықпен, зор ынтамен игерген білімнің де пайдасы мол. Сол себепті де, ата-ана мен ұстаздар қауымы ақылдаса отырып, баланың болашағы үшін дұрыс бағыт-бағдар беруі шарт. Арнайы жүргізілген үгіт-насихаттың да дұрыс-бұрыстығына әбден көз жеткізіп алу керек. Болашақтың еншісіндегі үлкен мәселеде жеке пікірің мен жеке көзқарасыңның маңызы жоғары. Қандай тұлға болып қалыптасатының тікелей өзіңе байланысты.

Ол үшін өзіңді қай салада елестетесің, қандай қоғамда өмір сүрген ұнайды, басты бейімің не деген сұрақтарға іштей өз-өзіңе жауап бергенің абзал. Саған берілген мүмкіндікті жоғалтып алуға болмайды. Сондықтан жас түлек, талапқа емес таңдауға жүгін!

Мақаламен бөліс

Пікір беру
Пікіріңіз:
Полужирный Наклонный текст Подчёркнутый текст Зачёркнутый текст | Выравнивание по левому краю По центру Выравнивание по правому краю | Вставка смайликов Вставка ссылкиВставка защищённой ссылки Выбор цвета | Скрытый текст Вставка цитаты Преобразовать выбранный текст из транслитерации в кириллицу Вставка спойлера
Суреттегіні еңгізіңіз:*
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив