РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТАНЫМДЫҚ ПОРТАЛЫ
ҰСТАЗДАРҒА / Өзін-өзі тану / Психология
5 ақпан 2017
431
0

«Психология әлемінде»

                                                              «Психология әлемінде»

Қатысушылар:оқушылар, мұғалімдер және ата-аналар

Ойыннын мақсаты: Топтық ішкі қарым - қатынасты дамыту, топтық іс - әрекетті қалыптастыру, басқа адамдардың көзқарасымен келісе білу. Сенімділікті, бірлікті арттыру, топты және әр қатысушыны сезіну.

Өткізу барысы: - Сәлеметсіздер ме, құрметті қатысушылар, қонақтар, бүгінгі өтетін психологиялық ойынға қош келдіңіздер! Бізде бүгін үш топ. Топтың атын құрады. Әділ-қазылар сайланады, әрбір дұрыс жауап үшін белгіленген ұпай беріледі. Ең көп ұпай жинаған топ жеңімпаз атанады.

     1. «Сәлемдесу» ойыны Қазір біз сіздермен ойын ойнаймыз, қимылды тез жасауларың керек. «Бастаймыз» деген белгі берілгенде, мен қалай амандасу керек екенін айтамын, сонда сендер бір-бірлеріңмен тез-тез амандасасыздар. Ендеше бастайық, көзбен амандасу, қолмен..., құлақпен..., тіземен..., маңдаймен..., арқамен, бас бармакпен.

2 - Жаттығу «Қырықаяқтың жүгіруі» Жаттығу барысы: Бой - бойымен бір қатарға тұру. Ең бірінші тұрған ойыншы сол қолын аяғының арасынан өткізеді. Артында тұрған қатысушы оның қолын оң қолымен ұстап, сол қолын аяғының арасынан өткізеді. Қалған қатысушылар да осылай жалғастырады. Міне, толық шынжыр пайда болды. Енді шынжыр бұзылмастай етіп, мұқиятты түрде бөлме ішінде шеңбер жасап қозғалады.

      І конкурс «Команданы таныстыру».

Жүргізуші: Сіздер өздеріңізді нағыз командамыз деп ойлайсыздар ма? Бірақ, олай емес. Сіздер нағыз команда боласыздар, егер команданың капитаны болса, команданың атауы болса және суреті болған жағдайда. Әділқазы алқалары команданың ауызбіршілігіне көңіл аударуларыңыз қажет. Жүргізуші: уақыт аяқталды. Енді сөз кезегі командаларға беріледі. Әр командаға таныстыру үшін 2 - 5 минут уақыт беріледі. Бұл конкурсқа қойылатын жоғары ұпай - 5. Таныстыру аяқталғаннан кейін сөз кезегі әділқазы алқасына беріледі.

      ІІ конкурс «Сергіту» Біз ойынды - жалғастырамыз. Біздің келесі конкурсымыз «Сергіту» деп аталады. Бұл конкурста команданың бірлігі бағаланады. тапсырма «Есептеу» Қазір мен бір сан айтамын, белгі берген кезде командадан сонша адам орнынан тұруы шарт. Орындарыңызға мен «Рахмет» дегеннен кейін ғана отырасыздар. Ендеше бастайық 3.., 5.., 1.., 2.. және тағы басқа. Жақсы көрсеткіш көрсеткен командаға 1 балл қойылады. Әділқазы алқаларының міндеті - командадағы орнынан тұрған адамдардың санына, яғни аталған санға сәйкес команда мүшелері орындарынан тұрды ма, соған көңіл бөлу қажет.

      ІІІ конкурс «Шығармашылық». Келесі конкурсымыз «Шығармашылық» деп аталады. Бұл конкурста команданың фантазиясы, шығармашылдығы, көрсететін жұмыстарының ерекшеліктері және әрине команданың бірлігі бағаланады. Мен сіздерге бір парақ берем ішінде бір элемент бар, ал сіздер оған қарап сурет салу керексіздер дұрыс қарап алыңыздар сосын неге ұқсайды соны саласыздар сіздің фантазияларыңыз бағаланады Тапсырма «Кім тез?» Қазір капитандарыныз дайын боп тұрыныздар, мен не айтам, ал сіздер оны залда біреуден сұрап аласыздар. Мысалы: бас киім, шарф, пальто немесе куртка, аяқ киім, сөмке. Енді бізге мода көрсетініздер осы киімдерді киіп. Психологиялық жаттығу Сіздер бір-бірден әртүрлі түсті тандайсыздар......... енді бірге тұрады көктер, қызылдар бір-бірін табады және сарылар қайдасыздар? Енді мінеки әр топқа жұмыс, бір ертегі бізге көрсетініздер уақыт беріледі Кім дайын? Енді командалар өз орындарыңызға отырыныздар

     Ойын: «Сөзден сөз құра» Барысы: Сіздерге бір сөз беріледі. Сол сөзден кім көп сөз шығарса, сол көп ұпай алады. Уақыт беріледі. Ал, енді үй жұмысына көшейік бізге енді өз өнерлерінізді көрсетініздер, би және ән айту, Енді, әр команда өздерінің бір - біріне деген сенімділіктерінің, бірліктерінің жоғары екенін және сол арқылы бақытты екендіктеріңізді көрсету үшін «Біз бір - бірімізге сенеміз!» атты ойын ойнаймыз. Жаттығу «Сыйлық» бәріміз шеңбер құрып тұрамыз, әр қатысушы өз есімін айтады да қасындағы кісіге сыйлығын сыйлайды. Сыйлаған сыйлықты жест, мимика, арқылы көрсету керек, ал сыйлық арнаған адам ол қандай сыйлық екенің табу және атау керек. Сосын рахмет айтады.

     Міне, біздің «Психологиялық әлемінде» конкурсымыз аяқталды. Сөз кезегі әділқазы алқасына беріледі. Әділқазы алқасы конкурстың қорытындысын және бүгінгі конкурс туралы өз ойларын айтып, мадақтамаларды тапсырады және команданың кейбір мүшелеріне медаль тапсырылады. - Нағыз көңілді қатысушы; - Нағыз салмақты қатысушы; - Сен біздің тірегімізсің. Әділқазы алқасы сондай - ақ жанкүйерлерді де мадақтайды. - Нағыз белсенді жанкүйер - Нағыз шулағыш жанкүйер - Әділдік үшін күресуші. Міне, құрметті ата-аналар ұстаздар, оқушылар, біздің бүгінгі Психологиялық ойынымыз аяқталды. Конкурсқа қатысып, белсенділік көрсеткендеріңізге көп - көп рахмет. Соңғы рет айтайық бәріміз: «Біз біргеміз, сондықтан біз бақыттымыз!»

Назарларыңызға рахмет !

Мақаламен бөліс

Пікір беру
Пікіріңіз:
Полужирный Наклонный текст Подчёркнутый текст Зачёркнутый текст | Выравнивание по левому краю По центру Выравнивание по правому краю | Вставка смайликов Вставка ссылкиВставка защищённой ссылки Выбор цвета | Скрытый текст Вставка цитаты Преобразовать выбранный текст из транслитерации в кириллицу Вставка спойлера
Суреттегіні еңгізіңіз:*
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив