РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТАНЫМДЫҚ ПОРТАЛЫ
Құдалық / Туған күн
13 маусым 2016
1228
0

Құда, құдағи туған күнің құтты болсын!

Қадірменді тойшы қауым, ағайын!

Қадірлі….., Сізді адам өмірінің айтулы белесі 70 жасқа толуыңызбен шын жүректенқұттықтаймыз! Осы құтты болсынымызды айту үшін құдағиларыңыз екеуміз Астанадан арнайы келіп отырмыз. Сіздермен құда-жекжат болғалы жиырма жылдан асты. Осы уақыт ішінде үнемі сыйластықта, жақсы көңілмен бірге келе жатырмыз. Сіздер өз замандарыңызда елге, халыққа қызмет еткен, ұрпақ өсірген аға буынсыздар. Енді соның жемісін, бейнеттің зейнетін көрген деген осы. Бала-шаға өсіру, солардың қызығын көру – арманға жету, бақыт деген осы болар. Сіздердің өмірлеріңіз бізге үлкен өнеге. Сіздерге шын жүректен құрметімізді білдіреміз. Ұзақ жасаңыздар, бірге бола беріңіздер. Шөбере, шөпшек, немене, туажат көріңіздер.
Бұл әркімнің-ақ қызығар тойы. Елдің батасын алған жан Алланың рахметіне жолығар деген ұлағатты сөз бар. Көппен көргеннің арманы жоқ. Үлкені бар үйдің құты бар. Қазақ құдасын құдайдай сыйлап, қастерлеген. Біздің қадірменді құда-жекжатымыз ретінде Өзіңізді ортамыздың құты, ағайынның ырысы, бала-шағаның берекесі деп білеміз. Үлкені бар елдің қазынасы бар деп бекер айтылмаған. Сізге әрқашанда зор денсаулық, ұзақ жас, өмірдің, ұрпақтың қызығын көре беруді тілейміз. Көргендеріңіз той болсын.

Мақаламен бөліс

Пікір беру
Пікіріңіз:
Полужирный Наклонный текст Подчёркнутый текст Зачёркнутый текст | Выравнивание по левому краю По центру Выравнивание по правому краю | Вставка смайликов Вставка ссылкиВставка защищённой ссылки Выбор цвета | Скрытый текст Вставка цитаты Преобразовать выбранный текст из транслитерации в кириллицу Вставка спойлера
Суреттегіні еңгізіңіз:*
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив