РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТАНЫМДЫҚ ПОРТАЛЫ
Тақпақтар / Өлеңдер / Конституция күні (30 тамыз)
17 тамыз 2017
56
0

Құқықтық сана осыдан туындаған

Құқықтық сана осыдан туындаған


Азат ел құқығының асқарлары
Белгілі Ата Заңмен басталғаны.
Бұл күнде уақыт салған тарихы бар –
Қоғамда жұрт пікірі қошталғалы.

Жаңғыртты жадында әр кез мұны халық,
Әр бабын өз Заңының ұғып алып.
Жүр бүгін осы құжат аясында
Тынығып, еңбек етіп, білім алып.

Сан істі реттеуге ортаңдағы
Заңдылық салмағының артар мәні.
Сондықтан Ата Заңмен үйлесуге
Тиісті әрбір заңның әр тармағы.


Бостандық бодандықтан бүгін ұлға –
Азат ел тұрғанда асқақ тұғырында.
Орнығар заңның ғана үстемдігі –
Құқықтық мемлекет ұғымында.

Осындай жатады үлкен ұғымда мән,
Ол барда шындық жүзі бұрылмаған.
Келбеті заңдылықтың жатар сонда,
Құқықтық сана осыдан туындаған.

Ел мен ел тек біліммен теңелетін,
Кез келді әлемге ұлт еленетін.
Ата Заң әр санада орнықтырар
Қоғамның шын құқықтық мәдениетін.

Бостан боп, еркіндікпен бағаландың,
Ықпалы қажетті әр кез санаға ардың.
Заң мен ар алшақ түспес екі ұғым,
Сыйлауы тиіс оны әр адамның.

Қоғамың құқықпенен өлшенгесін,
Заңға жат оны ештеңе еңсермесін.
Ата Заң биік болсын әр кезде де,
Фемида таразысы теңселмесін!


Авторы:
Ғабиден ҚОЖАХМЕТ,
Қызылорда қаласы

Мақаламен бөліс

Пікір беру
Пікіріңіз:
Полужирный Наклонный текст Подчёркнутый текст Зачёркнутый текст | Выравнивание по левому краю По центру Выравнивание по правому краю | Вставка смайликов Вставка ссылкиВставка защищённой ссылки Выбор цвета | Скрытый текст Вставка цитаты Преобразовать выбранный текст из транслитерации в кириллицу Вставка спойлера
Суреттегіні еңгізіңіз:*
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив