РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТАНЫМДЫҚ ПОРТАЛЫ
Шығарма, эссе / Қызықты деректер / Ұстаздар күні (5 қазан) / Слайдер
13 қыркүйек 2018
433
0

Ұстаз туралы қызықты деректер

Ұстаз туралы қызықты деректер

«Адамның адамшылығы - жақсы ұстаздан» деп ұлы Абай айтқандай, мұғалім тәрбиесі мен өнегесі оқушының болашақ азығы. Жақсы ұстазға кезігіп, тәлім-тәрбие алған шәкірт өмір майданында мойымай күресіп, болашақ жолдарда бағытынан таймасы анық. Назарларыңызға ұстаздар туралы қызықты деректерді ұсынамыз.

1. «Педагог» сөзі көне грек тілінен енген. Оның тікелей аудармасы «баланы жетектеуші» деген ұғымды береді. Көне Грекияда педагог деп ұстазды емес, баланы мектепке жетектеп барып, сосын кері алып қайтатын құлды атаған. Педагог қызметіне қолынан ауыр іс келмейтін құлдар таңдап алынған екен.

2. АҚШ-тың федералды жалауы ел құрамына әркез жаңа штат қосылған сайын өзгеріп отырған. Нақтырақ айтар болсақ, жалаудағы жұлдыздар саны сатылы түрде біреуге арта берген. Соңғы рет 1960 жылы Аляска мен Гавайя штат ретінде қосылған кезде өзгереді. АҚШ президенті Дуайт Эйзенхауэр 17 жасар мектеп оқушысы Роберт Хафт жіберген нұсқаны ресми ел жалауының дизайны ретінде қабылдайды. Ал Роберттің ұстазы оның сызбасына «- 4» деген баға берген еді. Ол егер АҚШ президенті бұл дизайнды қабылдаса, өзі қойған бағаны да өзгертетінін айтып мысқылдаған екен. Сосын Роберттің әзілқой ұстазы үй жұмысына қойған бағасын өзгертуіне тура келіпті.  

3. 2007 жылы Вьетнам мектептерінде, тіпті балабақшада йога ілімін үйрететін сабақ енгізілген. Арнайы йогамен машықтанған ұстаздар балаларға әртүрлі дене қалпына енуді үйретеді. Сабақтар күніне бір сағат өткізіледі. Ал қосымша сабақ алуға ниет еткен оқушыларға дәрістен кейін қалып, йогамен айналысуына мүмкіндік жасалған. Содан бері Вьетнамда йога дәрісінің маманы сұранысқа ие болған.

4. «Мұғалімдер қолынан өзге жұмыс келмегені үшін ұстаздық етуге келген жоқ. Керісінше қолынан кез келген жұмыс келетін адамдарды тәрбиелеп шығаруды мақсат еткен»

Джек Лондон, америкалық жазушы

5. Джеймс Кэмерон 1977 жылы өзі жалдаған Роджер Корман есімді қызметкерінен кино өнері бойынша тәлім алған.

6. Пенсильвания университетінің ғалымдары 1972 жылы мектеп ұстаздарының еңбегін жоғары күйзеліске алып келетін өрт сөндіруші, ұшақты сынақтан өткізуші сынды манандықтар қатарына қосу керек екенін мәлімдеген.

7. Жапонияның императоры Сёва өзінен кейінгі ең үлкен жалақыны ұстаздарға тағайындаған.

8. Белгілі өнертапқыш Томас Эдисон жалпы орта мектебінде небәрі 3 ай оқыған. Ол мектеп қабырғасында үлгілі оқушы болмаған. Сол үшін де оның ұстазы оны «надан» деп үнемі сөгеді екен. Томастың анасы мұны естіп, баланы өзі үйде оқытуға бел буған.

Мақаламен бөліс

Пікір беру
Пікіріңіз:
Полужирный Наклонный текст Подчёркнутый текст Зачёркнутый текст | Выравнивание по левому краю По центру Выравнивание по правому краю | Вставка смайликов Вставка ссылкиВставка защищённой ссылки Выбор цвета | Скрытый текст Вставка цитаты Преобразовать выбранный текст из транслитерации в кириллицу Вставка спойлера
Суреттегіні еңгізіңіз:*
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив